Қызылорда қаласы
№7 арнайы түзету мектеп-интернаты
Еңбек пәнінің мұғалімі: Кудайбергенова Бибисара Нурмаганбетовна
Сабақтың тақырыбы: Құрақ құраудың «Крейзи» техникасы
Сабақтың мақсаты: «Крейзи» техникасының тәсілдерімен құрақ құрауды үйрету.
Түзете дамыту: екі қолдың қимылының үйлесімділігін және көз мөлшерімен анықтауды және эстетикалық талғамды дамыту.
Түзете тәрбиелеу: оқушыларды еңбек мәдениетіне, іскерлікке, ұқыптылыққа, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу, тиянақтылыққа баулу, кәсіптік бағдар беру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
I. Керекті құрал-жадбықтар: жіптер, ине, қайшы, мата, оймақ, үлгі, бор.
Ұйымдастыру кезеңі: 1-2 мин.
II. Үй тапсырмасын сұрау. (өткен тақырыпты қайталау) 10 мин.
Қол жұмысында қолданылатын қандай құрал-жабдықтарды білесіңдер?
1-кезең. «Адасқан құралдар» ойыны
Оймақ матаны, қағазды қияды
Инеөлшеу үшін
Қайшықыртысын жазады
Үтік бөлшектерді тіккенге дейін біріктіру үшін
Түйреуіш бұйымды тігуге
Борсаусақты жарақаттан қорғайды
Сантиметрлік таспа үлгіні матаға түсіруге
2-кезең Біз құрақ құраудың қандай техникаларын өттік?
IV. Жаңа сабаққа кіріспе «Тұсаукесер»
Сендер құрақ құраудың «Пицца» техникасын, «Түзу жолақтар» техникасын, «Йо-йо» техникасын, «Жапсырма құрақты» тігіп үйрендіңдер
Бүгін біз құрақ құраудың тағы да бір қызық түрі «Крейзи» техникасымен танысамыз.
V.Жаңа сабақ.
Мата қиықтарынан құрақ құрау техникасы бұрынғы заманнан белгілі.Бұл іспен айналасу арқылы күн көруге, өзінің үйін безендіруге, сыйлық жасауға, өзі және жанұясы үшін басқа жерде табылмайтын, ерекше заттар жасауға болады. Бұл ойлауды, сезімді, эмоциялық көңіл күйді талап ететін шығармашылық үдеріс. Өз қолыңмен құрақтан жасаған бұйым түрлері сан алуан. Бұлар жастықтар, көрпешелер, дастархандар, ойыншықтар және т.б. болуы мүмкін. Құрақ құрау практикалық еңбек дағдыларын қалыптастыруға және бекітуге, шыдамдылық пен ұқыптылықты, еңбек және шығармашылық белсенділікті, эстетикалық талғамды дамытуға көмектеседі. Себебі, жұмысқа маталардың қалдықтарын, қиықтарды, сондай-ақ сәннен шығып қалған киімдерді пайдалануға болады.
«Крейзи» техникасының технологиялық картасы
Жұмыстың реті |
Суреті |
1. Дайындаманың ортасына бесбұрыштың беткі жағын жоғары қаратып түйрейміз. |
|
2. Екінші қиықты беткі жағын төмен қаратып, бесбұрыштың кез келген қабырғасына 0,5 см әдібін қалдырып тігеді. |
|
3. Түйреуіштерді алып тастайды. Тігісті«қабырғасына» тәсілімен үтіктейді. Екінші қиықты беткі жағына қаратып, үтіктейді. |
|
4. Келесі қиықты тігеді, үтіктейді. |
|
5. Шыққан бұйымды ылғалды жылумен өңдейміз. |
Сергіту сәті
Оқушылардың көңіл - күйін жақсартуға арналған сергіту.
Өнерлі қыздар сүйкімді.
Орнымыздан тұрайық,
Қолымызды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Белімізді жазайық.
Айналаға қарайық,
Отырып, тұрайық.
Біз тынығып алайық,
Тынығып болған соң
Әсем өрнек жасайық.
VII. Сарамандық жұмыс
VIII. Қорытынды жасау, сабақты аяқтау, жұмыс орнын жинау.
«Крейзи» техникасы құрағын неше бұрышты фигурадан бастадың?
IX. Рефлексия
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі