Өлең, жыр, ақындар

Т. Әбдіков «Қонақтар» әңгімесінің сюжеті мен композициялық құрылымы

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы

Сарыкемер ауылы, Сарыкемер орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Ақшаева Бибігүл Көшербайқызы

 

Сынып: 8 «Ә»

2014 жыл

Күні: 22.05.14                                                                                                                                

Пәні: Қазақ әдебиеті                                                                                                                            

Сынып: 8

Сабақтың тақырыбы: Т.Әбдіков «Қонақтар» әңгімесінің сюжеті мен композициялық құрылымы                                                   

Сабақтың мақсаты: Қонақтар әңгімесіне әдеби талдау жасау, тақырыбын, идеялық – көркемдік мазмұнын ашу, оқушылардың білімдерін қазіргі заман үлгілерінен мысал келтіре отырып жүйеге келтіру.
Сабақың міндеттері: 1.Оқушылардың ойларын анық, дәл жеткізе білуге дағдыландырып, өз пікірін ашық айта білуге, шығарманы өмірмен байланыстыра отырып дүниетанымын кеңейту, өзіндік ой қорытындысын жасай білу пікірі қалыптасады.
 2. Өз бетімен жұмыс істеу дағдысы қалыптасып, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ойлау қабілетінің дамуына, тіл байлығының артуына, өз ойын ашық айтуға, көзқарасын дәлелдеп шығуға ықпал ету. 
3. Топта өз ойларын қорғап, қазақ халқының бойындағы адамгершілік, бауырмалдық қасиеттерді бағалай білу, үлкенді, ата - ананы сыйлауға, ата - ана алдындағы перзенттік борышты ақтауға тәрбиеленеді.
Оқыту технологиясы: ұжымдық оқыту.                              

Сабақтың түрі: Білімді тиянақтау, қорытындылау сабағы                                                           

Сабақтың әдісі: «Сұрақты тосып ал», «Венн диаграммасы», «Академиялық дау-дамай», «Ойлаудың алты қалпағы», «Егер автор болсам...»
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:                                                                

1. Құралдар:  А1 форматты қағаз, интерактивті тақта, компьютер.                              

2. Көрнекіліктер: Слайд көрсетілімдері, суреттер, ақын портреті, жетондар.                     

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі                                                                                 

Сабақта қолданылған модульдер - Жаңа тәсіл (топтық, диалог баяндау)
- Сыни тұрғыдан ойлау (ой қозғау, қызығушылықты ояту сұрақтары)
- Критерийалды бағалау, Форматифті бағалау (мадақтау, қолпаштау)
- АКТ (слайд, ақпараттың интернеттен алынуы)
- Дарынды және талантты балалармен жұмыс (шығармашылық тапсырма, ой толғау)
- Білім берудегі көшбасшылық (оқытуда өзгеріс енгізу)
Күтілетін нәтиже:

1. Шығарма идеясын анықтайды.

2. Қорытынды пікір қалыптастырып бүгінгі күнмен байланысын қарастырады, жаңа идея ұсынады.

3.Кейіпкер іс-әрекетіне баға береді.                                                                                       

Сабақ барысы:                                                                                                                                                  

Блум таксаномиясын қолдану.

Кезең /уақыт

Сабақ бөлімдері /әдіс-тәсілдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 

2 мин. 

І Ұйымдастыру кезеңі

1. (Сынып ахуалын қалыптастыру)

2.Бағалау критерийлерімен таныстыру, бағалау парақтарын тарату.

Топ мүшелеріне бір-бірлеріне сағат тілінің бағыты бойынша тілектер айтуларын сұрайды.

 

Шеңберде тұрған оқушылар бір-бірлерін қайталамай тілектер білдіреді. Мысалы: Белсенділік, табандылық, сабырлылық

 

Біліу

 

8 мин.

 ІІ Үй тапсырмасы

I тапсырма
 

1. «Сұрақты тосып ал» әдісі

 

 

 

 

I тапсырма

Топтық жұмыс

2. Шығармашы-лық жұмыс 

 

 

 Топтасу                                   3. Адасқан әріптерден мазайка құрастыру  бойынша топтастыру

 Балалар, өткен сабақта біз сендермен белгілі жазушы Төлен Әбдіковтің өмірімен, «Қонақтар» әңгімесімен таныстық. Кәне, балалар, «Сұрақты тосып ал» әдісі бойынша дайындап келген сұрақтарың болса топ мүшелеріне қоюларыңа болады.                                                       

                                                             2. Әр топ мүшелеріне  берілген үзінділері бойынша салған суреттерін қорғауды сұрайды.

3. Әр топ мүшелерінен  құрастырған сөздердің шығармамен байланысытыра отырып пікірлерін білдірді сұрайды.

-Автордың “Қонақтар” әңгімесін жазуға себеп болған жағдайлар
Әңгіменің “Қонақтар” деп аталуы нені меңзейді?

1. Дайындап келген сұрақтары ақылы бір- бірлеріне сұрақ қойып жауап алады. Мысалы: І топ Т. Әбдіков кім?      

  ІІ топ жауабы: Жазушы, драматург, аудармашы, хатшы,
Редактор, сектор меңгерушісі, еуропалық алтын медаль иегері, мемлекеттік сыйлық иегері

Топтық жұмыс

2.Әр топ мүшелері әңгіме  желісі бойынша салған суреттерін тақтаға іліп, қорғайды.

3. Топтасу

І топ-қонақ , ІІ топ-қария, ІІІ топ-парыз, ІV-арман

Түсіну

5 мин.

ІІІ Бекіту  сабақ

Топтық тапсырма

Топ мүшелері тақтада берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды.

 

Критерий

балл

дескриптор

А.   Түсіну    

 І топ - Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу.  «Қонақтар»  әңгімесі арқылы жазушы оқырмандарға қандай ой тастады?

ІІ топ- Қарт неге ренжіді? Келіннің кигені неліктен ұнамады? Әлде қазақ келіні басқаша киінуі керек пе?    

ІІІ топ- Сатылай кешенді талдау. Кейіпкер портреті, мінездеме. Кейіпкерлері:
 ІV топ- Сатылай кешенді талдау. Жазушы тілі

Көркемдегіш құралдардарды атаңдар

3

Берілген тапсырмаға  нақты дәлелді жауап айтады.

2

Сұраққа жауап айтады, дәлел келтірмеген

1 

Айтылған жауап нақты емес 

Қолдану

 

8 мин.

2. Әңгіменің композициялық элементтері

В.  Қолдану

 Шығарманың композициялық құрылымын сатылай кешенді талдау.

1. Әңгіменің басталуы - Ерғабыл шал мен кемпірінің әңгімесі.
2. Дамуы - Ерекеңнің малын іздеуі, ішкі ойы.
3. Байланысуы - Қаладағы баласының келуі. Ауыл қонақтары
4. Шиеленісуі - Сапабек пен әкесі әңгімелерінің жараспауы. Ауыл әні.
5. Шарықтау шегі - Мазасы кеткен қарт
6. Шешімі - Соңғы үміті орындалмаған қария
7. Қорытынды - Құлазыған көңіл

Қосымша сұрақ.Автордың “Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар”, - деп нені  айтқысы келіп отыр? .Осы оқиғаға қандай мақал – мәтел лайық?

3

Композициялық құрылымын  жүйелі талдай алады . Қойылған сұраққа дәлелді жауап айтады.

2

Поэма құрылымын талдауда ауытқулар бар. Қойылған сұраққа дәлелді жауап айтады.

1

 Шығарма құрылымына толық талданбаған

 

Қойылған сұраққа дәлелді жауап айтпайды.

Талдау

10 мин.

 ІV Бекіту «Академиялық дау-дамай» Екі ұшты пікір тудырушы сұрақтар қою

С. Талдау. Жинақтау 

(Синтез)  жасау 

2.Әңгіменің негізгі кейіпкері Сапабектің іс - әрекеті, ата - анасына деген көзқарасы дұрыс па, әлде бұрыс па? Сол туралы пікір таластырамыз. Жақтаушы топ, даттаушы топқа бөлініп, 3 дәлелді пікір білдіреміз     

 

Топ мүшелерінің пікірін толықтырады.

4 

Өз пікіріне нақты 3 дәлелді пікір  келтіре алды. 

3 

Оқушы пікірі айтылды, бірақ оқушының  лексикалық қоры шектеулі 

2 

Айтылған пікіріне дәлел келтірмеді. 

1 

Айтылған пікірі тақырыптан ауытқып кетті.

Бағалау парағына жазылған әр даттаушы және жақтаушы топтар өз ойларын нақты 3 мысалдар арқылы  дәлелдеп, қорғайды

Жинақтау (Синтез)

5 мин.

2. Егер  мен автор болсам...

1. Авторлық шешіммен келісесің бе?

2. Жалғыз қалған қариялардың күйі не болмақ?

Жеке жұмыс

 Топ мүшелерінің  өзіндік ойлары тыңдалады.

Бағалау

5 мин.

V Қорытынды

1.«Ойлаудың алты қалпағы»әдісі

Сабақ барысына  оқушы көзқарасы

 Бұл шығармадан алған әсерлерін, ішкі сезімдерін  білдіру үшін «ойлаудың алты қалпағы» бойынша өз қорытынды ойларын білдіруді сұрайды.

Жеке  жұмыс

Топ мүшелері қалаған қалпақтарын алып, өздерінің эмоциялық көңіл-күйлерін, білдіреді, қарсы ой айтып, жаңа идея ұсынады, қорытынды жасайды.

 

VІ Үй тапсырмасы

Шығармашылық жұмыс

Шығармашылық тапсырма «Менің парызым» эссе жазу

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтарын қояды.

2 мин.

VІІ Баға қою

Бағалау шкаласы

“5”—10-9 балл

“4”-   8-7 балл

“3”—6-5 балл

“2”—4-0 балл

Алдын ала таратылған бағалау парағын толтыру
Кері байланыс. Тақтадағы смайлингке өз пікірлерін ілу. Белсенділіктеріне қарай бағалау критерийлері арқылы жинаған топ мүшелерінің ұпай санын айту үшін топ басшыға сөз береді. Баға қояды.

Топ басшы бағалау парағына критерий бойынша жинаған ұпайларын қояды. Әр топ мүшесін белсенділіктеріне қарай тиісті бағасын қояды.

Бағалау парағы

А Критерийі

 1.Берілген тапсырмаға  нақты өзіндік дәлелді жауап айту  (1 мин.)

________________________________________________________________________________В критерийі

 Поэманың композициялық элементтері (5 мин.)

 1. Әңгіменің басталуы --_______________________________________

 2. Әңгіменің байланысы --____________________

 3. Әңгіменің дамуы --___________________________________

 4. Әңгіменің шиеленісуі --_______________________________________                   

 5. Әңгіменің шарықтау шегі --_________________________________-

 6. Әңгіменің шешімі --_______

  С критерийі 

Талдау Жинақтау (Синтез жасау)                                                                                                                     Әңгіменің негізгі кейіпкері Сапабектің іс - әрекеті, ата - анасына деген көзқарасы дұрыс па, әлде бұрыс па? (Даттаушы топ/Жақтаушы топ )  1._________________________________________2.____________________________________3.____________________________________

   

 Бағалау:                                                                  

 А ______

 В _______

 С _______

 Барлығы:

 

Топ мүшелері

бағасы

1

 

 

2

 

 

3

 

 

4

 

 

5

 

 

   Бағасы:      

  Бағалау шкаласы                                 

 “5”—10-9 балл

 “4”-   8-7 балл

 “3”—6-5 балл

 “2”—4-0 бал

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз