Атырау облыстық арнаулы тіл мүкістігі бар
балаларға арналаған №3 мектеп–интернаты
Бастауыш сынып тәрбиешісі: Даулетова Ләззат Кенжетайқызы
Бекітемін:
Аға тәрбиеші: Жаманғараева С.М
Күні: 12.04.16ж
Мақсаты:
а) Оқушылардың ғарыш туралы түсініктерін кеңейту. Еліміздің мақтаныштары – қазақ ғарышкерлерімен таныстыру. Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
б) Оқушыларға үш тілді меңгерту, олардың ағылшын, орыс тілдеріне деген қызығушылықтарын артыру.
Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру
Жүру барысы:
Ұйымдастыру:
Армысың шапағатты күніміз,
Армысың мейірімді жеріміз.
Армысың табиғат – анамыз,
Келді Сізге өзіңіздің балаңыз
І. «Ғарыш» сөзжұмбақ
Алдымен балалар тәрбиелік жұмысымызды бастамас бұрын сөзжұмбақ шешіп тақырыбымызды біліп алайық.
Сөзжұмбақ – крассворд – crossword
Сөзжұмбақ шешкенде шыққан жауаптарды балалар үш тілде, яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтып үйренейік.
Cөзжұмбақ шешу – Solving crossword puzzles
1. Көгі «жүр» дейді,
Қызылы «тұр» дейді (Бағдаршам – светафор - traffic )
2. Күндіз күннен таярмын,
Түнде әлемге аянмын (Ай – луна - month)
3. Зер, зер кілем, зер кілем,
Көтерейін десем зор кілем. (Жер – земля - land)
4. Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады,
Атайды оны барша жұрт... (Жұлдыз – звезда - star)
5. Құс сияқты құс емес,
Самғап ұшқан биікке,
Қақпайды бір қанатын
Жүрсе де тым биікте (Ұшақ – самолет -aircraft )
Б а Ғ д а р ш а м
А й
Ж е Р
Жұ л д Ы з
Ұ Ш а қ
ІІ . Сен білесің бе?
Жерді қоршаған бүкіл дүние – Ғарыш деп аталады екен, балалар. Ерте заманнан бастап ғалымдар ғарышты зерттеуге көп қызығушылық тудырып, содан ғарышқа тірі тіршілік иелерін ұшыра бастаған.
Атақты ұшқыш Ю.А.Гагарин ғарышқа ұшпас бұрын ең алғаш рет ешқандай өмір белгісі білінбеген, әрі суық, әрі тұңғиық ғарыш әлемінде ең алғашқы тіршілік иесінің жүрегі соқты. Бұл 1957 жылдың 3 қарашасында алғашқы жол салған Лайка атты ит болатын. Ол герметикалық қабықпен қапталған жер серігімен ұшырылып, аман – есен оралды. Лайка итінің артынан басқа да иттер ұшырылды. Олар 1960 жылдың 19 тамызында ұшырылған Белка мен Стрелка иттері болатын. Олармен бірге 40 тышқан, 2 сұртышқан, әртүрлі жәндіктер, өсімдіктер мен микроорганизмдер ұшырылады. Олар жерді 17 рет айналып оралған.
Сонан кейін Ю.Гагарин ұшты. Ал Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров. Одан кейін төрт жылдан кейін қазақ азаматы Т.Мұсабаев ұшты.
Одан кейін 2015 жылы 2 қыркүйекте қазақтың үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов «Байқоңыр» айлағынан ғарышқа ұшты. Бұл Қазақстан тарихында мәңгі қалар айтулы оқиғалар.
Балалар, жоғары ғарыш туралы айтылған әңгімеде қандай сөздер кездесті есімізге түсіріейікші.
Үш тілде айту – говори по три языках – speak three languages
Ит – собака – dog
Жер – земля – land
Ғарышкер – космановт – astronaut
Видео «Сен білесің бе?»
Сергіту сәті
Аспан, аспан арайлым,
Саған жиі қараймын,
Сені көзбен шолимын,
Мен ғарышкер боламын.
ІІІ. «Қиял – ғажайып әлеміне саяхат» Оқушылар шығармашылығы
«Менің зымыраным» - «Моя ракета» «My rocket», - тақырыбында сурет салу.
Топтастырып сурет салу
ІV. “Не үйрендік»
Үш тілде айту – говори по три языках – Speak three languages
Ғарыш – space
Жер – земля – land
Ай – луна – month
Ғарышкер – космановт – astranaut
Ит – собака – dog
Бағдаршам – светафор – traffic
Ұшақ – самолет – aircraft
Жұлдыз – звезда – star
Қорытынды:
Балаларға жұлдызша тарату арқылы бағалау.
Амина
Керемет!