Өлең, жыр, ақындар

Болашақ бүгіннен басталады

Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектебінің

Психологы: Еңсебаева Риза Оразбекқызы

 

(Интерактивті сабақ)

Мақсаты: А) Оқушылардың өзін-өзі тани білудің негізгі шарттарымен таныстыру, өзін бағалата отырып, өз бойындағы сапалық қасиеттерді дамыту.

Ә) ҰБТ тапсыруда өзіне-өзі сенімділікті және кез келген жағдайда жақсы бейімдеуге дағдыландыру.

Б) ҰБТ-ға даярлық барысында оқушылардың ішкі әлемін қалыптастыруға ықпал жасау, ішкі психикалық күшін дамыту.

В) өз бетінше шешім қабылдай алатын, бәсекеге қабілетті толыққанды дамымыған тұлға қалыптастыру.

Қажетті материалдар:

 А4 қағаз, магнитафон, конферт, қалам, бояулар, қайшы.

Тренинг барысы:

І. Кіріспе:

Бір күні Насредин атты адам үйіне кеш келе жатыпты. Келе жатып үлкен қамалдың жанынан өтіп бара жатып атты адамдардың дауымын естиді де, қарақшалар деп қаша жөнелді. Қашып бара жатып шалынып құлап, жаңа қазылған орға түсіп кетіпті. Ал шын мәнінде атты адамдар қарақшылар емес, кәдімгі диқаншылар еді. Олар қашқан адамды көріп:

Мына адамға көмек керек болар, барайық, - деп Насрединнің жанына барады. Барып «Не істеп жатырсыз», - деп сұрайды.

Сол кезде Насредин өзінің қателігін түсініп, «Бұл күрделі философиялық сұрақ. Ең бастысы сіздер мен үшін осындасыздар, ал мен сіздер үшін осындамын», - деген екен. Олай болса, сіздер мен үшін, мен сіздер үшін осында жиналып отырмыз. Сол үшін жақсы көңіл-күйде, жақсы өарым-қатынаста тренингімізді бастайық.

ІІ. Сәлемдесу: Қатысушылар өзіне ұнаған ұлт өкіліне сай амандасады. Бірақ бір-бірін қайталамау қажет.

Талдау: Неліктен осы сәлемдесуді таңдадыңыз? Қандай әсер алдыңыз? Кімнең сәлемдесуі ұнады?

ІІІ. Танысу: «Менің есімім» (тренингке қатысушылар ортаға бейімдеу, бір-бірімен жаңын таныстыру). Қатысушалыр шеңбер болып отырады. Сағат тілімен оң жақта отырған қатысушы өзін осы тренинг барысында ұнаған есіммен, не ұнататын атақты адамдардың атымен таныстырады. Танысқанымызға қуаныштымыз. Рахмет. Жаттығу аяқталды.

Талдау: Не сезіндіңіз? Өзіңізді басқа атпен атаған қиын болды ма? Өзіңіздің жақсы өасиетіңіз атаған қиын болды ма?

Өз жолым бар, сонан соң өз атым бар,

Тағдырым бар сыр тұнған сезімімде әр.

Күнде бетке ап жол тартып бара жатқан

Өмін көшіне ілескен мен, жас балапан.

(Б.Үсенов)

ІV. Сабақтың ережесі: Сіз өзіңізді патша немесе ханшайым екендігіңізді елестетіңіз. Ал мына сынап сіздің патшалығыңыз. Мына ережелер сол патшалықтың залы. Сіз, сіздің патшалығыңыз соған бағыну қажет.

Патша ережелерін қабылдау:

  • Үндемеу ережесі
  • «Қазір және мұнда» ережесі
  • Сөзді бөлмеу ережесі
  • Қатынас көптігі ережесі
  • Тыңдап ал, содан кейінайт ережесі
  • Белсенді болу ережесі
  • «Тоқта!» ережесі
  • «Пирог» ережесі

Өлең сөзін оқу

Мына өмірде, жүрегіңде,

Бойыңда ыстық қан барда.

Болмысты да болмасты да

Болады деп арманда (М.Мақатаев)

Әр адамның өз алдында белгілі бір мақсат болады. Мұндай мақсат, адамның жүрегінің түкпірінен орын алып, сол мақсатқа жетуге деген жоғары күш пайда болдырып, үнемі жүрек соғысы соны қаласа... Бұл қол жеткізуге деген зор мақсат болады... К. Маркс

V. «Менің жан дүниемнің жыл мезгілі»

А. Қыс мезгілі адамға тыныштық береді. Сол сияқты сіздің алдыңызда келесі кезеңге қалып тұрған, әзірше маңызы жоқ мақсатымызда жазыңыз.

Ә. Сіздің өміріңізде әлі де қалаулы емес, бірақ сіз үшін маңызды, соған қарай әрекеттенуге бағытталу қажет деген мақсатыңызды жазыңыз.

Б. Жазда тіршілік өзінің толық жайқалған, өз жемісін, гүлін беретін кезеңіне келеді.

В. Сіз өз іс-әрекетіңіздің нәтижесін көремін деген мақсатыңызды жазыңыз. Күз піскен жемісті, егінді жинайтын кез. Сіз неге қол жеткіздіңіз, қандай мақсатыңыз орындалды сол жазыңыз.

 

VІ. «Поезд» сергіту жаттығуы – энерждайзер

Басқаларға қараңыз, сізде және басқаларда көп нәрсе ортақ.

VІІ. «Сіз армандай аласыз ба?» тест

  • Қолыңызға газет, журнал алсаңыз алдымен қарап шығасыз ба, әлде дереу оқуға кірісесіз бе?
  • Ренжеген кезде әдеттегіден артық тамақтанасыз ба?
  • Тамақтану барысында жеке шаруаңыз туралы ойланасыз ба?
  • Махаббат барысында хаттарыңызды сақтайсыз ба?
  • Сізді психология пәні қызықтыра ма?
  • Көлікпен үлкен жылдамдықпен жүруге қорқасыз ба?
  • Өлім туралы ойдан қорқасыз ба?
  • Ұйықтар алдында армандауды ұнатасыз ба?
  • Сегіз сағаттық ұйқыдан кейін де қатты шаршайсыз ба?
  • Махаббат туралы романдарды оқисыз ба?
  • Жеке қиыншылықтарыңызбен бөлісіз бе?
  • Жалғыз қалуды ұнатасыз ба?
  • Ыңғайсыз жағдайлар болса, уайымдап, ауыратын кездеріңіз бола ма?
  • Ой құшағында тұрып, аялдамаңыздан өтіп кеткен кезіңіз болды ма?
  • Сізді басқа қалаға көшіп кету туралы ойыңыз бола ма?
  • Адам мінезі тура бітеді деп ойлайсыз ба?
  • Киноға жиі барасыз, әсіресі махаббат туралы көркем фильмдерге?
  • Әрбір «иә» деген жауапқа 5 ұпайдан жазыңыз. Ұпайларды санаңыз.

 

  • 75-85 ұпай аралығы. Сіз шындықтан қорқақтайсыз. Анда-санда шындыққа тура қарап отырғанымыз абзал. Бұл сіздің өміріңізге жөн сілтейді.
  • 55-70 ұпай аралығы. Сіздің арманыңыз өмір шындығымен үйлесе бермейді. Әрине бұл сізге кедергі келтіреді, бірақ оған мән бере бермейді. Өмір сүруге байланысты туындаған сұрақтардың мүлтіксіз жауабын іздемеңіздер
  • 30-50 ұпай аралығы. Сіз шындық пен қиял арасындығы тепе-тендікті ұстай аласыз. Қанша армандағанмен де, сіз оның шынайы іске асу мүмкіншілігіне мән бересіз.
  • 5-25 ұпай аралығы. Сіз бәріне прагматикалық тұрғыдан қарайсыз. Сізге қиял жетпейді, өмірді салмақтысыз. Дегенмен кейде қалжың арқылы да мәселенің шешімін шешуге болатын түсінуге тырысасыз.

«Өз жұлдызыңды тап».

Мақсаты: Өзің сенімділікті сезінуге және босаңсуға мүмкіндік жаса.

Нұсқау: Шеңбер бойында отырып көзіңізді жұмыңыз. Үш рет дем алып, үш рет дем шығарыңыз.

Ал енді көз алдыңызға жұлдыөды аспанды елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кішкентай, жарық және сығырайған.біреулерге бұл бірнеше жұлдыздар, ал басқаларға сан жетпейтін біресе жақындап, біресе алыстайтын жарық нүктелер.

Сол жұлдыздарға қарап өзіңе ең көріктісін таңдап ал. Мүмкін ол сіздің арманыңызға ұқсайды, әлде бақытты, қуанышты, шабытты балалық шағыңызды еске түсіреді ме? Тағы да жұлдызыңызға қарап оны ұстап көруге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз! Сіз міндетті түрде оны аласыз. Жұлдызыңызды ақырын ұстап алдыңызға қойыңыз, жақсылап ұстап, оның қандай екенін және жарықтығын есіңізге сақтап қалыңыз.

Ал енді алақаныңызды жоғары созып, керіліп көздеріңізді ашуға болды. Қолыңызға түрлі қағаздарды алып, өз жұлдызыңызды салыңыз. Қиып алып біздің жұлдызды аспанымызға жапсырыңыз.

Енді бізге жұлдыздарымыз әр сабақта өзінің шуағын шашып, заттарымызды нығайтың отырады. Соңғы сабақта сіздер оны өздеріңізбен алып кетесіздер. Олар сізге білім жолында, барлық сынақтарда өмір бойы көмектеседі. Жұлдыздарға мұқият қараңыздар, олардың барлығы әр түрлі сіздермен біздер сияқты, бір-біріне  ұқсамайды.

 

Қорытынды:

  1. Релаксация «Данамен кездесу»

Сіздер өздеріңіз немесе таныстырыңыз өмірлеріңізде бір рет болса да көріпкелге, жұлдызжорамалға, астрологтарға сеніммен қарап, байқап көрдіңіздер. кез-келген адам болашағына ұмітпен байланыс орната біледі. Кейбір сіттерде армандарымыз орындалып жатыр.

Қазір әркім өз орнына жайғасып отырып, көзін жұмады. Терең 3 рет дем алыңыз. Сіздің қолдарыңыз еркін, әрі бос жатыр. Сіздің аяқтарыңыз да әлсіреп, босаңси бастады. Бойыңыздағы қысым азая бастады. Дененіз толығымен демалуда.

Енді өзіңізді басқа бір қалада, кішкене бір көшеде келе жатқандай сезініңіз. Оң және сол жағыңызда әдемі үйлер. Осы үйлердің бірінде, болашақты дәл болжайтын көріпкел тұрады. Бұл көріпкел өте дұрыс айтатын ерекше адам. Осы адамға барғандардың барлығы өз болашақтарын айқындап, мақсатты өмір сүруге шешім шығарады екен.

Сіз міне сол үйге таяп қалдыңыз. Емесннен жасалған ауыр есікті аштыңыз. Есіктің ар жағынан сізге ақ сақалды, жылы жүзді қария кездесті. Ол сізді «кіріңіз» деп шақырды. Сіз бөлмеге кіргенде көне кітаптар толы сөре, үстелдің үстінде жатқан картаны, жарқыраған айнаны, көрдіңіз. Диванда ала мысық ұйықтап жатыр. Көріпкел сізді шақырып креслоға жайғастырып отырғызды да сізге қарап сөйлей бастады:

-Көзіңізді жұм, мен саған жарқын болашағыңды айтамын ...

Осы сөзден кейін сіз ұйықтай бастадыңыз.

Сіз қарияның сөзін естіп тұрсыз ба әлде түс көріп тұрсыз ба білмейсіз. Сіздің көз алдыңызда болашақ өміріңіздің бейнесі тұр. Мүмкін сіз ҰБТ-тен ең жоғарғы балл жинап, бақыттан басыңыз айналған сәтті, әр түрлі құттықтау кезеңдерін, ЖОО-не түсіп, ондағы үлкен жетістіктерге жетіп, қуған сәттеріңізді көрдіңіз. Мүмкін сіз жиі қарымм-қатынас жасайтын адамдарыңызды көрдіңіз, мүмкін сіз дипломды алып, үлкен маман иесі, мемлекет қызметкерлері болған сәтіңізді, өз тәжірибеңізді таратып жатқан бейнеңізді көрдіңіз. Мүмкін сіз жанұяңызбен тұратын болашақ үйіңіздід, машинаңызды көрдіңіз.

Сізге болашақты айқын көруге біраз уақыт берілді. Уақыт өтсе, сізге көріпкелдің «Сен күштісің.. , Сенің қолдаудың қажет... , Сенің қолыңнан бәрі келеді..., Біз сен жақсы көреміз...» деген дауыстары естіле бастады. Бұл сөздер сіздің тамаша түсіңізді одан әрі көркейтуге көмек берді. 1 мин үзіліс

Енді сізді көріпкелдің оятып жатқанын сезе бастадыңыз. Сіз көріпкелге болашағыңызды айтқан үшін рахмет айтыңыз. Сіз енді қоштасарда бір нәрсе айтқыңыз келіп еді, көріпкел өзі сөйлеп, әңгімесін айтып есікке дейін шығарып салды. есікті. есікті жауып, далаға шықтыңыз. сіз қайтадан кішкентай көшемен жүріп келесіз. Енді міне өзімізге оралдыңыз.

Мен қазір 3-ке дейін санаймын. Сол кезде сіз сергек, өзіңізді тамаша сезімде оянасыз.

  • Сіз қартпен қандай қарым-қатынас ұстандыңыз? Сізге не ұнады? Тұлғалық өсу тұрғыда қандай мақсатқа жеттіңіз? Кәсіби өсуде не кедергілер болады?
  1. «Болашаққа хат»

Сіздер химияда «бензолдың» формуласынің ашылуы ұйықтап жатып түсінде көруі арқылы болғанын білесіздер. Бұл яғни бейсана арқылы санадан тыс болған. Сондықтан біз санамызға үзіліс жасап, арманымыздың орындалып, мақсатымызға жеткен кезімізді бейсана түрде жасап көрейік. Мүмкін арманымыз, алға қойған мақсатымыз арқылы да пайдалы құпияларды шешуімізге пайдасы болар.

Қатысушылар 2015 жылға арнап «Кім болады, кәсіби дәрежесі қандай, қандай жоспарлары жүзеге асады, қандай кедергілерді жеңеді» болашақ жоспарын хат ретінде жазады  да конвертке салады. Оны тек 2015 жылы 23 сәуір күні ашады.

 

  1. «Менің ойым»

Әр қатысушы сабақтан алған әсерін ортаға салады.

Жүлде дайын жарыстан озғанында.

Боладыөмір,өмір,өмірің өз қолыңда.

Болады жеңілмеске, болады шегінбеске,

Өмірің өз қолыңда (Қ. Мырзаәлі)

Қоштасу: Бір-бірімен құшақтасып, жақсы тілектер айтады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз