Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ортадересін ауылы
"Ортадересін жалпы орта білім беретін мектеп" КММ-сінің
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Болтайханова Таңшолпан Жадырабекқызы
Мақсаты: Еліміздің салт – дәстүрі мен таныстыра отырып, әдет ғұрып мәдениетін меңгерту. Халқымыздың дархан қасиетін дәстүрін оқушылар санасына сіңіру, дүниетанымын арттыру. Ұлтжанды, дәстүрді сыйлай білетін өмірлік ұстанымы бар тұлға тәрбиелеу.
Барысы:
Би:___________________________________________________________________
1-Жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Наурыз мерекесі құтты болсын. «Ұлттық мереке – ұрпаққа өнеге!» атты мерекелік бағдармамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
2-Жүргізуші: Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық,
Мерекесі халықтың наурыз тойын бастайық.
Құтты болсын мереке, болсын думан береке.
1-Жүргізуші: Келе жатыр жылымыз
Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша нұрланып, жадырасып бәріміз.
Күннің жаңа нұры бар, мұның ғажап сыры бар
Халық сүйген мейрамды қарсы алайық Наурызды!
2-Жүргізуші: Ұлыс күндеріңіз құтты болсын. Ата – бабаларымыздың сөзін айтсақ «ақ түйенің қарны жарылған күн». Бұл күні бабаларымыз бен әжелеріміз үйді аралап, наурыз көжеден дәм татқан. Үлкен кішіге ақ баталарын беріп ізгі тілек тілеген.
1-Жүргізуші: Уа халайық, халайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл тойдың,
Шашуларын шашайық!
(Ортаға шашу шашып шығады)
2-Жүргізуші:
Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілегі.
Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, жинап ал несібеңді,
Ризалығың болсын көл - көсір!
1-Жүргізуші: Жиналдық Наурыз тойға бәріміз де.
Үлкен – кіші жасымыз кәріміз де.
Енді ортаны баршаңызға ашайық,
Көрерменге жырдан шашу шашайық.
Ән мен күйді, жыр мен биді шалқытып,
Өнерменен інжу – маржан шашайық!
Ортаға даярлық сыныбы мен шағын орталықтың кішкентай бүлдіршіндерін шақырамыз.
2 - жүргізуші: Құрметті қонақтар мен ұстаздар! Бүгін біздің мектепте Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай сыныптар топқа бөлініп өнер көрсетпекші, сол сыныптардың өнерін тамашалайық. Олай болса өнер көрсету кезеңдерімен таныстырып өтейін:
1-жүргізуші: Деген екен Қазақ халқы «Сәлем – сөздің анасы,»
Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы.
Амандасу – ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі,
Сәлем достар! Амансың ба? Қалайсың? – деп Топтардың өз ауылдарын таныстыру кезеңін бастайық.
2-жүргізуші: Жоғарғы сынып оқушылары 9 және 10 сынып оқушыларынан құралған топты қошемет пен құрметпен қарсы алайық!
1-жүргізуші: 5 және 8 сынып оқушыларынан құралған топты ортаға шақырамыз!
2-жүргізуші: Мектебіміздің бастауыш сынып оқушыларынан құралған топты қарсы аламыз!
1-жүргізуші: Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса, Наурыз дәстүрлі.
Бақытыма шалқыдым,
Ашылады нұрымыз.
Осынау байтақ елімде,
Айтылады жырымыз.
___Алихан «Көктем әні»_______________
2-жүргізуші: Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірім танысын деп тасып өткен.
Наурыз сән – салтанат, ұлттық рух,
Бақытты Наурызы бар халқым неткен!
Келесі кезең ұлттық ойын көрсету. Әр топ өзінің дайындап келген ойындарына кезек берсек.
1 ауыл_______________________________
2 ауыл_______________________________
3 ауыл_______________________________
1-жүргізуші: Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.
_____Жанболат пен Жастілек «Қос қарлығаш»__________
2-жүргізуші: Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік. – дей келе 3 кезең ауылдардың өнерлерін тамашалайық.
1 ауыл_____________________________________________________________
2 ауыл_____________________________________________________________
3 ауыл_____________________________________________________________
2-жүргізуші:Жыл басы – Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды!
________________________________________________________________________________________________________
2-жүргізуші: Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!
Соңғы бөліміміз Салт-дәстүрден көрініс көрсетукезеңіне берейік.
1 ауыл_____________________________________________________________
2 ауыл_____________________________________________________________
3 ауыл_____________________________________________________________
2 - жүргізуші: Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу - салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
1 - жүргізуші:Гүлге орап, жасандырып жусан белін,
Ақтарған арындатып думан селін.
Сіңірген халық салтын қанымызға,
Мейрамның құтты болсын, туған елім!
Құттықтау сөз кезегін Қабдынова Айсұлу Тенізбайқызына
2 - жүргізуші: Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман – есен жетейік.
Келер Наурыз тойына!
1-Жүргізуші: Ал, құрметті қонақтар!
Айналайын балалаар!
Жеп - ішсін деп, тамсанып,
Жеті түрлі дәм салып,
Наурыз көже пісірдім.
Тойға қазан түсірдім!
Құйдым алтын табаққа,
Құлшыныңдар тамаққа
Көжеге жас - кәріңді,
Шақырамын бәріңді
2 - жүргізуші: Демеңіз бар өнерді аяп қалды,
Уақытта біраз жеоге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар, көріскенше,
Осымен думанымыз аяқталды.
«Ұлттық мереке – ұрпаққа өнеге!»атты мерекелік іс—шарамыз аяқталды.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі