Өлең, жыр, ақындар

Әліппе әлемі – әріппен әдемі . (Әліппе)

Тақырыбы: Әліппе әлемі – әріппен әдемі .
Мақсаты: оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау, білімі мен ой-өрісінің, сөздік қорларының байығанын көрсету; өз Отанын, мектебін, ұстазын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: шарлар, нақыл сөздер, әріп формалары.

Барысы:
1-бастаушы:
Өзгеріп жатыр бүгін қала, қырым,
Құп алып халқымыздың даналығын.
Бет алып болашаққа бара жатыр,
Аяулы алты жасар балалығым.

2-бастаушы:
Міне, бүгін бұрынғыдан саналымын,
Қоңырау болып күмбірлейді жаңа күнім.
Дәптердің жазылмаған ақ парағы
Аяулы алты жасар балалығым.
«Достық » әні хормен орындалады.

1-бастаушы:
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! «Әліппені» бітіру мерекесіне қош келдіңіздер.

1-бала:
-Біз бүгін шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік.

2-бала:
-Біз енді өзіміз оқып, жаза аламыз. Ертегі, әңгімелерді өз бетімізбен оқып, мазмұнын айта аламыз.

3-бала:
-Біздер көп нәрсе:

Барлығы:
-Кітап оқуды, өлең жаттауды, есеп шығаруды сурет салуды, ән айтуды, би билеуді үйрендік.

Мұғалім:
-Балалар, мен сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?

Хормен
Болашаққа жол ашқан,
Ол – сүйікті Әліппе.

Мұғалім:
-Олай болса, балалар, бәрімізге ең қымбат Әліппе досымызды ортаға шақырайық.
«Әліппе» әнімен ортаға Әліппе шығады.

Әліппе:
-Сәлеметсіңдер ме, менің сүйікті достарым!
-Мен әуелі әріптерімді түгендеп алайын. Дауыстылар қайдасыңдар?
Дауысты дыбыс формасындағы балалар: 
-Біз мұндамыз.

Әліппе:
-Дауыссыз дыбыстар қайдасыңдар?
Дауыссыз дыбыс формасындағы балалар: 
-Біз мұндамыз.

Әліппе:
-Балалар, мені оқып бітірдіңдер. Меннен не үйрендіңдер?
1-бала: дыбысты танытып, буыннан сөз құрауды.
2-бала: Сөзден сөйлем құрауды
3-бала: Ана тілімізде дұрыс сөйлеуді үйреттіңіз.
4-бала: Отан, Ана, Мектеп, Білім, Бала
5-бала: Отаным – алтын бесігім!
6-бала: Ана – баланың бақыты!
7-бала: Мектеп – білім бұлағы!
8-бала: Бала – елдің болашағы!

Әліппе:
-Жарайсыңдар, менің ақылды достарым!
Мұғалім: Әліппе, балалар өзің туралы өлең, тақпақ үйренді. Енді соны тыңдасаңыз.
«Әліппе» әні хормен орындалады.

1-бала: Ыстық әрбір беттерің,
Жазуыңды ұғамын.
Ақыл бердің Әліппе.
Ақылшым сен – мұғалім. Сабина

2-бала: Ізгілікті ойға тоқитын,
Шәкірт боп үздік оқитын.
«Әліппе» атты кемемен,
Кеземін білім мұхитын. Айдын

3-бала: Үйреттің бізді Әліппе
42 дербес әріпке.
Сөз, сөйлем құрап әріптен
Лайық болдым дәріпке. Диляра

4-бала: Оқитын, әрі жазатын,
Білімге қол созатын.
Оқушы болдық сауатты,
Білімнің тегін қазатын.

5-бала: Бәр әріпті үйреткен.
Міне, менің Әліппем.
Жақсы оқимын сабақты,
Әріптерді танып мен. Дания

6-бала: Бар кітапқа бас болған,
Әліппе ғылым анасы
Әліппеден басталған,
Даналық тың данасы. Алтынбек
Ән: «Бөбек жыры»


7-бала: Әліппеп менің, әліппем.
Сені қолға алып мен,
Есігін аштым мектептің 
Ертеңгі сәуле жарықпен. Дана

8-бала: Әліппе –білім анасы,
Әліппе кітап данасы.
Әліппе бетін ашпаған
Адам барма баласы. Аружан

9-бала: Бұрқыраған білімнің 
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том-том болған кітаптың
Басы болған Әліппем. Шыңғыс

10-бала: Білім деген-ғажаптың
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың
Басталады біздерден. Алискер

11-бала: «Әліппе» даңғыл жол ашты,
Жаңадан пәндер жалғасты.
«Әліппе» сырын ұқтырған,
Рахмет, ұстаз алғашқы.
«Мұғалім – ол біздің» әні.

Әліппе: Жақсы, достар, тағы қандай өнерлерің бар?
Балалар: Жұмбақтар үйрендік.
Әліппе: Олай болса, мен сендерге жұмбақтар ала келдім. Ал сендер шеше алмасаңдар ата-аналарың көмектессін.
Оқушылар бір-бірден алып оқиды, қалғаны жұмбақты шешеді.

Сүңгіген жетер әрең,
Теңіздей түбі терең. (Білім)

Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама. (Кітап)

Ортасында шегесі,
Жіп-жіңішке денесі. (Қалам)

Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

Тақтада жазып ,жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған, (бор)

Үйреткен білімді,
Қырық екі білімді. (алфавит)

Алты түрлі түсі бар 
Сурет салар ісі бар. (қарындаш)

Мұғалім: Әліппе, кейде біздің әріптер айтысып та қалады, енді солардың айтысын тыңдаңыз.
Әліппе: Жарайды, оны да тыңдайын.
1-бала: Әліпбидің «А» тұрады басында,
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.
Байқайсың ба «Б» тұрады үшінші,
Сыры неде түсінші?

2-бала: «А» деген ол аналар ғой ардақты,
«Ә» деген ол әкелер ғой салмақты.
«Б» деген ол балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі.

3-бала: Алшақ кетпей,
Сондықтан да расында
Тұрады олар әліпбидің басында.

Мұғалім: Енді, Әліппе, сенің құрметіңе «Қуыршақ» биін қарсы ал.
Әліппе: Балалар, мен сендерге ризамын. Мені жақсы игеріпсіңдер. Ана тілде өте жақсы сөйлейді екенсіңдер. Талапты екенсіңдер. Енді мен сендермен қоштасып, өзімнен бастау алатын, өздеріңе даңғыл жол салатын жаңа достарың «Ана тіліне» жол беремін. 
(Музыкамен әліппені шығарып салады)

Мұғалім: Балалар, сендердің білімдеріңді, өнерлеріңді көріп, «Әліппе» сендерге риза болып кетті. Бұдан былай менің қолымдағы «Ана тілі» оқулығын оқитын боласыңдар. Бұл пәнді де жақсы оқиды деп сенемін. 

Балалар: Иә, Ана тілін де жақсы оқимыз.
Мұғалім: Ендеше ана тілінің құрметіне қыздар тобының орындауында «Қамажай» биін қарсы алыңыздар. 
«Ана тілі» кітабын таратып береді

1-бала: Ана тілің – біліп қой,
Бостандығың, теңдігің.
Ана тілің – біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.

2-бала: Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

3-бала: Алтын ұя – мектеп, өзің мақтаным,
Сеннен артық құтты қадам таппадым.
Сен арқылы білім деген отаудың,
Қасиетті босағасын аттадым.

4-бала: Талпынды алға жас үміт,
Мектебім қымбат есімің.
Қоңыраумен шақырып,
Тербетті білім-бесігің.
«Мектебім» әні.

Сүңгіген жетер әрең,
Теңіздей түбі терең. (Білім)


Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама. (Кітап)

Ортасында шегесі,
Жіп-жіңішке денесі. (Қалам)

Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

Тақтада жазып ,жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған, (бор)

Үйреткен білімді,
Қырық екі білімді. (алфавит)

Алты түрлі түсі бар 
Сурет салар ісі бар. (қарындаш)


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз