Өлең, жыр, ақындар

Санның бөлігін табу. Бөлігі бойынша санды табу

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы

Сарыкемер ауылы, Сарыкемер орта мектебінің

Математика пәні мұғалімі: Ишанкулова Кулипа Давировна

 

Күні: 10.02.2016 ж            Математика

Сабақтың тақырыбы: Санның бөлігін табу. Бөлігі бойынша санды табу

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділігі: Жай бөлшектерді, аралас сандарды қосу, азайтудан алған білімдерін жүйелеу, тиянақтау, толықтыру, санның бөлігін табу ережесін үйрету.
  2. Дамытушылығы: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, берілген тапсырманы тиянақты орындау, жай бөлшекті жазу калиграфиясын таза, көркем жазу дағдыларын дамыту;
  3. Тәрбиелілігі: Оқушыларды Абайдың өлеңдерін сыйлауға, құрметтеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: парақшалар, интерактивті тақта, Абайдың суреті, ДК.

Сабақтың типі: Білім мен дағдысын қалыптастыру

Сабақтың түрі: іздендіру сабағы

Пәнаралық байланыс. Қазақ тілі мен әдебиеті, өмірмен байланыс

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Сабактың мазмұны

Сабақтың әдіс - тәсілдері

I

Ұйымдастыру бөлімі

1 мин

 

Сәлемдесу

II

Үй тапсырмасын тексеру

 

 

 

 

4 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

2 мин

Үй тапсырмасын тексеру  үшін соған ұқсас математикалық диктант жазамыз.

Математикалық диктант жауабы:

Бағалау шкаласы: «5»-5

                             «4»-4

                             «3»-3                                

                             «2,1»-2

Математикалық диктант,

бғалау шкаласы

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі

 

 

1 мин

- Балалар сіздер әдебиет пәнінен қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың шығармаларымен таныссыздар. Ендеше «Ғылым таппай, мақтанба» өлеңінде қандай  бес асыл қасиеттер туралы айтады. Есімізге түсірейікші. (Оқушы жауаптары)

  - Өте жақсы балалар ендеше бүгінгі сабағымызда Абай атамыздың осы өлеңімен байланысты болмақ.

Ой қозғау

IV

«Талап» кезеңі

5 мин

Сабақ барысында әрбір кезеңге атау беріп, соңында алғашқы асыл қасиет жазылған сөзді аламыз. Ең бірінші кезеңіміз «ТАЛАП» деп аталады, бұл кезеңде сендерге бұрыннан таныс жай бөлшектер, олардың қасиеттерін білу және еске түсіру талап етіледі.

Т

А

Л

А

П

 
1. Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай  қосылады? Мысал келтіріңдер.

2. Бөлімдері әр түрлі бөлшектер қалай қосылады? Мысал келтіріңдер.

3. Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай азайтылады? Мысал келтіріңдер.

4. Бөлімдері әр түрлі бөлшектер қалай азайтылады? Мысал келтіріңдер.

5. Аралас сан бұрыс бөлшек түрінде қалай жазылады? Мысал келтіріңдер.

Осы сөзге байланысты оқушылардан мақал сұрау мыс: «Талаптыға нұр жауар»

Сұрақ - жауап

V. Жаңа сабақты түсіндіру.

 

 «Еңбек» кезеңі

10 мин

Келесі кезең «ЕҢБЕК» де аталады, “Әлемнің әміршісі – еңбек. Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек» депН.Ә. Назарбаев атамыз айтпақшы бұл бөлімде еңбектену арқылы жаңа сабақты игереміз.

Е

Ң

Б

Е

К

 
Жаңа сабақты бастамас бізге бұрыннан белгілі білімдерімізді еске түсіруден бастасақ.
  1. Есеп шығару.
  1.  

Сары жұмыртқа  барлық  жұмыртқаның  қандай  бөлігін құрайды?     Үштен бір

b. Тортты  тең  8 бөлікке  бөлдік. Түскі аста 3 бөлігін жедік. Торттың  қандай бөлігі желінді? Қайсысы  үлкен?  Бүтін торт па  әлде  торттың бөлігі ме?

2. Білесің бе? (Мақал мәтел) Оқушылардан «Еңбек» сөзіне байланысты мақал сұрау. Мыс: «Еңбек – түбі береке»

  c. Есеп: Математика кабинетінің еденінің ауданы 36 м2. Еденнің -інде парталар орналасқан. Парталар орналасқан еденнің ауданын табыңыз.

 

 

 

Анықтама: Санның бөлігін табу үшін санды осы бөлшекке көбейту керек.

Қызықты суреттермен берілген есептер, мысалдар, тірек сызбалар

VI

Есептер шығару «Терең ой» кезеңі.

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 мин

Бұл кезең «ТЕРЕҢ ОЙ». Бұл кезеңде терең ойлану арқылы есептер шығару дағдыларынды қалыптастырамыз.

  1. Оқулықпен жұмыс: № 813, 814, 815 есептерді орындайды.
  2. Өздік жұмыс. (кеспе парақшалар таратылады)

Мақал: «Жол жетпеген жерге, ой жетеді»

КЕСПЕ

Есептің кестедегі жауаптарымен бір бағанға оның тұсындағы әріптерді қойыңдар. Сонда сендер қазақтың ұлы математигінің атын оқи аласыздар.

  1. Шығармашылық жұмыс: «Дарын» дегеніміз кім? Дарын деп алғыр, білімді адамды айтамыз. Ендеше сыныбымыздың  «Дарынды дарабозды анықтайық»

  Амалды орында:

Оқулықтан тақтада есептер шығару, кеспе парақшалар, өзіндік жұмыстар

VII. Пысықтау бөлімі.

 

 «Қанағат» кезеңі

5 мин

Келесі кезеңіміз «ҚАНАҒАТ» деп аталады. Бұл кезеңде жұптық тапсырма тестпен жұмыстанамыз.

Тестпен жұмыс:

Өзін өзі тексеру.

Г

Б

Г

А

В

А

В

Қ

А

Н

А

Ғ

А

Т

 

           Мыс: «Қанағат – қарын тойғызар»

Жұптық жұмыс, тест тапсырмасы

VIII. Бекіту бөлімі.

 

 «Рақым» кезеңі

2 мин

 Келесі кезең «РАҚЫМ» деп алдым. Бұл кезеңде алған білімдерімізді қорытып, бекітеміз.

Мазмұнды есепер,

логикалық тапсырмалар

IX

Үй тапсырмасын беру.

1 мин

Үйге тапсырма: №816, 817, 818, 819,  820 (жұптары)

Түсіндіру.

X

Қорытындылау. Бағалау.

2 мин

Бүгін қандай тақырыппен таныстық, не білдік? Сонымен оқушылар сабақ ұнадыма, ұнаса несімен ұнады? Атамыздың бес асыл ісін математика сабағында да қайталадық. Абай атамыз «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» деген екен. Олай болса, бізде бір бірімізден осындай нәрселермен озатын болайық.

Оқушыламен әңгімелесу,  Мұғалім сөзі

 


Пікірлер (4)

жанка

күшті

Жадыра

Өте жақсы жазылған

Қанат

Теңдеуді шешу

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз