Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Бәйтерек ауылы
Әл-Фараби атындағы орта мектебінің
физика-математика пәнінің мұғалімі:
Омиралиева Назима Оксикбаевна
Лабораториялық сабақтарда шығармашылық есептерді шығару оқушылардан шығармашылық іс-әрекет жасауды талап етеді.
Дұрыс ұйымдастырылған лабораториялық сабақтар оқушылардың ой –белсенділігін арттырып, өз бетінше жауап іздеуге үйретеді.
Мұны нақты мысалмен түсіндірейік, «механикалық энергияның бір түрден екінші түрге өтуі» заңдылығын тексерелік.
Оқушылардың кинетикалық және потенциялдық энергиялардың өзара түрлену процесін зерделеген лабораториялық жұмыста мынандай тәжірибелерге сүйенулері керек.
1. Жіпке ілінген шардың тербелісі.
Бұл тәжірибеде оқушылардың назарын потенциялдық және кинетикалық энергияға айналу заңдылығына және ол заңдылық сонымен қатар шардың амплитудағы төменгі және жоғарғы нүктелердің арасында кинетикалық (дене қозғалып келеді), әрі потенциялдық (дене төменгі деңгейден әлі жоғарыда) энергия қалпында болуына байланысты болатын фактісіне аударту керек.
Схема немесе сурет бойынша түсіндіргенімізде мұғалім есептің шартын жазуда уақыт үнемдейді, неғұрлым көрнекті көрсетеді және тәртіптейді, материялды қайталағанда еске түсіруді оңайлатады.
2. Төмен түсетін жүктің әсерінен арбашаның қозғалуы.
Мұнда жоғары көтерілген гирдің потенциялдық энергиясы қозғалып бара жатқан арбаша мен гирдің кинетикалық энергиясына айналатын дәлелдейміз.
Пружинаға ілінген жүктің тербелісі.
Жүкті төмен тартып, онан кейін қоя берсек , оның вертикаль жазықтағы тербелмелі қозғалысын аламыз.
Бұл тәжірибеде потенциялдық энергияның кинетикалық немесе кере ғар жағдайда керісінше, энергияға айналу заңдылығы дәлелденіп көрсетіледі. Бірақ бұл жерде дененің потенциялдық және кинетикалық энергиясының біртіндеп азайып келе жатқаны байқалады. Оқушыларға мұның себебін ауа кедергісі үйкелісінен болатынын қысқаша түсіндіремін.
Тәжірибені мынадай есептермен қортындылауға болады:
Массасы 10 кг дене жоғарыдан құлап, 4 секундта жерге түсті,оның жолының ортаңғы нүктесіндегі кинетикалық энергиясы неге тең?
Қорытынды: эксперименттік есептерді шығару процесінде оқушыллардың бақылағыштық дағдысы дамытылады, физикалық прибормен жұмыс істеу дағдылары жетілдіріледі.
Тәжірибелер арнасы – сабақтың тиімділігін арттырудың жайы екеніне назар аудару керек . Барлық сабақтар осындай мыңдаған элементтерден құралатыны белгілі.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі