Пәні: Педагогика
Сабақтың тақырыбы: Мұғалім, сынып жетекшісі
Сабақтың максаты: 1. Білімділік: Оқушыларды білімділікке,сауаттылыққа үйрете отырып білім беру.
2. Дамытушылығы: Оқуға деген қызығушылығын арттыру.
3. Тәрбиелігі: Оқушыларды мәдениеттілікке руханилыққа,адамгершілікке және интелектуалдықты үнемі даму қажеттілігіне тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд, Үлестірме қағаздар, т.б.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын сұрау. Жаңа сабақ.
1.Қазақстан Республикасында сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп,өткізетін педагог. Бастауыш сыныптарда жетекшілік қызметті сынып мұғалімі атқарады.
Бүгінгі күн сынып жетекшісі – кәсіпкер-педагог, ол өсіп келе жатқан бала үшін:
• жалпы азаматтық мәдениетті меңгеретін оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы;
• сынып жұмысының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында өзара ынтымақтастық қарым-қатнасының қалыптасуын ұйымдастырушы;
• оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы; тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер жасаушы;
• оқушының күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда, кәсіби бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық, саяси ерекшеліктерін түсінуде көмекші, кеңесші;
• сыныпта қолайлы моральдық-психалогиялық ахуал қалыптастыру үшін сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелі ықпалдар жасаушы;
• оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын тәрбиелік күштердің (мектеп, отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші.
Сынып жетекшінің негізгі міндеттері:
Тәрбиеші-педагог назарынан тыс қалдырмайтын бірінші обьект, бастапқы міндет тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Ұйымдастыру қызметі болғанда тәрбие болмайды, тұлғаның даму барысында кездейсоқ жағдайлар орын алады.
Сынып жетекшісінің назарындағы екінші обьктісі мен міндеті – ұжымды ұйымдастыру және дамыту.
Сынып жетекшісінің үшінші міндеті – оқушы тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау.
Кейбір зерттеушісінің пайымдауы бойынша, сынып жетекшілері оқушылар және олардың ата-аналарымен қарым-қатнастар ұйымдастырғанда төрт түрлі міндеттер атқарады:
Бірінші топ міндеттері – әлеуметтік міндеттер: баланы қорғау, көмек көрсету, әлеуметтік байланыстар жүйесіне енгізу, отбасымен және тәрбие институттарымен баланың дамуына және оның даралық қасиеттерін қалыптастыруға қолайлы жағдай жасау үшін байланыс орнату.
Екінші топ міндеттері – диагностикалық-этикалық: сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру ,өз оқушыларын, олардың ерекшеліктерін, дара қасиеттерін білу.
Үшінші топ міндеттері – Адамгершілік міндеттер: баланың жақсылық пен жамандықтың белгілерін ажырата алуына, белгілі жағдаяттарда оқушының адамгершілік шешімдер қабылдай алуына мүмкіндік беру.
Төртінші топ міндеттері – жеке-дара тәжрибелік сипаттағы міндеттер: оқушылармен жұмыс ұйымдастыруға тиімді педагогикалық құралдарды таңдап алу, өз жұмысын жоспарлау, талдап түзету және педпгогикалық рефлекция.
Осы бастапқы міндеттерді ескере отырып сынып жетекшісінің негзгі қызметтері айқындалады. Олар: диагностикалық,комуникативтік, тәрбиелік, жобалаушылық, ұйымдастырушылық, бағалаушылық,қорғаушылық-қамқоршылық, түзетушілік.
Сынып жетекшісінің атқаратын міндеттері:
Талдау қызметі:
• балалардың жеке жара ерекшеліктерін зерттеу;
• әр оқушының отбасындағы тәрбиесін зерттеп, талдау;
• оқушы мен ұжымның тәрбиелік құндылығын талдау;
• сынып ұжымының қалыптасуы мен дамуын зерттеп, талдау;
• ортаның сынып оқушыларына ықпалын зерттеп, талдау;
• өткізлетін іс-шараның тәрбиелік құндылығын талдау;
Болжамдық (прогностикалық):
• тәрбиелік ықпалы мен жоспарланған іс-шараның нәтижесін болжау;
• оқушылардың жеке дара даму деңгейінің нәтижесін болжау;
• ұжымның қалыптасуы мен даму кезеңдерін болжау;
• мектептің тәрбие жүйесіне сәйкес сыныптағы тәрбие жүйесінің моделін құру;
• ұжымдағы қалыптасып келе жатқан қарым-қатнастардың салдарын болжау (оқушылар арасындағы, ата-аналар оқытушылар арасындағы) ұйымдастыру-үйлестіру:
• әр оқушының даму ерекшеліктерін психалогиялық-педагогикалық қатарда көрсету ;
• оқушының оқу әрекетінде көмек көрсету;
• әрбір оқушыға және ұжымға жеке дара ықпал жасау;
• оқушыларға үйірмелер, клубтар, секциялар, бірлестіктер арқылы қосымша білім алуға көмектесу;
• оқушылардың дербестігі мен құқықтарын қорғау;
• оқушылардың отбасы мен байланыс ұйымдастыру, пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысу;
• кәсіби бағдар беру, болашақ мамандығын таңдауға саналы көзқарас қалыптастыру;
• қажетті іс қағазды жүргізу (жұрнал, сабаққа қатысуын қадағалау, сынып сетекшінің жұмыс жоспары);
Коминикативтік:
• оқушылар арасында өзара қарым-қатнас қалыптастыру, ұжымға үйренуге, қатарларының арасында қанағаттандыратын статусқа ие болуға көмектесу;
• оқушы-оқушы, оқушы-ата-ана, ата-ана-оқушы арасындағы өзара қолайлы байланысты орнату;
• оқушылардың қоршаған ортамен қолайлы қатнас орнатуы;
• ұжымда әр оқушыға қолайлы психикалық ахуал орнатуға үлес қосу.
Жеке шәкірттері жайлы сынып жетекшісі білуі керек мәліметтер:
• баланың ден саулығы;
• отбасындағы өмірі мен тұрмыс жағдайы;
• баланың ішкі жан-дүниесі, рухани байлығы;
• мінез-құлқы, темпераменті, қызығушылығы,еркі, зейні, т.б. психологиялық ерекшеліктері;
• үлкендермен, кішілермен, ата-анасымен, жолдастарымен қарым-қатнасы;
• моралдық бейнесін, адамгершілік қасиеттері;
• еңбекке көзқарасы.
• эстетикалық талғамдары, қызығулары, өнерге, әдебиетке көзқарасы.
• интелектуалдық дамуы.
• саяси сауаттылығы, т.б.
2. Сынып жетекшісі тәрбие процестерінің ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие ісін бірізділікен басқара жұмыс нәтижелі болады.
• тәрбие ісінің негізгі мақсатын,міндеттерін, маңызын біліп, түсіну өзекті мәселелерін көре білу. Оқу-тәрбиежұмысының тимді әдістері мен қажетті түрлерін пайдалану әдістемесін менгеріп алуы;
• талдау барысында тәрбие ісінің белгіленген мақсатқа сәйкестігін анықтау, кемшіліктерінің себептерін түсіну. Мұғалімнің тәрбиелік іс-шараны талдау шеберлігі, өзінің көзқарасын қорғап, дәлелдей алуы;
• тәрбие ісінің нақты бағдарламасын жасауы. Оқушылардың көзқарасын қалыптастыру жолдарын тереңнен ойластыруы;
• сынып жетекшісі іс-әрекеті ұйымдастырып қана қоймай, оқушылардың жақсы қасеттерінің дамуына жағдай жасауға тиіс. Істі қортындылағанда, оқушылардың жетістіктеріне аса көңіл бөлген жөн;
• тәрбиелеу барысында мұғалімнің өзінің күшті және әлсіз жақтарын ескеруі;
• тәрбие ісін жетілдіру мақсатымен мезгіл-мезгіл өз жұмысын өзі тексеріп, талдап оқушылардың даму денгейін зерттеп отыруы;
• оқушыларды зерттеу арқылы тәрбиелік міндеттерді анықтауы.
3. Сынып жетекшісі жұмысын ең алдымен оқушыларды, олардың арасындағы қарым-қатнастарды, оқушылардың отбасын зерттеуден бастайды. Зертеу барысында сынып оқушыларының тәрбиелік дәрежесі анықталды. Соған байланыстысты тәрбиелік міндеттер мен мақсат айқындалады. Белгіленген макқсатқа сәйкес тәрбие жоспары жасалады. Сынып жетекшісі жоспар жасағанда сыныбының ерекшеліктерін (жас ерекшеліктері, тәрбиелік дәрежесі, қызығыушылығы), өзінің қабілетін ескергені жөн.
Жоспар жасалғанда ескерілетін жағдаяттар:
- өткен жылғы жұмысты талдау;
- сыныпқа сипаттама беру;
- жоспарда тәрбиенің алдында тұрған міндеттерді айқындау;
Жоспардың түрлері өте көп, бірақ мұғалім өзіне қолайлысын таңдағаны жөн.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі