Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы,
Гагарин орта мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Примкулова Ажар Секенқызы
Күні: 14.10.2015ж
Пәні: Қазақ тілі
Сынып: 5 «б»
Сабақтың тақырыбы: Антоним
Сабақтың мақсаты: Антонимдер туралы түсініктерін толықтыра отырып, оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдете түсу. Антоним сөздерді ажырата білуге, сөйлем ішінен тез таба білуге үйрету.
Сабақтың міндеттері:
1. Антоним сөздерді меңгеріп, мысал келтіре алады.
2. Ойларын еркін жеткізуге,шығармашылығын арттыруға дағдыландыру.
3. Алғырлыққа,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: болжау, карта толтыру, терме диктант, тыңдай білу, бірін-бірі үйрету.
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:
1. Құралдар: интерактивті тақта, компьютер, терме, семантикалық карта, суреттер.
2. Көрнекіліктер: мәтіндік тапсырмалар, жұмбақ, мақал-мәтел
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Күтілетін нәтиже: Антоним сөздерді меңгереді, өз ойын айтып дәлелдейді, салыстырады, ізденеді.
Сабақ барысы:
Уақыты |
Жұмыс түрлері: |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әркекеті |
|
2 мин |
І Ұйымдастыру кезеңі: 1.Топқа бөлу 2.Бағалау критерийлері 9-10 бал - «5» 7-8 бал - «4» 5-6 бал - «3» |
Қима қағаздар арқылы топқа бөлінеді. |
2 топқа бөлінеді.
Жеке жұмыс тапсырмаларында критерийге байланысты бағалап отырады. |
|
|
|
|||
8 мин |
ІІ Терме тыңдату. Сұрақ-жауап
|
Термеден синоним болатын сөздерді тапқызу, терменің мағынасы арқылы қарама- қарсы сөздерге назар аударту |
Терме арқылы тыңдай біледі, синоним болатын сөздерді табады, жаңа сабаққа бағыт алады. |
|
25 мин
|
ІІІ Жаңа сабақ
«Терме мазмұны арқылы болжау» әдісі |
Болжам арқылы мағынасы бір- біріне қарсы сөздерді тауып тақырыпты ашу. Термеде не жайлы айтылған? Біздің сабағымызға қандай қатысы бар? Мағынасы қарама-қарсы сөздер беру арқылы жаңа тақырыпты аштыру. Ережені шығаруға итермелеу. |
Термені тыңдап мағынасын түсінеді және ажыратады, жауап береді. Бүгінгі сабақпен байланыстырады. Берілген сөздерді пайдалана отырып ереже шығарады.Бір- біріне түсіндіреді.Түртіп алу әдісі арқылы қысқаша ережені дәптерге жазып алады. |
|
|
Суретпен жұмыс
Оқулықпен жұмыс
Терме диктант
Семантикалық карта |
Мағыналары бір- біріне қарсы суреттер арқылы антоним сөздердің әр түрлі мағынада жасалатынын айтып өту.
Жаттығудан мағынасы бір-біріне қарама- қарсы сөздерді тапқызу.
Әр түрлі мағынада жасалған бірнеше антонимдердің ішінен зат есімнен ғана жасалғандарын теріп жаздыру. |
«Ой шақыру» көрнекілігі арқылы түрлерін ажыратады, сөз таптарымен байланыстырады.
Жаттығу орындайды. ерекшелігін анықтайды. Дәптерлеріне жазып, ойларын дәлелдейді, қорғайды. Әр топтан бір оқушы оқиды. Мағыналарын түсінеді, түрлерін ажырата біледі, зат есімді еске түсіреді, берілген критерий арқылы өздерін бағалайды.
Антоним сөздердің түрлерін ажыратып белгілейді, берілген критерий арқылы өздерін өзі бағалайды |
|
5 мин |
|
|||
ІV Сабақты бекіту.
Жұмбақ шешу арқылы |
Жұмбақты ребус жолымен табу арқылы ойланту, ізденту, синоним, антонимдерді ажырату білгендерін пысықтау.
|
Оқушылар сөздердің синонимдері, антонимдерін табу арқылы жұмбақтың мәтінін табады сосын шешуге ойланады. Сөздердің өзіне тән ерекшеліктерін анықтайды. Өткен тақырыпты еске түсіреді, байланыстырады. |
||
1 мин. |
|
Жинаған ұпайларына қарай бағаланады |
Баға қойғызады |
|
3 мин |
|
Оқушыларға стикерлер таратады. |
Оқушылар стикерлерге өз көзқарастарын жазып іледі. |
|
1 мин |
VІ Үй тапсырмасын беру. |
Тапсырманы шарты бойынша түсіндіру. |
Күнделіктеріне түртіп жазып алады. |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі