Байзақ ауданы Сарыкемер орта мектебі
«Мөлдір бұлақ» шағын орталығының
Тәрбиешісі: Байтелиева Меруерт Құттығұлқызы
Күні: 19.02.2016
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту, ағылшын.
Тақырыбы: Үй құстары- менің достарым.
Мақсаты: Үй құстарының тіршіліктері туралы түсініктерін кеңейту. Үй құстарының пайдасы туралы мағлұмат беру. Құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Қажетті көрнекі құралдар: Үй құстарының суреттері, жұмыртқа, үнтаспа, слайд.
Әдіс тәсілдері: практикалық, сұрақ–жауап, демонстрациялық.
Полингвалды компонент: Әтеш - петух - а соск, тауық - курица - a hen, балапан - цыпленок, қаз - гусь- a goose, балақаз - гусенок, үйрек - утка- a duck, үйрек балапаны - утенок, күркетауық - a turkey, күркетауық балапаны - индюшонок
Іс –әрекетінің Кезеңдері |
Педаготің іс – әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық |
Тәрбиеші: - Балалар, қолымыздан ұстап «Қуаныш шеңберін» құрып, бір-бірімізге жылуымызды білдірейік. Тиіспе, балапан, тауыққа, Тентектікті қойыңдар. Араздық жоқ араңда, Тату-тәтті болыңдар. Тәрбиеші: - Балалар, бір-біріміздің тату екенімізді білдірдік. Ендеше, қонақтармен амандасайық. Үлкенге де - сіз, Кішіге де – сіз. Баршаңызды құрметтеп, Бас иеміз біз. Hello, hello my teacher Hello, hello my friends To respect all of you We say worship for you! |
Балалар қолдарын ұстап шаттық шеңберін бірге айтады.
Барлығы қонақтарға қарап, іс-әрекетпен амандасады. |
Ұйымдастырушылық- iзденістік |
Балалар топқа бөлінеді. - Өте жақсы балалар, енді орнымызға отырайық. - Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қатынастың тіл дамыту бөлімінен үй құстары-менің достарым атты тақырыпта кеңінен түсіндіремін. Балалардың назарын слайдқа аудару. Мынау әтеш, тауық, балапан, жұмыртқа. Балапан жұмыртқадан пайда болады. Бұл тауық пен әтеш аулада мекендейді. Негізі тауықтың етінен дәмді тағамдар жасалады, мысалы: күйдірілген тауық еті. Қазы, аналығы, аталығы, балақазы. Қазылар көбінесе шалшық суларда мекендейді. Судың ішінен шөптер және балықпен қоректенеді. Қазының жұмыртқасы тауыққа қарағанда көлемі кішірек болады. Үйрек аталығы, аналығы, жұмыртқасы, балапаны. Үйректе қазы сияқты суда да ауладада мекендейді. Жем, шөппен қоректенеді. Күркетауық аталығы, аналығы, жұмыртқа, балапаны. Күркетауықтар аулада мекендеп, оларда жем, шөппен қоректенеді. Бойы ұзын, салмағы да ауыр болады. Ал, балалар осы үй құстарының ағылшынша нұсқасын атайық: Тауық- a hen Қаз-a goose Үйрек- a duck Күркетауық- a turkey 1-тапсырма: Үй құстарының жанұясын табу. Берілген суреттер бойынша суреттерді сәйкесінше тауып, жабыстырады. Дидактикалық ойын: Жасырын тұрған суреттерді тауып, ағылшынша аттарын айтады. 2-тапсырма: Үй құстарының мекендейтін орны мен қорегін айтуы керек. - Ал, балалар енді сергіту сәтін жасап алайық. Үй құстарының дауысын салу. Үнтаспадағы дауысты мұқият тыңдап, қайталап айтамыз. - Жарайсыңдар балалар. Топқа есікті тоқылдатып қонақ кіріп келеді. Қонақ балаларға сұрақ қояды. Әр бала жеке жеке үйшіктен құстардың суреттерін алады. Қонақ сұрақ қояды.
- Өте дұрыс, қандай ақылды балалар. Әр суреттер бойынша осындай сұрақтар қойылады. Қоштасып шығып кетеді. Балалардың орындауында «Шөжелерім» биі. |
- Қыс мезгілі - Қыста күн суық болады, табиғат ұйқыға кетеді. Қыста қар жауады. Адамдар ауа-райына сай жылы киімдер киеді.
Балалар құстардың аттарын бірнеше рет қайталайды.
Үй құстарының жанұясын табады.
Тауық- a hen Қаз-a goose Үйрек- a duck Күркетауық- a turkey
Балалар үнтаспадағы дауысты салып қайталайды.
Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.
|
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі