Алматы облысы
Балқаш ауданы
№1 Бақанас орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Уйсинбаева Шолпан Жетписбаевна
Әдебиеттік оқу | 3- сынып |
Сабақтың мақсаты: | Ертегі туралы түсінік қалыптастыра отырып, сөйлеу дағдысын дамыту. |
Күтілетін нәтиже: |
1. Ертегідегі негізгі ойды анықтай алады. 2. Өз бетінше жұмыс жасай біледі. |
Сілтеме |
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық. 2. Суреттер, оқулық, тест жұмысы. |
Психологиялық тренинг |
Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз Сәлем бердік сіздерге, Құрметпенен біз |
Қызығушылықты ояту |
Үйге берілген "Шегіртке мен құмырсқа " мысалын мәнерлеп, рөлге бөліп оқу. Мысалға сүйене отырып шегіртке мен құмырсқаны салыстыра сипаттаймыз. Оқушыларды екі топқа бөлеміз. Iтоп- "Ойшылдар" мысалды ролге бөліп оқып береді. IIтоп -" Суретшілер" мысалды саханалайды. |
Мағананы тану |
Берілген суреттер бойынша оқушылар өз ойларын жеткізеді. Ия, балалар нан дастарқанға оңайлықпен келмейді екен.Ол үшін біз көп еңбек етуіміз керек. Қазіргі таңда нанның 200 тарта түрлері бар екекен. 1. Ертегіні түсіне оқиды. 2. Ертегіні рөлдергет бөліп оқиды. "Ойшылдар" тобы ертегінің мазмұнын сурет бойынша ашып береді. "Суретшілер" тобы нан туралы бірнеше мақал- мәтелдер айтады. Нан - тіршілік көзі. Бар байлықтың басы - нан. Даланы дәнге бөлейтін - дихан. |
Сергіту сәті |
Сұр көжегім топ - топ бас Жүр көжегім нақ - нақ бас Міне былай топ - топ бас Міне былай нақ - нақ бас. |
Ой толғаныс |
Екі топ берілген тапсырманы мұқият орындайды. "Ойшылдар" тобы ертегіні саханалап көрсетеді. "Суретшілер" тобы берілген суретпен ертегідегі оқиға арасында байланыс бар ма? Болса қандай? Нанды құрметтеуге байланысты қандай әдептілік ережесін білесіңдер? Өз бетіңше ереже құрастыр және соны сақтауға әдеттен: |
Үйге тапсырма Кері байланыс |
Ертегіні оқып, саханалап келу. "Тілек ағашы" әр бала бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып, бір - бірлеріне кері байланыс ұсынады. |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі