Өлең, жыр, ақындар

Атай. Әнуарбек Дүйсенбиев

Батыс Қазақстан облысы 

Сырым ауданы Қ.Мырзалиев атындағы орта 

мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Сембиева Жанат Жумагалиевна

                                          

Сабақтың тақырыбы: Атай. Әнуарбек Дүйсенбиев

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Белгілі балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиев туралы түсініктер қалыптастыру. «Атай» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу, түсіндіру.
2. Дамытушылығы: Оқушыларға атай бойындағы адамгершілік қасиеттерді түсіндіре отырып, кішіпейілдікті, үлкенді сыйлауды білу. Оқушылардың ой - өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын арттыру.
3. Тәрбиелілігі: Табиғатты аялауға, үлкенді сыйлауға, еңбекқорлыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі: ой қозғау, түсіндіру, сұрақ – жауап СТО технологиясының әдістері.
Көрнекілігі: 
көктем туралы мазмұнды суреттер Ә.Дүйсенбиевтің суреті тақырыпқа байланысты суреттер.
Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық
                  Мейірімді жүрекпен

                  Ақ пейілді тілекпен

                  Амандасып алайық

                  Бір жадырап қалайық

Қазақ халқы өте қонақжай халық. Келген қонаққа төрден орын беріп бар дәмді тағамды алдарына тосып құрмет көрсеткен. Бүгін біздің  сыныбымызға келген ұстаздарға өз білімдерімізді көрсетейік.

II. Өткен тақырыпты еске түсіру. Үй тапсырмасын ойын арқылы пысықтау

Кел балалар ойнайық

Ойнайық та ойлайық

Қандай сұрақ болса да

Таппай оны қоймайық

 

- Кәзір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?

- Қыс мезгілінің қай айы ?

Балалар ақпран айының соңғы күндері жауған ақша қарлар біздің білімізді пысықтай түсуде. Ендеше «Ұлпа қарлар» ойыны арқылы  білімімізді пысықтайық.

Сергіту сәті

Әр топқа сұрақтар таратылады. Сұрақ-жауап.

Өте жақсы балалар өткен сабақты өте жақсы меңгерген екенсіңдер.

Ойын «Сиқырлы қобдиша»

Мақсаты Қобдишада түрлі түсті нөмірленген асықтардың тапсырмасы бар. Сол тапсырманы орындау арқылы біз алдымыздағы  төсбелгіні тағуымыз керек. Ендеше дайынбызба?

Көктем жайлы не блесің?

Қандай өлеңдер жаттадың?

Көктем айларын ата?

Көктемдегі ұшып келетін құстарды ата.

Көктемдегі ең алғашқы гүл қалай аталады?

Көктем айындағы мерекелерді ата?

Жұмбақтар шешу

Гүл гүл жайнап жер аспан

Гүрілдейді сайда өзен

Гүлжазира жарасқан

Гүлдерімен қай кезең?     (Көктем)

 

Қырға қызыл кілем жайылды?  (Қызғалдақ)

Қос қанатын иіп ап 

Жарға келіп қонады

Қара киім киіп ап

Балшықтан үй соғады.     (Қарылғаш)

- Өте жақсы балалар, жарайсыңдар барлық сұраққа дұрыс жауап бердіңіздер ендеше барлығымыз алдымыздағы төсбелгіні тағып алайық

Жаңа сабақ

Балалар біздің бүгінгі сабағымыз көктем мезгілімен байланысты. Белгілі балалар жазушысы балалар ақыны Әнуарбек  Дүйсенбиевтің  «Атай» өлеңімен танысамыз

«Атай» деген сөзді естігенде ойларына не түседі?
- Балалар Әнуарбек Дүйсенбиев туралы не білесіңдер?

- Сіздерге автор туралы қысқаша мәлімет тапсырылған болатын

- Біз өткен сыныпта бұл кісінің қандай өлеңдерімен танысып едік?

Дәптермен жұмыс.

Дәптерімізді ашайық

Салақтықтан қашайық

Қолға қалам алайық 

Әдемі етіп жазайық

Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

Жаңа сабаққа даярлық.

Жаңа сабақ мазмұны: Автор туралы түсінік 

Оқулықпен жұмыс: Өлеңді оқу. «Атай»

1. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу.

2. Әр шумақты кезектесіп, жалғастырып оқу.

3. Әр шумақтың түйінін табу.

4. Ақынның көңіл күйі?

5. Өлеңнің соңғы жолдарынан автордың қандай ой-пікірін аңғаруға болады?

          «Атай»
Көктем келді далаға,
Көктем келді көшеге.
Атамыз бар аулада,
Білесің бе нешеде?
Қоссаң біздің жасымыз,
Жетпейді оның ж
асына.
Бір қосылса басымыз,
Кете алмаймыз қасынан.
Қолдан шотын тастаса,
Тозған кітап түптейді.
Кейде әңгіме бастаса,
Кешке дейін бітпейді.
Бірде бағбан, бірде ұста,
Атай көңілі жатыр кең...
Бірге болған ұрыста
Амангелді батырмен
.
 

Түсінгендерін тексеру

1. Ақынның көңіл күйі?

2. Өлеңнің соңғы жолдарынан автордың қандай ой-пікірін аңғаруға болады?

3. Өлең кім туралы ?

4. Жылдың қай мезгіліне арналған?

5. Атаның жасы нешеде болу мүмкін?

6. Осы өлеңде таныс емес сөздер барма?

Сергіту сәті:

Суретпен жұмыс.
Сөздік жұмыс.
Шотын – кетпен – еңбек құралы

Тозған - ескі

Ұста - шебер адам

Бағбан - бау-бақша күтуші.
 

Шығармашылық жұмыс.  5 мин

І – қатарға - Көктем мезгілінің ерекшелігі
ІІ - қатарға - Ата сөзін топтау
ІІІ - қатар - Бір шумақ өлең. Ата туралы

IV-қатар - көктемгі еңбек түрлері
 

Сабақты бекіту. 

Бүгін не жайлы өттік?

Өлеңнің қай тұсы немесе қай шумағы саған ерекше әсер етті?
«Күн шұғыласы» ойын.

 Үйге  тапсырма: Өлеңді түсініп оқу, жаттау. «Менің атам» тақырыбына әңгіме құрау.

Балалар бүгінгі сабаққа өте жақсы  қатыстыңыздар алдағы уақытта да осылай білімдеріңізді шыңдай беріңіздер

Қ.Мырзалиевтің  «Көктем» өлеңімен сабағымызды аяқтаймыз


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз