Өлең, жыр, ақындар

Шығыс Қазақстан

Алматы облысы

Балқаш ауданы

«№1 Бақанас орта мектебі» МКМ-нің

Тарих пәнінің мұғалімі Жазылбекова Кымбат Саудабаевна

 

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Шығыс Қазақстан

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Шығыс Қазақстан жерінде ерте кезде Сақ тайпалары мекендеген зерттелген мәдениетіне түсінік беру.

ДамытушылығыОқушылардың белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру, еске сақтау қабілетін дамыту

ТәрбиелілігіОтансүйгіштіке, адамгершілкке тәрбиелей отырып, мәдениетті, иманды азамат қалыптастыру

Түрі: аралас

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, ашық, жабық әдісі,

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба, интерактивтітақта, видео, постер, маркерлер, стикерлер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі 3 минут

Оқу құралын тексеріп түгелдеу.

Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.

II .Үй тапсырмасын тексеру 15 минут. Топпен жұмыс

Оқушыларды 3 топқа санау әдісі бойыншабөлу. Үйге «Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктер» тарауын қайталау берілген. Оны тексеру үшін оқушыларды топқа бөліп, тапсырма беріп постер бетіне кластер құрастыру керек .

 (4 минут)

І топ: Үйсіндер

ІІ топ: Қаңлылар

ІІІ топ: Ғұндар

Әр топ өз жұмысын 2 минут қорғайды

Үй жұмысын қорытындылау: (2 минут)

Сонымен, осы тарауда Қазақстан аумағында б.з.б ІІІ ғасыр мен б.з V ғасыр аралығында үйсін, қаңлы, ғұн, сармат мемлекеттік бірлестіктер болғанын білдік. Олардың орналасқан жерін, қоғамдық құрылысын, шаруашылығын, тұрмысымен таныстық.

Енді балалар жаңа сабағымызды көңілді күймен бастау үшін сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті 1 мин

III. Жаңа сабақ 20 минут

Жаңа сабақта тағы жаңа топ құрамыз. Ол үшін оқушыларды қорымдардың атымен бөлу (Бесшатыр, Сынтас, Аралтөбе)

Бүгін «Ерте темір дәуіріндегі сақ кезеңінің мәдениеті» жаңа тарауды бастаймыз.

Дәптерлерімізді ашып жаңа сабақтың тақырыбын жазу.

Жаңа сабақ

Тақырыбы: Шығыс Қазақстан.

    Бұл тақырып бізге екі сағатқа берілген. Сондықтан бүгін біз 73-77 беттер аралығын өтеміз.Қазақстан аумағын мекендеген сақ тайпалары көптеген құнды мәдени мұра қалдырған. Олардың мәдениет іортақболғанымен, өңірлік өзгешіліктері де болды. 

Сақ мәдениетінің ең көне жәдігерлері, алып патша қорғандары Шығыс Қазақстан жерінен тобылған Шілікті ескерткіштері. Соның ішіндегі алып патша қорымы үшінші алтын адам табылған «Бәйгетөбе» обасы. Оны ашқан тарих ғылымдарының докторы, археолог-этнолог, профессор ӘбдешТөлеубаев. Енді осы жайлы ғалымның  айтқаны жайлы көрейік (видео) 7 минут. Ал осы видеода айтылмай кеткен 1960 жылы С.Черников зерттеген 1-Шілікті қорымындағы №5 оба. Ол «Алтын қорған» деп аталды.Онда екі адам жерленген. Оныңбірі 40-50 жас жашасындағы ер адам, екіншісі 50-60 жастағы әйел адам. Олардың қасынан 13 жебе, қалың теріден жасалған жебе салатын қорамсап жұрнағы және зергерлік бұйымдары табылған.

Енді осы біз осы тақырып бойыншаәр топ жұмысжасаймыз. Топтық тергеу стратегиясын пайдаланамыз. Дайындалу уақыты 5 минут.

Ол үшін:

І топ экранда көрген бейне баянды келесітоптарға түсіндіреді.

ІІ топ келесі топтарға сұрақ дайындайсыңдар 6 сұрақ (ашық және жабық әдістер)

ІІІ топ суретке түсіреді

Қорғау 2 минут

IV. Қорытындылау 5 минут

Тест

1. Шығыс  Қазақстан аумағын  мекендеген  тайпалар

а) Аргиппеилер   ә) Сарматтар  б) исседондар

в) аримаспылар   г) савроматтар

2 .Шығыс  Қазақстандағы алып  патша  қорғандар  кездесетін  аудан

а) Іле  ауданы     ә)  Зайсан  ауданы  б)  Тас мола  алқабы  в)  Алакөл ауданы  г)  Екібастұз  ауданы

3. Берел кезеңінің  уақыты 

а) Б .з.д. 1-2 ғ      ә) Б.з.д. 5-4ғ        б) Б.з.д  2ғасыр   в)  б.з- дың  3 ғ   

г) Б.з –дың 8 ғасыр

Кілті: 1-в  Аримаспы тайпалары

          2-ә  Зайсан ауданы

          3-ә  Бзб 5-4 ғасырлар Берел кезеңі

2 жұлдыз 1 тілек стратегиясын қолданамын. Оқушылар бүгінгі сабақта не түсінгенін, не үйренгенін жазады және 1 ұсыныс тілектерін жазады.

V. Бағалау 2 минут

VI. Үйге тапсырма: Шығыс Қазақстан. Шілікті обасы мен Бесшатыр обасының құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды жазу.


Пікірлер (3)

alfiya1980

Рахмет сіздерге. Сіздердің сайттарыңыз ең қолжетімді.

alfiya1980

Рахмет сіздерге. Сіздердің сайттарыңыз ең қолжетімді.

Бүгін мен сертификат алдым. Сіздерге көп рахмет!!!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз