Өлең, жыр, ақындар

Қан топтары. Қан құю. Резус факторлары

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ортадересін ауылы
"Ортадересін жалпы орта білім беретін мектеп" КММ-сінің
Биология пәнінің мұғалімі: Кенжебекова Мейрамкул Адиловна

 

Сабақтың өтудегі басты мақсатым:

 

Қан топтары, қан құю, резус фактор туралы түсінік қалыптастыру және қан топтарына бөліну, тұқым қуалау себебін түсіндіру.

 

Сабақта алған білімдерін ғылыми әдебитттер арқылы дамытуға қызығушылығын арттыру.

Денсаулықты сақтауға, адам өмірін қорғауға тәрбиелеу донор болудың маңыздылығын түсіндіру.

Сілтеме: Оқулық, әдістемелік құрал. Биология және салауаттылық негіздері журнал №4, №7 2014  №1 2015 ж «Биология және экология» журналы

Көрнекілігі: Суреттер, слайдтар

Сабақ әдісі: Сын тұрғысынан ойлау. АҚТ, оқыту үшін бағалау

Ресурстар: Үлестірмелі материалдар, стикер, маркер, сурет

І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық ахуал орнату топқа бөлу, тілек тілеу, топ басшысын сайлау

Кіріспе: Психологиялық ахуал орнату. Елестетіп көріңіз.

Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Нұр сәулесі сіздің қолдарыңызға түсті. Қолыңыз тек жақсы, ізгі істер істейді. Нұр аяқтарыңызға тарайды. Аяқтарыңыз бізді тек жақсы жерге апарады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты, жақсы сөздер ғана айтады. Нұр көздеріңізге келді. Көзіңіз тек жақсылықты ғана көреді. Нұр сіздің басыңызға келді. Басыңызға тек ізгі сәулелі ойлар келсін. Нұрдың шұғыласы күшейе түсті. Енді оны туыстарыңызға, достарыңызға, мұғалімдеріңізге бағыттаңыз. Әркім нұрды жүрегінде сақтасын. Мен нұрлымын деген оймен көзімізді жайлап ашамыз.

Топқа бөлу: карточкалар арқылы, қан плазмасы, (су, нәруыз)

қан жасушалары (эритроцит, лейкоцит, тромбацит)

Енді балалар бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық. Өз ағзамыздағы мүшелерді келтіру арқылы тілектер айту.

1. Қанқадай тірек бол

2. Жүректей мейірімді бол

3. Көздей көреген бол

4. Бауырдай бауырмал бол

5. Тілдей шешен бол

6. Терідей сезімтал бол

7. Қолдай ұстамды бол

8. Құлақтай сақ бол

Топ мүшелерінен топ басшыларын сайлау:

Топ мүшелерін топ басшысы бағалап отырады.

Үй тапсырмасын тексеру:

Сұрақтар мен тапсырмалар

Ия

Жоқ

1.

Адам организімінің ішкі ортасын ұлпа сұйықтығы,қан мен лимфа құрайды.

 

 

2.

Қан плазмадан және қан жасушалары: эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттерден тұрады

 

 

3.

Эритроциттерде ерекше нәруыз-қанға қызыл түс беретін гемоглобин болады

 

 

4.

Адам организмінде эритроциттер және гемоглобин немесе қаназдық, яғни анемия ауруы пайда болады

 

 

5.

Эритроциттің қызметі - қанның ұюы және қан кетуді тоқтату

 

 

6.

Лейкоциттердің зиянды заттарды қоршап алу, сіңіру процесін орыс ғалымы. И.И.Мечников  «Фагоцитоз» деп атады. (1908 ж. Нобель сыйлығы берілді)

 

 

7.

Эритроциттердің жалған аяқтары бар

 

 

8.

Гемофилия - қан ұйымайтын, тұқым қуалайтын ауру

 

 

9.

Қан ағзаның ішкі ортасы, дәнекер ұлпа

 

 

10.

Фагоцитоз процесін Карл Ян ашты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәйкестендіру тесті, слайд арқылы тексеру

Қан жасушаларын, плазмасын қайталау

Үй тапсырмасын қайталау арқылы жаңа сабаққа көшу

Дәптермен жұмыс: Күнді жазу 18 қаңтар

Жаңа сабақ: Қан топтары. Қан құю. Резус фактор

Жаңа сабақты слайд арқылы түсіндіру.

Топпен жұмыс постер құрау,балалар құрап, өздері қорғайды

Ойлан тап: Топтық жұмыс

I-топқа  графикалық диктант

Эритроцит                                 қан мөлшері

Тромбоцит                                 қызыл түсті пигмент

Лейкемия                                 ағзаның ішкі ортасы

Гемоглобин                              ақ қан жасушалары

Гемофилия                               эритроциттердің түзілетін орны

5 литр                                       қан пластинкалары

Ұлпа,лимфа сұйықтығы                          қан ұю

Лейкоцит                                                   ақ қан ауруы

Кемік майы                                               қызыл түсті жасушалар

Тромбоцит қызметі                                  қан ұйымайтын ауру

II-топқа  биологиялық диктант

Эритроциттерде қанға қызыл түс беретін...болады

Фагоцитоз теориясын ашқан орыс ғалымы....

Қанның кішкентай түссіз,ұюға қатысатын жасушасы....

Қан ұйымайтын ауру...

Қанның ұюына қатысатын химиялық элементтер.....

Лимфада кездесетін лейкоцит түрі.....

Микробтарды сіңіріп қортатын процесс....

Лейкоциттер дегеніміз қанның....жасушалары

Ағзаның ішкі ортасына....,.....,......жатады

Қанның қызметі.....

Сегіту сәті: Жаттығу жасау «Мен қазақпын» 3 минут

 «Қан-тіршілік көзі» эссе жазу

Жинақтау: Қан топтарына байланысты жұмыс дәптерін толтыру. Қан топтарына мінездеме құру.

6- қалпақ  бойынша қортындылау

Бағалау: бағалау парақшасы бойынша

Үйге тапсырма. §34 «Қан топтары» реферат жазу .

Рефлексия: Сабақ ұнады

                    Сабақ ұнамады


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз