Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы, Жаушықұм ауылы
«Жаушықұм» мектеп-лицейінің
География пәні мұғалімі: Тилеубекова Сара Анарбекқызы
Бүгінде Қазақстан –үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол мүмкіндіктерді нақтылы жүзеге асыратын, әлемдік аренада өзіндік орынын тапқан ел.
Қазақстанның тәуелсіздігі бірнеше мыңжылдық тарихы бар қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңінің бастауы болды. Қазақ жерінде атқан Тәуелсіздік таңы ата-бабаларымыздың қасиетті күресінің айқын көрінісі. Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңдеріндегі қиындықтардан, асу-асу белестерден ойдағыдай өтуіміз - Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың кемел ойлаған саясатының нәтижесі. Оның салиқалы саясатының арқасында еліміз өркениетті әлем көшіне қосылып, экономикасы дамыған елге айналды. Қазақстан-халықаралық қауымдастықта өзін таныта білген ел. Еуразиялық қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі, Еуропалық Одақ арасындағы қатынастың жоғары деңгейге көтерілуі бұған дәлел бола алады.
Аспан ашық болса,
Күн шуақты болар.
Хан әділ болса,
Халық ынтымақты болар,-дегендей,
шаңырақ астында 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар қазақстармен бірге ынтымағы мен бірлігі жарасып, бейбіт күннің шуағына бөленіп өмір сүруде.
1992 жылдың басында «Қазақстан егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» қабылданған еді. Бұл – еліміздің даму жолын айқындап алып, ойластыруға бағытталған алғашқы талпыныс еді. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін, бүгінгі өмірмен жанасатын және алдағы уақытпен бірге қадам басатын, жарқын болашаққа деген сенімді ұялатқан Негізгі Заң қажет болатын. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы қабылданды. Ол ашық және демократиялы қоғам құрудың негізгі принциптерін баянды етті. Қазақстан өзінің одан әрі даму жолын түпкілікті таңдап алды. Негізгі Заң шын мәнінде қоғамды келісімге айналды.Содан бері Қазақстан тарихында талай-талай елеулі оқиғалар, іргелі істер жүзеге асуда. Елбасының сөзімен айтқанда:«Қазақстан жолы - конституциялық ережелерді ғана емес, сонымен бірге, саяси режимді, инфрақұрылымды және конфессионалдық қатынастарды қамтитын саяси үлгі».
Мемлекетіміз бен экономикамыздың тәуелсіздігін қалыптастыру мен нығайту кезеңінде кәсіби шебер кадрлардың жетіспеушілігі анық байқалды. Бұл мәселені шешу мақсатында «Болашақ» бағдарламасы қолға алынып, көптеген жастар шет мемлекеттер де білім алып, білікті маман болуға мүмкіндік алды. Бүгінде сол мамандар экономика, білім беру,денсаулық сақтау және басқа салаларда табысты еңбек етіп, еліміздің көреюіне, дамуына өз үлестерін қосуда.
Президенттің әр жылғы Жолдауларында халық тұрмысын жақсартуға, экономиканы нығайтуға бағытталған маңызды мәселелер қамтылды. Мәселелерді шешу жолдарын нақтылап, Үкіметке маңызды міндеттер жүктейді.
«Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатында шешілуі тиіс бірнеше мәселеге тоқталған болатын. Солардың бірін Президент былай деп көрсетеді:«Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. XX ғасырдағы дамыған ел дегеніміз-белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар 2020 жылға қарай Қазақстанның 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту деңгейіне жеткізу керек».
Елбасы, адамдар үшін қауіпсіз және тұруға жайлы елдің біріне айналу, бейбітшілікпен тұрақтылық, әділ сот және құқық тәртібі-дамыған елдің кепілі екенін баса айтты. Инновациялық индустрияландыру трендін түзеу және күшейту агроөнеркәсіп кешенін дамыту, Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру, шағын және орта бизнесті дамыту және тағы басқа мәселелер қарастырылған. Жолдаудағы айтылған мәселелердің ойдағыдай жүзеге асырылып жатқанын көріп, ел қуануда.
Елбасының биылғы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауы негізінен жаңа экономикалық саясатқа бағытталған.
Бүгінде бүкіл әлем түрлі проблемамен, қауіп-қатермен бетпе-бет келуде. Әлемдік экономика, қаржы экономикалық дағдарыстан шыға алмай жатқан кезеңде Елдасының Қазақстан халқына Жолдауының ерте жариялануының үлкен мәні бар. Ол Жолдауының басында тәжірибеде байқалғандай, таяудағы жылдар сынақтардың уақыты болатынын, әлемнің бүкіл архитектурасының өзгеретінін айта келіп, Қазақстанның мұндай сынақтардан сүрінбей өтіп, нық қадаммен алға басуы үшін тиісті шараларды іске асыру жолдарын таратып баяндады.
Аймақтардың өзара байланысын, елдің ішкі әлеуетін жақсарту, яғни алысты жақындату - бұл Жолдаудың негізгі түйіні. 2015 жылдан бастап, көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды, индустриялық, энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық пен су және жылумен қамтамасыз етуді жаңғырту, сонымен бірге, тұрғын үй, әлеуметтік инфрақұрылымдарды нығайту жұмыстары қарқынды жүзеге асырылатын болды «Бірінші кезекте-апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту проблемаларын шешу күн тәртібіне қойылды».
«Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясаттың жүзеге асуы көптеген жұмыс орындарының ашылуына, экономиканың дами түсуіне ықпал етеді. Астанадан барлық бағыттарға автомобиль, теміржол, авиациялық магистральдар тарту жоспарлануда. Бұл кең байтақ жерінің барлық өңіріне жаңа серпін берері сөзсіз. Себебі, жол-өмір желісі, тіршіліктің біте қайнасқан бір бөлшегі.
«Үйі жоқтың –күйі жоқ» дегендей, баспанасыз жүрген тұрғындарды үймен қамтамсыз ету жолдарын да қарастыруды Елбасы әрдайым назардан тыс қалдырмай келеді. Жолдауда бұл мәселе тағы да пысықтала түсті.
Ия, Елбасымыз әр Жолдауында ел дамуының барлық саласын қамтып, алдағы жылдар ішінде қандай іс атқарылатынын жете тани білді. Бұл сындарлы құжатты әлем саясаткерлері де жоғары бағалауда.Елбасы Н.Ә.Назарбаев туралы өзге мемлекет басшылары, саясаткерлер, зияткерлік, іскерлік әлемі жоғары пікірде. Сингапур үкіметінің аға министірі Ли Куан Ю.«Президент Назарбаев түркі республикаларының ішіндегі кесек тұлға. Қазақстан басшысы керегінше қатал, қағілез әрі батыл кісі, өзіне тартып тұратын,талантты әрі табанды тұлға»,-десе, Ресей Президенті В.Путин Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық құру туралы идеясын қолдап, «Мұндай қадам бүкіл дүниежүзінде мемлекеттердің жемісті ынтымақтастығының өнегесі бола алады», -деген жоғары пікір айтады.
Күшті және гүлденген мемлекет болу үшін Президент интеллектуалдық элитаға, жоғары технологияға, еліміздің ғылыми әлеуетіне сүйену қажет деп есептейді. Сондықтан Елбасы жастарға үлкен сенім артып, жауапкершілік жүктейді. Олай болса, сол жастарға, ел болашағына тәрбие мен білім беретін еліміздің ұстаздар қауымына да артылар міндет тым салмақты болмақ.
Біз бақытты елміз, бақытты тұрғындармыз. Жарқын болашақ үшін қажетті мақсат-міндеттерді ел Президенті саралап, жіктеп, қалай жүзеге асыру жолдарын көрсетіп береді. Сондықтан Мәңгілік ел болудың жолында жұдырықтай жұмылып, әркім өз саласы бойынша адал, аянбай еңбек етуі керек деп ойлаймын. Елімізде бірлік пен ынтымақ болсын. Сонда ғана біз кез келген сынақтар мен кедергілерден сүрінбей өте аламыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі