Өлең, жыр, ақындар

Кітап біздің досымыз

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
№18 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Отарова Раушан Избасаровна

 

Сабақтың мақсаты:  

1. Кітаптың қалай,қайдан шығатыны туралы түсінік беру       
2. Халық ауыз әдебиетін насихаттап,оқушылардың  білімділік танымын өмірмен байланыстыра отырып дамыту.
3. Кітапты күтіп ұстауға, көркем әдебиетті оқуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Кітаптар көрмесі, кітап туралы қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, шарлар, гүлдер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Оқушылардың дайындығын тексеру

2. Негізгі бөлім

Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Кітап-шебер ұстаз, тілсіз мұғалім» деп тегін айтылмаған. Ендеше балалар бүгінгі «Кітап біздің досымыз» атты тәрбие сағатымыздың, сайысымыздың үлкен өзіндік мәні бар. Бәріміздің білімді, өнерлі болуға тәрбиелеп талай ғажайып істердің құпиясын ашуға көмектесетін құрал-кітап. Кітап біздің ең жақын ақылшымыз. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Отан, туған жер туралы әңгімелелерді оқып үйренеміз. Ал балалар айналамызға қарайықшы.                           

Бұл жердің өз атауы бар ол кітапхана. Кітапхана кітаптар қоры осы жерден біз өзімізге керектің барлығын аламыз. Мысалы ертегілер, әңгімелер, мақал-мәтелдер жинағы ақын-жазушылардың шығармаларын оқи аламыз. Кітапханананың өз тәртібімен ережелері бар. Кітап оқығанда қасыңдағы  досыңа кедергі жасамай оқу керек. Кітап қалай шығады?

Қағаздар Қытайда 2-ғасырда пайда болды. Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалған. Шын елінің өнертапқышы Би Шен әріптерді жасап шығарды.

Қазақ тарихындағы тұңғыш кітап 1841 жылы «Боз жігіт»  деген атпен Қазан қаласында басылып шықты. Кітап сөзі Араб тілінен аударғанда «жазба» деген мағынаны білдіреді.

Ал ендеше құрметті қонақтар бүгінгі сайысқа қатысатын 3 топты қарсы алайық.

1. Дарын тобы
2. Талап тобы
3  Білім тобы

Жоспар:
1 Таныстыру
2 «Кітап –рухани қазына
3 «Кітап-шебер ұстаз, тілсіз мұғалім»
4 «Артық ғылым кітапта»
5 «Білім кілті кітапта»
Қазылар алқасымен танысу
         Шын жүйректер сыналады жарыста
         Жарыстыңба орта жолда қалыспа
         Әділқазы бағалайды сіздерді
         Жеңіс мәре жақын ба,әлде алыспа ? дей келе әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық
Ендеше балалар сайысымызды бастаймыз.
1-кезең
Топтың аты және ұранымен таныстырады.
Бұл кезеңде ең жоғарғы ұпай 5 ұпай
2-кезең
«Кітап –рухани қазына» атты тақырыпта ақындардың өлеңдерінен үзінділер оқиды.
3-кезең
«Кітап-шебер ұстаз, тілсіз мұғалім» Оқушылар дайындаған көріністерді тамашалаймыз.
4-кезең
«Артық ғылым кітапта» аралас сұрақтар қойылады.
1-топқа
- Кітап неден жасалады?
- Әліппенің атасы кім?
- Азайып бара жатқан жануарлар,аңдар енген кітап қалай аталады?
- Тудың авторы кім?
- Алғашқы Ана тілі хрестоматиясын жазған кім?
Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан
2-топқа
- Қазақ даласына алғашқы мектеп ашқан кім?
- Кітап қандай мағынаны білдіреді?
- Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?
- Мектепте білім беретін адамм кім?
- Білімді неден аламыз?
3-топқа
- Білім күні қашан?
- Кел,балалар,оқылық! өлеңінің авторы кім?
- Айналадағы дүниені оқытатын пән қалай аталады?
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?
- Тұңғыш қазақ тіліндегі кітап қай жылы шықты?
5-кезең
«Білім кілті кітапта»
Мақалдың жалғасын табады.
1 Күш білімде............................................
2 Кітап ғажап дос..........................................................
3 Наданмен қас болғанша.............................................
4 Мектеп -білім бесігі.....................................................
5 Кітап –білім бұлағы....................................................
6 Кітап көзі жұмыққа арзан...........................................


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз