Сабақтың тақырыбы: Үйді жапсыру
Сабақтың мақсаты: Құрылысшы мамандығы бойынша тақырыпты ашып, үйді түрлі түсті қағазбен жасату, жасаған қағаздың шығу тарихымен таныстыру. Қағазбен жұмыс істеулерін жетілдіру, дамыту. Достарына көмек көрсету арқылы оқушыларды мейірмділікке, адамгершіілікке, сыйластыққа, әсемдікке, әрбір адаммен дұрыс қарым–қатынас жасауға, үнемділікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: бейнеролик, аппликацияның түрлі үлгілері, түрлі - түсті қағаздар, қайшы,геометриялық фигуралар, қатырма қағаз.
Сабақтың әдісі: зерттеу, түсіндіру, жүйелеу, сұрақ - жауап
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылардың сабаққа қажетті құралдарын алып дайындап аламыз.
- Хормен: Психологиялық дайындық
Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
IIІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Мұғалім:
- Қандай мамандық иелерін білесіңдер?
- Мұғалім, дәрігер, сатушы, өрт сөндіруші, полиция, күзетші және т.б
- Олар не істейді?
- Мұғалім сабақ береді, дәрігер емдейді, сатушы сатады, полиция қылмыскерлерді ұстайды.
- Дұрыс айтасыңдар, мамандықтарды біледі екенсіңдер. Әрі қарай балалар бәріміз мына ертегіні тамашалайық.
- Сонымен күшік не жасап жатыр?
- Үй
- Жасады ма?
- Үйді кім жасайды? Қандай мамандық иесі деп ойлайсыңдар?
- Құрылысшы. Дұрыс айтасыңдар, құрылысшылар үйлерді, ғимараттарды, мектептерді жасайды.
- Балалар үйді немен жасауға болады?
- Кірпіштен, ағаштан жасауға болады. Балаларға арнап матадан, пластмассадан жасауға болады.
Мұғалім:
- Балалар жанағы күшік үйді жасай алмады. Ал күшік мына ормандағы достарына көмек көрсетемін деп уәде берген. Бірақ ол әлі өзіне де салған жоқ. Ал құрылысшы ағай көп ғимараттарды жасап шаршап қалды. Ендеше мына достарына біз жасап берейік. Олай болса балалар ол үшін біз мына қорапшада сурет бар соны бір-біреуден алыңдар. Кімге не түсті? 3 топқа бөлінеді
І топ – қоян
ІІ топ – аю
ІІІ топ – түлкі
- Ал, енді біз мына күшіктің достарына қолымыздағы түрлі–түсті қағазбен жасаймыз. Қағаздың шыққаны туралы видио ролик
1.Қағазды неден жасайды?
Қағаз ағаштан, қамыстан, сабаннан ескі қағазды затты өңдеу арқылы жасалады. Осылардың ішінде қағаз жасау үшін көп ағаш пайдаланады. Ол үшін арнайы құралмен үгіндіге айналдырады. Оған су қосып шылайды. Одан кейін осы қоспаны тұз қышқылы немесе арнайы ағартқышпен ағартып, үгіндіні әбден майдалайды. Енді қағаз мықты болып әрі жазған кезде сия жайылып кетпес үшін желім қосады. Сөйтіп қоспа әбден дайын болғанда арнайы құрал арқылы әртүрлі қалыңдатады, жұқалайды, кептіреді. Екі бетін үккіштен өткізіп, тазалап, әбден тегістейді. Әртүрлі көлемді орама жасайды немесе әртүрлі пішінде кесіп тұтынушыға жолдайды.
2. Қағаздың қандай түрлерін білесің? Оларды не үшін қолданады?
Жазуға арналған қағаздар, сурет салуға арналған қағаздар, ақ қағаздар, орауға арналған қағаздар, түрлі-түсті қағаздар, қатырма қағаздар.
ІY. Сергіту сәті
Y. Сарамандық жұмыс
Оқушылар еңбек сабағында қауіпсіздік ережелерін естен шығармау керек.
- Ендеше балалар бастаймыз алдарында плакат тұр, соған жапсырасыңдар. Біреуің үйдің төбесін қиып алыңдар, ол қандай фигураға ұқсайды.
Біреуің қабырғасын қабырғасы қандай фигураларға ұқсайды.
Басқаларың есігін, терезесін, мұржасын салыңдар.,
YІ. Қорытынды:
YІІ.Бағалау: Геометриялық фигуралармен әр топты бағалаймын.
YІІІ.Үйге: Балалар үйде сурет дәптеріне өздерің қалаған үйді түрлі-түсті қағаздар арқылы жасап келеміз.
коркем
балалар жаксы биледи екен