Тіл - ұлттық келбет
(«Алтын қақпа» зияткерлік ойыны)
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Примкулова Гулзат
Қатысатын сыныптар: 5,6,7
Тақырыбы: Тіл –ұлттық келбет («Алтын қақпа» зияткерлік ойыны)
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Примкулова Гульзат
Қатысушылар: 5,6,7 сыныптар
Тіл – рухани күре тамыр, тілден үлкен ана жоқ,
Тіл шегінсе, ұлт мүлде жоқ әрі ұлттық сана жоқ.
Өз анасын шетке тебу рухсызға бақ па екен,
Бұл ғасырлық зұлымдықты қай қу ойлап тапты екен?
Мұғалім: - Құрметті тіл жанашырлары, бүгінгі «Тіл-ұлттық келбет» атты «Алтын қақпа» зияткерлік ойынына қош келдіңіздер!
Мұғалім:- Туған тіл – ақыл ой дамуының негізі және барша білімдердің қазынасы.Қазақ тілі – аса бай, икемді тіл. Қалай илесең, солай иіле береді. Халықтың тіліне, жырына құлақ салсаң, небір алуа-шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады?Олай болса, ойынымызды жалғастырайық.
1.Қатысушылар екі топқа бөлінеді, нөмірленеді. (І топ – 3 оқушы, ІІ топ – 3 оқушы)
2.Ойыншыларға жалпы сұрақ қойылады, оны тапқан ойыншы ортаға шығып қақпадағы құлыпты ашады. Сол ойыншы тас қақпаның №1,№2,№3 сұрағының біреуін таңдайды.Сұрақтың жауабын тапса, тас қақпа ашылады.
3.Күміс қақпа құлпының сұрағы қойылады. Сұрақтың жауабын тапса, күміс қақпаның №1,№2,№3 сұрағының біреуін таңдайды. Сұрақтың жауабын тапса, күміс қақпа ашылады.
4.Алтын қақпа құлпының сұрағы қойылады. Сұрақтың жауабын тапса, алтын қақпаның №1,№2,№3 сұрағының біреуін таңдайды. Сұрақтың жауабын тапса, алтын қақпа ашылады.
5.Алтын қақпаның ішіндегі сандықтың сұрағына жауап бере алса, тиісті сыйлығын алады.
Ескерту. 1.Әрбір қақпаның өзіне тиісті сыйлығы болады.
2.Ойынды әрі қарай жалғастырмаймын деген ойыншы өзіне тиісті қақпаның сыйлығын алуына болады.
3.Әрбір қақпаның сұрағы күрделене түседі. «Алтын қақпадағы» сандықтың ішіндегі сұрақ ең қиын сұрақ болып табылады және ең бағалы сыйлық та сол.
Ескерту: Көрермендерге жалпы сұрақтар қойылады, сол сұрақтарға жауап берген көрермен оқушылар ойынға қатыса алады. (6 оқушы)
Жалпы сұрақ:
1. Оқу жылының төрт тоқсанында беспен оқыған оқушы жылдық қорытындыда қанша деген бағамен шығады? (үздік)
2.Бір жылда қанша мезгіл бар? (4)
3.Эвфемизімі бар сөздерді тап ( ұрлық ұрланды Қолды болды )
4.Әкенің әкесі сендерге кім болады? (ата)
5.Антоним сөздерді тап (Сулы - сусыз Сулы – сулы емес Сулы – құрғақ)
6.Тілде жаңа ұғымды білдіретін сөздер ( Кірме сөздер Жаңа сөздер Тіркес сөздер )
Сұрақтар:
1.Құлыптың сұрағы: Бөлек жазылса металл мен өткен шақтық есімше, ал бірге жазылғанда кен өндіретін қала (Жез - қазған)
2.Тас қақпаның сұрағы.
№1. Үш қуатты ата (тіл, ақыл, жүрек)
№2. Мақалды жалғастыр: Тіл – адам ойының ... (айнасы)
№3. Батаның түрлерін ата. Бір батаны жатқа айт (дастархан батасы, алғыс батасы, жаңа айдың батасы, наурыз батасы, жас талапкерге бата т.б.)
1.Құлыптың сұрағы: Бөлек жазылса, сын есім мен географиялық термин, ал бірге жазылса республикамыздағы бір қала (Ақ - төбе)
2.Күміс қақпаның сұрағы.
№1. Үш тақ санды есімді тіркес (Бес қару, жеті қазына, қырық уәзір)
№2. Ұлт тәрбиесі дегеніміз не? (діл-рух, тіл, салт-дәстүр, тарих)
№3. Төрт ананы ата (туған жер, туған тіл, салт-дәстүр, туған тарих) М.Шаханов
1.Құлыптың сұрағы: Жұмбақ жасыру
Бірінші буыны – жіңішке, езулік,
Екінші буыны – есімдік.
Тұтасынан алғанда
Ол ағаш тым биік. (Е - мен)
2.Алтын қақпаның сұрағы.
№1. Үш фразеологиялық (тұрақты) тіркестер айт (ала жібін аттамау, табан астынан, тісін батыру)
№2. Он сегіз мың ғаламды жаратушы, оның әміршісі (Алла)
№3. Қ.Р.Қазақ тілі мемлекеттік Тіл дәрежесін қай күні мерекелеп атап өтеді? (22 қыркүйек)
Сандықтың сұрағы: Аманат. «Тіл – ата-баба аманаты» дегенді қалай түсінесің? (Аманат түбірі «аман» деген сөзден шыққан, яғни «аман сақтап жеткіз» деген ұғымды білдіреді, «аманатқа қиянат жасалмайды», жасалған күнде өте ауыр күнә болып есептеледі)
Мұғалім: - Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза, ең бай тілге жатады. Қазақтар – шешен әрі әдемі сөйлеудің шебері. Асыл қазынамызға айналған қазақ тілінің құндылығын артқыза берейік, оқушылар!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі