Батыс Қазақстан облысы
Қаратөбе ауданы
Аққозы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы
Бизнес жоба
Тақырыбы:
«Шағын жылыжай салу»
Бағыты: Экология
Авторы: Нұрбекұлы Нұрым
Сәлімқызы Гауһар
Жетекшісі: Биология пәні мұғалімі
Төлеуғалиева Райса Радикқызы
2015-2016 оқу жылы
Аннотация
Аққозы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасының 10-сынып оқушысы Нұрбекұлы Нұрымның және Сәлімқызы Гауһардың «Шағын жылыжай салу» тақырыбындағы ғылыми жобасы.
Мектеп асханасында оқушыларымызды құнарлы және табиғи өніммен қамтамасыз ету үшін біздің мектебімізге шағын жылыжай қажет. Сонымен қатар оқушылар жылыжайда биология сабағынан практикалық жұмыстар және тәжірибелер жүргізе алады. Қазіргі заманда дүкен сөрелерінде сыңсып тұрған тағамдардың қайсысы құнарлы, қайсысы ағзамыз үшін пайдалы екенін де білмейміз. Біз дүкендерге қандай азық-түліктер әкелінетінін де білмейміз. Жылыжайда оқушылар өз қолдарымен, көздерімен көріп экологиялық тап - таза, дәрумендерге бай көкөністерді өсіре алады.
Зерттеу тақырыбының мақсаты:мектеп оқушыларын жыл бойы дәруменге мол, құнарлы өніммен қамтамасыз етуге жағдай жасау.
Міндеттері:
- Біздің ауылымызда өсірілетін көкөністермен танысу;
- Жылыжайда біздің климаттық жағдайларда өсетін көкөністердің ерекшеліктерін зерттеу;
-Ауыл халқын көшеттермен және ауылшаруашылығы өнімдерімен қамту.
- Жылыжайдың құрылымдарымен танысу;
- Эксперименттік жұмыс үшін жағдай жасау;
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:
Жылыжай орны – Аққозы ЖОББМ- балабақшасының оқу-тәжірибе үлескісі.
Зерттеу гипотезасы – жылыжайда өсірілген көкөністер мен жемістер экологиялық таза болады, онда өсірілген өнімдер оқушылардың денсаулығын нығайтуға ықпал ететін болады және мектепті қаржыландыруды қамтамасыз етеді.
Жобаны жүзеге асыратын әдістері - жобалау , тәжірибелік , зерттеушілік, сауалнама алу т.б.
Күтілетін нәтиже:
1.Барлық оқушылар үшін мектепте арзан ыстық тамақпен ұйымдастыруға мүмкіндік болады.
2. Жергілікті халық гүлдер мен көкөністердің өсірілген көшеттерімен (қырыққабат, сәбіз, қызылша) қамтамасыз етіледі.
3.Ерте көктемде мектеп жылыжайында сату үшін және оқу-тәжірибе үлескісі үшін көшеттер өсіріледі . Жаздың алғашқы айларында - ақ жас жаңа піскен көкөністер ала алады.Түскен пайда мектеп асханасына және материалдық – техникалық базаны жақсартуға жұмсалады.
Жоспар:
І. Кіріспе
«Дұрыс тамақтанып жүрміз бе?»
ІІ. Негізгі бөлім:
1.Жобаны жүзеге асыру кезеңдері:
А- теориялық білімдер.
Б- Көкөністерді өсіру ерекшеліктері.
В- Жылыжай құрылысын бастау
Г-Жылыжай жасауға қандай материалдар қажет.
2. Жылыжайда жүргізілетін эксперименттік жұмыстар.
3. Жобаны жүзеге асыру жоспары.
4. Жобаның бюджеті.
5. Қорытынды.
Медицина ғылымының атасы әйгілі Гиппократ: «Біз тамақтану үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз»,- деген екен. Расында да осылай, өмір сүру үшін тамақтанамыз, аксиома бұл – дәлелдеуді қажет етпейді. Дегенмен, қазірде өмір сүруіміз үшін тамақтанып жүрген азығымыз жайлы толықбілемізбе?
Бүгінгі қоғамда тағамның түр – түрі дүкен сөрелерінде толып тұр, тіпті кейде не жейтініңді білмей де қаласың. Күнделікті қажетімізге жаратып жүрген тағамдардың құрамы мен сапасына көп жағдайда мән бере бермейтініміз де шындық.
Еліміздің ертеңі – балалар. Ал, балалардың өсіп жетілуі мен толыққанды дамуында тамақтанудың атқаратын рөлі орасан зор екені айтпаса да түсінікті. Кемел келешегіміздің кепілі сәбилер қазір не жеп жүр? Ендеше, балаларымызға өз қолымызбен беріп жүрген тамақтарымыздың құрамына қанықпызба?
Бүгінгі таңда, яғни дамыған біздің заманда ішіп отырған азығымыздың өзін білім мен ғылым айналып өтпеді. Сіз (ГМА) генетикалық модификацияланған ағзалар (организмдер) дегенді естідіңіз бе? Ол қандай ағзалар?
ГМА – бұл биотехнолог ғалымдардың тағамды түрлі зиянкестерге, суыққа, ыстыққа төзімді етіп жасап шығарған еңбегінің жемісі. Ол қалай жүзеге асады? Зиянкестер мен әр түрлі жағымсыз жағдайларға азық қалай төзімді бола алады? Мұндай азықтардың құрамына түрлі жануарлар мен жәндіктердің гені егілген. АҚШ-та жеміс-жидекке жанды организмнің ДНК-сін қосып «сапалы» өнім шығару қолға алынған. Мәселен, камбала балығының ДНК-сын қосып қызанақтың жаңа сортын ойлап тапты. Кәдімгі күріштің тұқымына адамның бауырынан алынған ДНК-ны қосып, құрт жемейтін өнім жасады. Картоп пен бәйшешекті будандастырды. Мұндай жағдайда өнімге зиянды жәндіктер жоламайды және ұзақ сақталады. Тіпті, Қазақстанда өсірілетін бидайға да мысықтың ДНК-сы қосылғанынан көпшілік бейхабар. Білгіңіз келсе, қамба толы астыққа тышқан жіберіп көріңіз, «мысық-бидайдың» маңын баспайды. Тіпті мұндай ұннан жасалған нанның өзін тышқан тістемейді де.
Генетик ғалымдардың нақты есебі бойынша әлемде 1000 түрлі өсімдік тектес көкөніске гендік будандастыру жүргізу мүмкіндігі бар екен. Ал қазір бұлардың 100 түрі таңдап алынып, будандастырылған. Ең кең таралған гендік модификацияланған дақылдарға — соя, жүгері, бидай, қызылша, мақта, рапс, картоп жатады. Былайша айтқанда, халық ең көп тұтынатын заттар.
Қазіргі таңда гендік модификацияланған тағамдар нарығымызды жаулап алды. Емізулі баланы да, одан қалса, баланы емізетін ананы да сондай тағамдармен қоректендіреміз Бір қызығы биотехнология ғылымының осы тұсын ең алғаш ойлап тауып, қолданысқа енгізген АҚШ модификацияланған өнімдерге өз елінде тиым салған көрінеді.
Модификацияланған өнімдер – қарапайым тілмен айтқанда, өзінің бастапқы табиғи күйін жоғалтқан өнімдер. Мұндай өнімдерді жасап шығаруға не түрткіболды?
Біріншіден, ол өнімдер түрлі қолайсыз жағдайларға төзімді; екіншіден, нарық бағасынан сәл төмен; үшіншіден, зиянкестермен күресіп жату – көп еңбекті қажет етеді; төртіншіден, жері аз, халқы көп елдер үшін табиғи қалпында өсіруге қарағанда уақытты ұту. Бесіншіден – өнім қаншалықты көп болса, табыс та еселенбек. Ғалам болып, дамыған болып ұтқанымыз осы. Ал енді ұтылғанымызды бағамдап көрелік.
Біріншіден, ГМА қауіптілігі – гендердің орналасуымен байланысты. Гендердің өзгеріске ұшырауынан белгісіз улы заттар түзіліп, адам мен жануарларда жағымсыз әсер туғызуы мүмкін. Біздің елде өсірілмейтін тропиктік жемістерді алайық. Көп балаларда апельсин, лимон, ананас, кивиді жегенде аллерия каптап кетеді. Демек, модификацияланған өнімдердің аллергия тудыратын қасиеті бар.
Екіншіден, гендік модификацияланған аты да айтып тұрғандай ген арқылы будандастырылған өнімдердің адам геніне әсер ететінін айтпай кетуге тағы болмайды. Генетика – тұқым қуалаушылық туралы ғылым екенін есімізге түсірсек, осы өнімдерден болған аурулардың туқым қуалайтынын да есімізден шығармауымыз керек.
Ресейлік ғалымдар тәжірибе жүзінде гендік модификацияланған тағамдарды егеуқұйрықтарға берген көрінеді. Сонда әлгі азық-түлікті пайдаланған егеуқұйрықтардың үшінші, төртінші буындары ұрпақсыз қалған. Ашығын айтқанда, белсіздікке, бедеулікке ұшыраған. Ендеше, қазір көп қыз-келіншектеріміздің бала көтере алмай жүргеніне, жігіттеріміздің белсіз болып жатуына осы тағамдардың әсері болмағанына толық сенім бар ма?
Үшіншіден,бабаларымыздың «Ауру – астан, дау – қарындастан» деген сөзін түсірейікші есімізге. Бұрын неге ауру аз болған? Жауабы өте қарапайым – себебі, халқымыз тек табиғи өнімді пайдаланған. Трансгенді өнімдерді қолдану асқазанның сілемейлі қабатының құрылымын, зат алмасуды бұзады деген тұжырым бар.
Төртіншіден, жоғарыда айтып өткеніміздей модификацияланған өнімдердің бастапқы табиғи қалпын жоғалтқанын еске түсірсек, табиғилығын жоғалтқан өніммен тамақтанған ағзаның да өз иммунитетінен айрылатынын ескермеуге тағыболмайды.
Бесіншіден делік, Ресейдің тағамтану институты трасгендік картопқа зерттеу жүргізгенде, мынадай қызық жағдайға тап болған. Осы картопты жеген көртышқанның мүшелерінде және қан айналу жүйесінде өзгерістердің болғаны байқалған. Ендеше, мұндай өнімдермен қоректену – қанайналым жүйесінің өзгеруіне де әсер етпей қоймайды екен.
Модификацияланған өнімдерді күнделікті тұрмыста қалай анықтауға болады? Мәселен, сіз үйге балаңызға нестле шокаладын алып келдіңіз, ал оған зиянкестер жоламайды. Сіз сәбиіңіздің дене мүшелері толыққанды жетілсін деп алма алдыңыз, оның сіз түгілі, құртекеш құрт та дәмін татпайды. Тағы бірде сіз салат жасап жейін деп қияр мен қызанақ алып келдіңіз де, ұмытып кеттіңіз, ол көп уақытқа дейін, сіз салат жасаймын дегенше бұзылмайды. Ал ауылдан ешқандай будандастырылмаған, тіпті химиялық қосынды да кесздеспейтұғын алма мен жүзімді, шие мен шабдалыны құрт- құмырсқа сізбен бірге таласып жеп бітеді. Шалғайдағы ағайынның беріп жіберген қияр мен қызанағы мейлі тоңазытқышқа қойыңыз, ол бұзылып, шіріп те үлгереді. «Қияр неге қауындай, шие неге қызанақтай?..» деп қызылкеңірдек болып жүрген зерттеушілер сөзі де – құлағыңызға алтын сырға.
Бұлардың барлығы – ғылымды серік қылған ғалымдарымыздың зерттеуі, бірінің теріс, бірінің оң беріліп жатқан қызу пікірлері. Ал бұл пікірлер ортақасып, ымыраласамын дегенше, балаларымызға, болашағымызға, ертеңіміз болатұғын еркелерімізге қазақтың дархан жеріндегі құнарлы топырақтан маңдай термен алынған табиғи өнімдерімізді бере тұралық.
Жобаның жүзеге асыру кезеңдері
Ең алдымен жылыжай салу үшін, мол мәлімет, көп білім қажет. Мен ол үшін көп іздендім интернет желісінен видеороликтер қарадым , жылыжай құрылысы туралы кітаптар оқыдым.Біздің ауылда жылыжай шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер жоқ. Біз бизнес- жобамыз арқылы ең алдымен көкіністік өсімдіктерді өсіруді қолға алмақпыз, бірте-бірте жеміс- жидектер мен гүлдер өсіруді қолға аламыз.Негізінен жылыжайларда қызанақ, қияр, бұрыш, баклажан, салат, редис және аскөк, шпинат, қырыққабат, ақжелкен өсіруді қолға алмақпыз.
2. Көкөністерді өсіру ерекшеліктері.
Қияр тұқымдарын 20 сәуірде себіледі және 20-22 күннен соң (10-12 мамыр), көшетті жылыжайға яғни тұрақты орынға отырғызады.Көшет тұқымдарын стақанға, пакеттерге немесе құмыра ыдыстарға 8X8 или 10Х10 см өлшемде егеді. Көшетті 22—25 күннен артық өсірмейді.
Топыраққа қызанақ тұқымын себер алдында, калий перманганатының жылы ерітіндісінде (0,5ст суға 1 г марганцовка ) 15-20 минут малып аласыз. тұқым . Ерітіндіге жібіткен соң оларда тамыршалар пайда болғанша күтесіз. Көшетті + 22 + 25 ° С температурада, шағын қорапта өсірген дұрыс.
Болгар бұрышын 2 тұқымнан құмыраларға өсірген тиімді немесе + 21 + 24 ° С температурада диаметрі 8 см көшетке арналған жәшіктерге отырғызған жөн. Егер қажет болса, өсімдіктерді диаметрі 23 см, диаметрі немесе 2-3 тен көшетке арналған қалталарда өсірген дұрыс.
Редис - біржылдық өсімдік. Жарық сүйгіш өсімдік, көлеңкеде яғни күн дұрыс түспесе түйнектері кішкентай болады. Шалғам өскіндері -3 C, ал ересек өсімдіктер минус 5 ° С салқынға төзімді. Өскіндердің өсуі үшін оңтайлы температура + 18 + 20 ° С .
Жылыжай құрылысын бастау.
Көкөніс дақылдарын өсіру технологиясы бойынша сөрелі , сөресіз/топырақпен/ және гидропондық жылыжайларды ажыратады.Жылыжай қаңқасын тұрғызу үшін болаттан , мырышталған және алюминий профильдер және желімделетін ағаш элементтерін пайдаланады.
Сыртынан жабылған мөлдір жабынына қарап әйнектелген жылыжай және қатты полимер материалмен жабылған жылыжай болып бөлінеді.
Жылыжайда жылу мен энергия үнемдеу үшін, 5-25 мм ауа қабаттары бар арнайы екі қабатты қатты полимерлік материал пайдаланылады.
Сонымен қатар жылыжайды бір немесе екі беткейлері тең цилиндрлік және гиперболалық жоталы, ангарлық және блоктық деп те бөлуге болады. Жылыжайға арналған орын оның солтүстік жағынан ,жоғарыдан шамамен 2м қорғалған болу керек. Жылыжай ұзына бойымен әрдайым күн сәулесінен ауысуын ескеріп, батыстан шығысқа қарай орналастырылады.Жылыжайда өсімдіктер мол өнім беруі жарықтың түсуіне байланысты. Күн сәулесінің жетіспеушілігі жылыжайда қияр, қызанақ, бұрыш сияқты жарық сүйгіш көкөністер өсіру мүмкін болмайды.
Қысқы жылыжайды шығыстан батысқа қарай,ал көктемгі жылыжайды солтүстіктен оңтүстікке бағыттау жақсы нәтиже береді.
Жылыжай жасауға қандай материалдар қажет.
Қаңқасы жүздік поликарбонаттан және металл құбырлардан жасалады.Жылыжайда өсімдіктер өсіру үшін 25 С температура қажет. Жылыту көзі – газ арқылы. Жылыжай қаңқасын әр бағытта құбырлар қиып өтеді.Бір ссекцияның ұзындығы 2,1 м. Ауданы 100 кв.м . Жылыжайдың ені 10 м, ұзындығы 20 м , биіктігі 2,5 – 3 м болады деп есептеп отырмыз. Жылыжайда өсімдіктерді суару үшін су жылытатын 2-3 куб м ыдыс орналастырамыз. Мектебіміз су көзімен қамтылғандықтан сол суды жылытып пайдаланамыз.
4. Эксперименттік жұмыс.
Біз экспериментке мектеп жанындағы аумағы 0,5га болатын оқу – тәжірибе үлескісін аламыз деп отырмыз. Әр көктемде біз қызанақ және бұрыш көшеттерін отырғызып аламыз. Бұл жылыжай жылына 50-70 мың т табыс әкеледі деп есептеп отырмыз. Үлескінің топырағы құнарлы болғандықтан, бірте – бірте жылыжайда өсімдіктер көлемін ұлғайтамыз деп есептейміз. Ескі жылыжайды әрбір көктемде жабынмен жабамыз.Жылыжай күн астында ұзақ ашық болса өзінің құнарлығын төмендетеді. Жыл сайын жаңа қақпақ болып табылады. Бұл тиімсіз болып табылады. жаңа жылыжай азайту үшін берік поликарбоната шығындарды жабуға қажет. Әрбір жылда жаңадан жабын жабамыз. Бұл тиімсіз. Жылма жылғы жаңа теплицаға ала беріп шығынданғаннан сапалы поликарбонатпен жапқан тиімді.
Жылыжайдың қаңқасын солтүстіктен – оңтүстікке бағыттаған дұрыс. Жылыжайдың жарық мол келетін жағын тіке оңтүстікке қаратқан тиімді себебі күн сәулесі оңтүстіктен мол түседі және жарықтың , жылудың шашырауы осы бетте жоғары.
Егер оңтүстікке қарататын мүмкіндік болмаса шығыс жақтан түсірген дұрыс.Сонымен қатар осы заманғы заманауи технолгияларды енгізу арқылы жылыжайда ыңғайлы микроклимат қалыптастыруға жағдай жасап , есесіне сапалы, экологиялық таза , жоғары өнімдер аламыз деп ойлаймыз.
Жобаны жүзеге асыру жоспары: Iкезең. 2015-2016 оқу жылы
№ |
Жоспарланған іс-шаралар |
Орындалу уақыты |
Жауапты |
|
|||||
1 |
Педагогикалық кеңесте «мектеп жылыжайы» бизнес-жобасы жөнінде хабарлама. |
наурыз |
Төлеуғалиева.Р |
|
|||||
2 |
Жылыжай құрылысына материалдар алу. |
ақпан |
Төлеуғалиева.Р |
|
|||||
3 |
Ата- аналар комитетінің отырысында «мектеп жылыжайы» бизнес-жобасының жүзеге асуына көмектесулерін сұрау. |
наурыз |
Мектеп әкімшілігі |
|
|||||
4 |
Жылыжайдың бағандарын тұрғызуға ата- аналарды тарту. |
Сәуір- мамыр |
Ата- аналар, география- биология пән мұғ |
|
|||||
5 |
Бағандарға шұңқырлар қазу. |
мамыр |
Жоғары сынып оқушылары |
|
|||||
6 |
Жылыжай құрылысын бастау. |
мамыр |
Мектеп ұжымы |
|
|||||
7 |
Қара топырақ тасу. |
маусым |
Оқушылар |
|
|||||
8 |
Көшеттер егу |
маусым |
Оқушылар |
|
|||||
9 |
Көшеттерді күту/ су құю, арамшөптер жұлу/. |
Маусым-тамыз |
Төменгі сынып оқушылары |
|
|||||
|
10 |
Өнімдерді жинау / қияр, бұрыш/ |
қыркүйек |
Оқушылар |
|||||
11 |
Өнімдерді консервілеу, тұздау. |
Қыркүйек-қазан |
Жоғары сынып қыз балдары |
||||||
12 |
Жылыжай орнын жинау, топырақты дайындау. |
қазан |
Оқушылар |
||||||
II кезең. 2016-2017 о/ж
№ |
Атқарылатын жұмыстар |
Орындалу уақыты |
Жауапты мұғалім |
|
1 |
Тұқымдар сатып алу |
Қаңтар-ақпан |
Төлеуғалиева Р |
|
2 |
Көшеттер отырғызу. |
Ақпан-наурыз |
Оқушылар |
|
3 |
Көшеттерді өсіру, күтіп-баптау. |
Ақпан-мамыр |
Оқушылар |
|
4 |
Ауыл тұрғындарына көшеттерді сату. |
Мамыр-маусым |
Оқушылар |
|
5 |
Тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық акциясын өткізу « Тегін береміз» |
маусым |
Мектеп оқушылары |
|
6 |
Оқу-тәжірибе үлескісіне көшеттер мен тұқымдарды отырғызу. |
маусым |
8-10 сынып |
|
7 |
Мектеп айналасына гүлдер егу. |
маусым |
Оқушылар,кіші қызметкерлер,мұғалімдер. |
|
8 |
Тәжірибелер жүргізу. |
маусым |
6-11 сынып оқушылары |
|
9 |
Суару, түптеу жұмыстары |
Жаз бойы |
Мектеп оқушылары |
|
10 |
Көкіністерді жинау. |
Тамыз-қазан |
оқушылар |
|
|
|
Тамыз-қазан |
|
|
|
|
Қыркүйек-қазан |
|
|
|
|
|
Төлеуғалиева Р Кенжеғалиева З |
|
|
|
|
Мектеп әкімшілігі |
Бизнес- жобаның бюджеті.
Шаралар атауы |
Қажет жабдықтар |
құны |
Қаржы алу көзі |
Қаладан қоршаулар алуға жол ақысы |
1 рейс 40 л |
7200 т |
Ауыл әкімшілігі, кәсіакерлер |
Бөренелер әкелу |
Бензин 15-20 л |
3000т |
Мектеп әкімшілігі |
Жылыжай құрылысы |
Шегелер |
2000т |
Мектеп |
Жылыжайды жарықтандыру жұмыстары |
Кабелдер, розеткалар, лампочкалар. |
5000т |
Мектеп, кәсіпкерлер |
Жылыжайға қаратопырақ тасу |
20 л бензин |
3000т |
Ауыл әкімшілігі |
Көкіністер мен жемістердің тұқымдарын сатып алу |
Қияр, қызанақ, бұрыш, сәбіз, шалқан, пияз, картоп, түрлі гүлдер т.б |
3000т |
мектеп |
Өсімдік зиянкестеріне қарсы дәрілер сатып алу. |
Новосил, аммиакты су т.б |
3000т |
мектеп |
Оқу- учаскесін қоршау |
50куб.м материал |
10000т |
Ауыл әкімшілігі |
Жалпы құны: |
|
36200т |
|
Қорытынды:
Біз барлығымыз ауылдық жерде тұрамыз сондықтан әрбір үйдің жанында шағын болса да көкініс егетін орын бар, бірақ барлығының бірдей қаладан өсімдіктердің көшетін алдыратын мүмкіндіктері болмайды және біздің менталитетіміз алдын ойлап қыста яғни ақпан – наурыз айында көшет отырғызуға дағдыланбағанбыз немесе ерінеміз не ұмытып кетеміз.
Мектепте ыстық тамақпен арнайы категорияға жататын оқушылар: көп балалы,аз қамтылған т.б отбасының балалары ғана бюджет есебінен ішеді. Ауылдық жерде тұрғындардың көпшілігі жұмыссыз, балаларының сатып алып тамақ ішуге кейбірінің жағдайы келмейді, бір үйде кем дегенде 2-3 бала мектепте оқиды. Бюджет есебінен берілетін ыстық тамақ балалардың толыққанды құнарлы тағаммен қамтуға толық қажетін өтемейді. Сонымен қатар ауылдағы әр отбасы жылыжайда өсірілген табиғи өнімдерді алса, онда егілген көшеттермен үйлерінің айналасын көгалдандырса онда біздің азда болса ауылымыздың экологиясын қорғауға қосқан үлесіміз деп білеміз.
Жоба алынған өнім арқылы, көкіністер мен көшеттерден түскен пайда арқылы сонымен бірге оқу- тәжірибе үлескісінің аудандық кезеңіне қатысқанда т.б нәтижесі көрінеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. «С чего начинается сад» Х.Г. Кучушев. Казань. 1984.
2. « Парники и теплицы», Белоконь Е.П. и др. Парниковое хозяйство на приусадебном участке. М: Агропромиздат, 1991.
3.Климов. В.В. Оборудование теплиц для подсобных и личных хозяйств. М.: Энергоатомиздат, 1992.
4.Кузнецов.А. И. Сельская усадьбе. М.: Росагропромиздат, 1988.
5.Поройков. Ю. В. Садово – огородные теплицы и парники. М.: Росагропромиздат, 1991.
6.Ченыкаева. Е. А., Спиридонова А.И. Советы огородника: Справочное пособие. М.: Колос, 1983.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі