Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сухамбай орта мектебі
Қыздашова Айнаш Байысовна
Сабақтың тақырыбы: Қатырғықағаздан қорап жасау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың бұрыннан алған білім, білік, дағды машықтарына сүйене отырып, қағаздан қорап жасау туралы мәлімет беру.
Тәрбиелік: шыдамдылығын, ұқыптылығын, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру шеберлігін қалыптастыру және қауіпсіздік ережелерін сақтауға, құралдармен жұмыс жасауға икемділігін дамыту.
Дамытушылық: Оқушыға өз бетінше жұмыс жасауға баулу, құралдармен жұмыс жасауға икемділігін дамыту, қызығушылығын ояту.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, оқулық, қорап түрлері, суреттер, сызбалар.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика, музыка, бейнелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Қатырғықағаздан аласа орындық жасау. Жасаған жұмыстарын тексеріп, бағалау.
Өткен сабақты қайталау (кима қағаздардағы сұрақтарға жауап беру)
Қайталау - білім анасы
1. Қағазды неден жасайды?
Қағаз ағаштан, қамыстан, сабаннан ескі қағазды затты өңдеу арқылы жасалады. Осылардың ішінде қағаз жасау үшін көп ағаш пайдаланады. Ол үшін арнайы құралмен үгіндіге айналдырады. Оған су қосып шылайды. Одан кейін осы қоспаны тұз қышқылы немесе арнайы ағартқышпен ағартып, үгіндіні әбден майдалайды. Енді қағаз мықты болып әрі жазған кезде сия жайылып кетпес үшін желім қосады. Сөйтіп қоспа әбден дайын болғанда арнайы құрал арқылы әртүрлі қалыңдатады, жұқалайды, кептіреді. Екі бетін үккіштен өткізіп, тазалап, әбден тегістейді. Әртүрлі көлемді орама жасайды немесе әртүрлі пішінде кесіп тұтынушыға жолдайды.
2. Қағаздың қандай түрлерін білесің? Оларды не үшін қолданады?
Жазуға арналған қағаздар, сурет салуға арналған қағаздар, ақ қағаздар, орауға арналған қағаздар, түрлі - түсті қағаздар, қатырма қағаздар.
3. Қағаздың қандай қасиеттері бар?
Қағаз - адам қолымен жасалатын материал. Оның өзіне тән қасиеттері бар. Әртүрлі бұйымдар жасаған кезде біз оның қасиеттерін білуіміз керек. Жыртылады, бүктеледі, иіледі, умаждалады, жанады, қиылады.
4. Жай қағазбен қатырғықағаздың қандай айырмашылығы бар?
Жай қағаз жұқа, жұмсақ болып келеді, қатырма қағаз берік болады. Умаждалмайды.
5. Қатырма қағаздан жасалатын бұйымдарды ата.
Кітап мұқабалары, папкалар, дәрі - дәрмек қораптары, азық - түлік қораптары
6. Қағаздың адам өміріндегі маңыздылығы?
Біз қазір өмірімізде қағазсыз елестете алмаймыз. Күнделікті өмірде тіршілігімізде ең көп қолданатын заттардың бірі осы қағаз, дәптер, кітап, газет - журналдар болып табылады.
Балалар, бүгін біздер тақтадағы сөзжұмбақты шешсек, бүгінгі тақырыптың қандай болатынын білеміз.
СӨЗЖҰМБАҚ
- Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қағаздан қорап жасау.
ІІІ. Жаңа сабақ. Зауытта және арнайы шеберханада қатырғықағаздан қорап жасап шығарады. Ол қораптардың қарапайым және көркемделген түрі бар. Қораптарды әртүрлі көлемде дайындайды. Қораптың көлемі оған салынатын затқа байланысты болады.
Қорапты үйде, өндірісте, медицинада, сауда саласында көп пайдаланылады. Қорапта зат, азық-түлік, дәрі-дәрмек, техника бөлшектерін салады, сақтайды. Сондықтан қорапты пайдалану мақсатына қарай тіктөртбұрыш, шаршы, текше, жұмыр(цилиндр) пішінінде жасайды. Мысалы, сіріңкенің қорабы тіктөртбұрыш пішінді қораптар тобына жатады.
Тіктөртбұрыш пішінді қорап цилиндр пішінді қорап текше пішінді қорап
Машықтық жұмыс. Оқушыларға қораптың сызбасын көрсетемін. Сол сызбаның өлшем бірліктері бойынша қорап жасайды.
Қораптың жазып көрсетілген сызбасы.
Сарамандық жұмыс
Жұмыстың орындалу реті:
Сергіту сәті
Топ, топ басайық,
Қағаздан қорап жасайық.
Жаса, жаса алтын күн,
Жаса, жаса жарқын күн.
Қауіпсіздік ережесі:
. Еңбек сабағына арналған ұшы доғал қайшыны пайдалан.
. Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстама.
. Қайшыны ашық күйінде қалдырма.
. Екінші адамға қайшыны сабы жағымен ұсын.
. Қайшымен қию кезінде жүрме, жолдасыңа жақындама.
. Жұмыс соңында қайшыны қабына салып қой.
IV. Сабақты бекіту
Мұғалім: бүгінгі сабақта қағаздан қандай бұйым жасадық? ( қорап)
Қағаздың қандай түрлерін білесің? Оларды не үшін қолданады?
Жазуға арналған қағаздар, сурет салуға арналған қағаздар, ақ қағаздар, орауға арналған қағаздар, түрлі - түсті қағаздар, қатырма қағаздар.
Қорапты үйде, өндірісте, медицинада, сауда саласында көп пайдаланылады.
- Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
- Қандай көңіл - күйде болдыңдар?
- Балалар өте жақсы еңбектендіңдер!
V. Қорытынды: Мұғалім: ал, енді еңбек жайлы мақал-мәтелдер айтайық.
1. Еңбегі аздың өнбегі аз.
2. Еңбегі ештің күні кеш, тұзы сор.
3. Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады.
4. Еңбегі көптің өнбегі көп.
5. Еңбегімен ер сыйлы,
Өнбегімен жер сыйлы.
6. Еңбегіне қарай — құрмет,
Жасына қарай — ізет.
VI. Бағалау. Көрме ұйымдастыру (оқушылардың жұмысы бағаланады)
VII. Үйге тапсырма: Қатырғықағаздан текше пішінді қорап жасау (өлшем бірліктерін сызылған үлгісін көрсету).
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі