Өлең, жыр, ақындар

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. 54-60 жаттығу

Қызылорда облысы

Жанақорған ауданы

Қыраш ауылы №180 Қызылмақташы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Маханбетова Эльмира

 

КҮНІ: 23.10.2015жыл

СЫНЫБЫ: 4

Тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. 54-60 ЖАТТЫҒУ.

Мақсаты: Оқушылардың бірыңғай мүше туралы білімдерін еске түсіру, пысықтау, бекіту, сөйлем мүшелеріне талдай білу дағдыларын қалыптастыру. Адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін, ауызша сөйлеу тілін дамыту.  

Түрі: дәстүрлі

Әдісі: топпен, жұппен, жеке жұмыстар, ыстық орындық әдісі

Көрнекілігі: топтама, карточкалар

 

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылырдың назарын сабаққа аудару.

Оқу құралдарын дайындау.

2. Қызығушылығын ояту.

Психологиялық дайындық.

Бір, екі, үш

Сынып іші тып-тыныш

Білімге біз тастаймыз,

Жаңа сабақ бастаймыз

Үй тапсырмасын сұрау, өткен тақырыптарға шолу жасау.

3 топқа сұрақтар жазылған конверт тарқатылады.

1-топ. Сөйлемнің бірыңғай мүшесі дегеніміз не? мысал келтір.

2-топ. Жұмбақ шешу.

3-топ. «Тау» сөзін қатыстырып бірыңғай мүшелері бар сөйлемдер құрау.

Топ мүшелерінің әрқайсысы 1,2 сөйлемнен құрап ауызша айтып шығады.

3.Мағынаны тану.

Оқулықпен жұмыс.

3топ үш жаттығудағы тапсырмалар бойынша топпен жұмыс жасайды.

1-топ. 54-жаттығу.

2-топ. 55-жаттығу.

3-топ. 56-жаттығу.

Осы жаттығулардағы тапсырмалар бойынша орындалған жұмыстар тақтаға жазылып, дәптерге түсіріледі.

4. Сергіту сәті.

5. Жұппен жұмыс.

57, 58-жаттығулардағы мәтіндермен жұмыс жасалады.

Мәтіндердегі бірыңғай мүшелерді тауып астын сызу.

Жұптар бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.

6. Жеке жұмыс

59-жаттығудағы тапсырма бойынша оқушылар сөйлемдерді құрамындағы сөйлем мүшелеріне қарай сәйкестендіреді. Тақта берілген дұрыс жауабы бойынша өз жұмыстарын өздері тексереді.

7. Сабақты бекіту.

«Ыстық орындық» әдісі бойынша жүргізіледі.

Мұнда бір оқушы өз қалауы бойынша орындыққа отырып топтардың қойған сұрақтарына жауап береді. Мұнда өткен тақырыптарды еске түсіру мақсатында сұрақтар қойылады.

8. Үйге тапсырма.

60-жаттығудағы сұрақтарға жауап беруге дайындалып келу, тапсырмаларды орындау.

9. Қорытынды.

                                       Рефлексия (оқушы)

Бүгінгі сабақта не үйрендің?

 

Қай тапсырманы орындаған қызық болды?

 

Қай тапсырманы орындағанды қиналдың?

 

10. Бағалау. Оқушыларды ынта-ықыласы мен белсенділіктеріне қарай бағалау.


Пікірлер (3)

биханым

МЕНИН ЖАСЫМ 8-ДЕ.МЕН САБАК ОКЫГАНДЫ УНАТАМЫН.

Гулмир

Казактил 54жаттыгу 62-бет 2-б

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз