Өлең, жыр, ақындар

Қазақстанның қызыл кітабы

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

"Лавровка орта мектебі" КММ-сінің
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі: Кусаинова Жанар Казезовна

 

Сабақ жоспары                      Қазақ тілі                        8   сынып                 Кусаинова Жанар Казезовна

Апта

Күні  9 наурыз 2016ж

Сабақ       /ашық сабақ/

Сабақтың тақырыбы

Қазақстанның қызыл  кітабы

Сабақтың мақсаты

Тақырып негізінде жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгере отырып, Қызыл кітап туралы түсінік алу.

Күтілетін нәтижелер

Тақырып негізінде жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерді, Қызыл кітап туралы түсінік алды

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Тапсырмалар

*топтық жұмыс –жұптық-жеке жұмыс

*СТО

* АҚТ

*кері байланыс/рефлексия

*бағалау

*диалогтік оқыту

Ресурстар/Керекті жабдықтар

Интерактивті тақта,презентация, постерлер, стикерлер, маркерлер,фото-суреттер,кеспе қағаздар, сұрақтар, топ ережесі, постерді бағалау критерийлері,бағалау парақтары.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

6 минут

Ұйымдастыру бөлімі: оқушылармен аманда-

су, түгендеу, тастар арқылы оқушыларды 2 топқа бөлу. "Топтық жұмыс туралы не білеміз?“ Топтың "ғажайып  ережесі" Бағалау парақтарын тарату.

I. Өткен тақырыпты пысықтау

Баянауыл ұлттық саябағы. Рай түрлері.

а/  «Олжалы бестік» ойыны /жазылған сөздер мен сұрақтар/7 сөз дайындап, олардың артына сұрақ жасыру және бір сөздің артына тек қана «5» бағасын қою.
«Мықты болсаң, тауып көр»       

«Жүйрік болсаң, шауып көр»
«Алғыр болсаң, алып көр»           

«Тапқыр болсаң, тауып көр»
«Ойлы болсаң, озып көр»              

«Зерек болсаң, айтып көр»
«Шешен болсаң, сөйлеп бер»

ә/ “Сыңарын тап” ойыны /сурет пен сұрақтардың сәйкестігін табу, мысалдар келтіру/

Ұйымдастыру бөлімі: оқушылар тастардың түсі арқылы 2 топқа бөлінеді.

Топ ережесін еске алады

 

 

I. Өткен тақырыпты пысықтау

а/  «Олжалы бестік» ойыны. Әр оқушы /8 оқушы/ бір-бірден кезекпен келіп, жазылған қағазды алады да, сұрақтарға жауап береді. Қалғандары оны бағалайды.Оқушылар өткен тақырыпты естеріне түсіреді.

 

 

 

 

ә/ “Сыңарын тап” ойыны.

Оқушылар суретті таңдап, оған берілген сәйкес сұрақтарын тауып, мысалдар келтіреді.

Тұсаукесер

6 минут

II. Проблемалық  ой тастау.  “Ой қозғау”

Оқушылар, интербелсенді тақтада берілген  суретке назар аударыңдар. Бұл суретте нелерді көріп тұрсыңдар? Иә, жер шары берілген. Айналада нелер бар? Олар нені білдіреді? Жануарлар мен өсімдіктерді, балықтар мен құстарды көріп тұрмыз. Олар бәрі қоршаған ортаға жатады. Ал сиреп бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер бар ма? Оларды біз не істеуіміз керек? Қызыл кітап туралы естігендерің бар ма?

Демек, Қызыл кітапқа сиреп бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер, балықтар мен құстарды енгізеді.

Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы? “Қазақстанның қызыл кітабы” Ал сабақ  мақсатымыз қандай? Нені білуіміз керек?

II. Проблемалық  ой тастау.  “Ой қозғау”

Оқушылар интербелсендітақтаға назар аударып, суретті көріп, не көріп, не сезіп тұрғандарын айтады. Ой жүгіртеді, ой қозғайды. Ассоциациялауды жасайды.

Қызыл кітап туралы не білетіндерін айтады.

 

 

Мұғалімнің көмегімен тұжырым жасайды. Бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды да сабақ мақсатын айтады.

Негізгі бөлім

25 минут

III. Жаңа тақырыпты меңгеру. 

1. «Озып жүру тапсырмасы».  “Задание на опережение”Артем, Акылбек, Николай

2. ЛЕКСИКАЛЫҚ МИНИМУМ

Топтық жұмыс. Тапсырма:

2.1. «Мәтінді кодтау» стратегиясы. Мәтінді түсініп оқу.

2.2. Мәтін бойынша ментальды карта, денотатты граф немесе фишбоун құрастыру

2.3. Өз жұмыстарын қорғау

2.4. Сызба бойынша бір-бірін бағалау /бағалау критерийлері бойынша/

          ТОП ЕРЕЖЕСІН САҚТАУ!

2.5.   1-топ .“СІЛЕУСІН”  /оқулық  241бет/

Берілген мәтін бойынша сұхбат құрастыру

2.6. Берілген етістіктерді қай райда тұрғанын анықтау:  Мен эссе жазып отырмын, орманға барса, ертең кел, ол жақсы оқығысы келеді.

2-топ .“СІЛЕУСІН”  /оқулық  241 бет/

Берілген мәтін бойынша бес жолды өлең/синквейн  құрастыру

2. Берілген етістіктерді қай райда тұрғанын анықтау:Табиғатты қорға, кітап оқып отыр,

бүркітті көргім келеді, аң аулауға тыйым салса.

3. Жұпқа бөлу. /Әр түрлі тастар арқылы жұпқа бөліну/

“РАФТ”  стратегиясын орындау

Р/рөл/

А/арнау/

Ф/форма/

Т/тақы

рып/

Оқушы 

Президент 

Директор 

Депутат  

Сыныптас

Қария

Мұғалімге

Досқа               

Президентке 

Оқушыға  

Сыныптасқа 

Депутатқа

 

Рефлексия

Эссе   

Анықтама

Диалог

Хат      

Мақала

 

Таулар туралы

Көлдер туралы

Қорықтар туралы

Пайдалы қазбалар туралы

 

III. Жаңа тақырыпты меңгеру. 

1. «Озып жүру тапсырмасы».  “Задание на опережение”. Дарынды балалар Артем, Акылбек, Николай өз дайындап келгендерін презентация бойынша баяндайды.

2. ЛЕКСИКАЛЫҚ МИНИМУМ Топтық жұмыс. Тапсырма:

2. Берілген мәтін бойынша жұмыс жасайды.

2.1.Мәтінді оқиды, кодтайды

2.2.Мәтін бойынша ментальды карта, денотатты граф немесе фишбоун құрастырады

2.3.Өз жұмыстарын қорғайдй

2.4.Сызба бойынша бір-бірін бағалайды /критерий бойынша/

2.5. «Сілеусін» мәтіні бойынша әр топ берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды.

2.6.Берілген етістіктерді қай райда тұрғанын анықтайды.

 

 

 

3. Жұпқа бөлінеді. /Әр түрлі тастар арқылы жұпқа бөлінеді/

3.1. «РАФТ» стратегиясы бойынша әр жұп стратегияның формасын өздері таңдап алады да тапсырмаларды дайындайды.

Мысалы: Президент оқушыға эссе жазады

Осылайша оқушылар өз ойларын білдіре алады, тұжырым жаса алады.

 

 

Сабақты бекіту

3 минут

IV. Жаңа сабақты бекіту.

Жеке жұмыс. Сәйкестендіру тестін орындау. Критерий бойынша өз-өздерін бағалайды.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

Жеке жұмыс. Сәйкестендіру тестін орындайды. Критерий бойынша өз-өздерін бағалайды.

Сабақтың өзіндік талдауы:   V. Өз-өзіме кері байланыс-есеп. «Бес саусақ» стратегиясы. 3 минут

Не үйрендім?  Неге көңіл аудару керек?  Кімге көмектестім?  Көңіл-күйім?  Неден қиналдым?

Оқушылар өз бес саусақтарын салып, сұрақтар бойынша жауаппен толтырады.    

Сабақты

қорытындылау

   «Бағалау парақтары» бойынша бағалау. 2 минут

Үйге тапсырма

   242бет  сұрақ-жауап түрінде диалог құрастыру.

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз