Өлең, жыр, ақындар

Деректер қорын басқару жүйесі – MS Access-ті іске қосу

Жаңаөзен политехникалық колледжі

Оқытушы: Суюндыкова Гулнар Муналбаевна

Жаңаөзен 2016 жыл

 

Сабақтың тақырыбы: Деректер қорын басқару жүйесі – MS Access-ті іске қосу

Сабақтың түрі: Практика-тәжірибе

Сабақты оқыту әдістері:

Интерактивті технологиялық әдістерді (аннимациялық слайдтар мен презентация жасау) лекция сабағында қолдану.

Мақсаты: Microsoft Access бағдарламасын іске қосу, баптау, деректер қорын ашу және оларды жаңадан құру.

Танымдылық: 

  • Microsoft Access бағдарламасын іске қосқаннан кейін жұмыс істеуді үйрену, жұмыс үстеліне орналастыру.

Дамытушылық:

  •  Оқушылардың Microsoft Access программасы мүмкіндіктерін пайдалану, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерлік сауаттылықтарын дамыту ;

Тәрбиелілік:

  •  Оқушыларды адмагершілікке,  имандылыққа, азаматтық пен жауапкершілікке тәрбиелеу және ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу.

Көрнекілігі:

  • электрондық оқулық, интерактивті тақта

Теориядан қысқаша түсініктеме:

Біз MS Access 2000-мен жұмысты бастаймыз. Егер Windows ортасында жұмыс істеген болсаңыз, онда меню, саймандар тақтасы, диалог терезесі ұғымдарымен таныс боларсыз. MS Access-ті іске қосу үшін бірнеше тәсілдерді қолдануға болады.

Жұмыстың орындалу әдістемесі:

MS Access-ті іске қосу үшін келесі тәсілдердің бірін қолдануға болады:

1. Access-ті  іске қосуды бастау үшін  Windows жүйесіндегі  Запуск  батырмасын қолданыңыз.   Access-ті  баптау аяқталған соң, қатты дискідегі С:\Windows\Start-menu\Programs  бумасына Access үшін іске қосу файлы құрылады. Бұл бумадағылар басты менюден шақырылатын Бағдарламалар бағыныңқы менюінің элементтері болып табылады, сонымен қатар онда Access-ті  іске қосу командасы көрінеді.  Запуск батырмасын басыңыз және MS Access шақыратын командасы бар Бағдарламалардың бағыныңқы менюінен ашыңыз. Бағдарламаны іске қосу үшін осы командалы батырманы басыңыз.

2. Екі рет басу арқылы іске қосу. Егер MS Access-ті бастау менюінен қолдану арқылы іске қосу қолайсыз болса, онда бағдарламаны жүктеу үшін екі рет басу тәсіліне көшіңіз. Windows Explorer бағдарламасын іске қосыңыз және MS Access орнатылған бумаға көшіңіз. MS Access.ехе  файлын табыңыз. Егер MS Access қай папкіде екені белгісіз болса, онда Windows жүйесіне осы файлды іздеуді қайта тапсыруға болады. Ол үшін басты менюде Поиск бағыныңқы менюін, оның ішінде Файлы или папки  командасын таңдаңыз. Ашылған Найти диалог терезесіндегі Имя мен орналастыру жапсырмасындағы Имя аралас өрісінде MS Access.ехе жазбасын енгізіңіз. Искать аралас өрісінде Менің компьютерім мәнін тауып, Найти батырмасын басыңыз. Файл табылған соң, іздеуді аяқтап, іске қосылатын файлды жұмыс столына орын ауыстырады. Орын ауыстыруды Windows автоматты түрде Access-ті іске қосу үшін таңбаша құрады. Бұл таңбаша Windows\Жұмыс столы бумасында да пайда болады.            

Сіз қандай тәсілді қолдансаңыз да, экранда Microsoft Access шақыру терезесі пайда болады. Бұл диалог терезесінде алдын ала құрылған деректер қорын ашуға немесе оларды жаңадан құруға арналған опциялар бар. Экранда деректер қоры терезесінен, меню жолынан, саймандар тақтасынан және қалып-күй жолынан тұратын MS Access басты терезесі шығады.

Үйге тапсырма.

Бағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер