Өлең, жыр, ақындар

Жеті түрлі ілім біл, Жеті жұрттың тілін біл

Атырау облыстық арнаулы тіл мүкістігі бар 

балаларға арналаған №3 мектеп–интернаты

Бастауыш сынып тәрбиешісі: Даулетова Ләззат Кенжетайқызы

Мақсаты:

а) Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Қазақ тілі туралы ұғым беру. Ана тілде таза сөйлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу. Тез ойлап, ұтымды жауап қайыра білуге, жүйелі, еркін сөйлеу дағдыларын дамыту.

б) Үш тілді меңгету, оқушылардың тілдік қорын молайту
Түрі: Жарыс сабағы.
Әдісі: баяндау, сұрақ – жауап.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар.
Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушыларды топқа бөліп орналастыру, зейіндерін шоғырландыру. Қатысушыларды ойын шартымен таныстыру.
Кіріспе бөлім:
Мұғалім: - Тіл – әрбір ұлттың заңы, сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл. Ендеше ана тіліміз қазақ тілінің мерейін көтеру болашақ ұрпақ сіздердің еншілеріңізде. Біз болашақ ұрпақ еліміздің болашағы ретінде үш тілде яғни, ағылшын, орыс, қазақ тілдерінде емін еркін сөйлей білуіміз қажет. Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен кенже қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Осы ретте, президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек.

Осы орайда сыныбымызда «Жеті түрлі ілім біл, жеті жұрттың тілін  біл» атты ойыны арқылы өз белсенділігімізді танытайық.
- Ал, құрметті оқушылар осы уақытқа дейінгі алған білімімізді топ болып, жан аямай ортаға салайық. Ортаға екі топтың басшылары келсін, мен бірінші болып қай алып ашам сонды жазылған топ бірінші болып ойынды бастайды.

Ендеше алдымен әділ бағасын қояр әділқазы алқаларымен танысып өтелік.

Ойын шарттарымен таныстырып өтейін.
 І - кезең Таныстыру.

 ІІ – ші кезең  «Бәйге» «Қызықты логикалық сұрақтар».
ІІІ – кезең  «Алтын сандық» ойыны  Берілген сөзден бірнеше сөз құрау.
ІV - кезең «Кім тапқыр?» «Математикалық жұмбақтар».
 

І – ші топ «Болашақ» тобы

ІІ – ші топ «Алға» тобы


І айналым: «Таныстыру» әр топ мүшелері өз топтарын таныстырып өтсін.
І топ:
Сәлем бердік баршаға,
Оқушылар сіздерге.
«Болашақ» атты тобымызды,
Таныстырдық бәріңе.

ІІ топ:
Толағайдың тасындай,
Жеті ұланнан тұрамыз.
Сөзге жүйрік баламыз,
«Алға» тобы осындай.

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін «Бәйгеге» біз берейік

Арамызда тапқыш достар көп екен,

Солардың енді жауаптарын көрейік. Әр топқа 6 сұрақтан беріледі, ір дұрыс жауапқа бір жұлдызшадан беріледі, яғни 1 ұпай болып есептелінеді.

 ІІ айналым: «Бәйге»  І – ші топқа
1. Пеш түбінде пырылдап ұйықтайды...  мысық – кошка - cat

2. Әкеңнің әкесі... ата – дедушка – grandfather

3. Біздің мемлекетіміз қалай аталады?  Қазақстан - Kazakhstan

4. Олар орманда өседі... ағаш – дерево – tree

5.Жемістің аты .... алма – яблока – apple

6.. Лақтың енесі... ешкі  - козель – goat

ІІ  - топқа
1. Одан көйлек, жейде тігеді... мата - cloth

2. Әріптердің тізбегі... алфавит – алфавит – alphavit

3.Біздің елбасымыз .... Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

4. Ол жауыннан қорғайды... қолшатыр – дождик - umbrella

5. Біздің мемлкеттік тіліміз қалай аталады? Қазақ – қазақ –

6. Бөлмеге күннің жарығы неден түседі? Терезе  - окно - window

7. Қазақстанның астанасы...

ІІІ айналым: « Алтын сандық»
Шарты: Берілген сөзден бірнеше сөз құрау.
«Қызғалдақ», «Қолшатыр»

Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады деп келесі «Кім тапқыр» кезеңіне береміз. Бұл кезеңде математикалық жұмбақтар екі топқада бірдей беріледі, қай топ бірінші болып дұрыс жауап берсе сол топқа жұлдызша беріледі.
ІV айналым: «Кім жүйрік» «Математикалық жұмбақтар».
1. Бес алманың үшеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңды қалады? (Екі – два -two)
2. Табақта тұр бес өрік
Қандай тәтті жесе өрік
Бесеуінде жеп қойсам
Қалады сонда неше өрік? ( Нөл – ноль – zero)
3.
Көлден ұшты 4 қаз
Қайтып келді 2 қаз.
Ұшып кетті нешеуі? (Екі – два – two)

 Бір – бірімен жарысқан

4 аю, бір арыстан

2 қой мен 1 түлкі

Бәрі нешеу кім білді    Сегіз – восемь –eight)


 Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін әділқазыларға берейік.
Арамызда тапқыр достар көп екен,
Солардың біз нәтижесін көрейік – деп қай топ жеңіске жетті екен  нәтижесін білсек.

«Жеті түрлі ілім біл, жеті жұрттың тілін біл» жарысын қорытындылау үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін юеріп, жеңімпаз топтарымызды марапаттау рәсіміне кезек берейік.
Оқушыларды марапаттау.
Қатысушылардың пікірлерін тыңдау. «Ұлым тіліңді жаман сөзден, көзіңді жамандық бағудан сақта. Ұлым, сөзіңді жүрегіңмен тербеп, содан соң айт, бұлай етсең баршаға сүйкімді боларсың. Ұлым, біреуден жаман сөз естісең, оны жүрегіңнің жеті қарыс түкпіріне тұт, оған жаман болар, саған жақсылыққа қайтар», - деп дана Хикар ұрпағына осы бір даналық сөзді жадымызда мәңгі ұстап өзге тілдерді еркін меңгере отырып, өз ана тілімізді сақтап, айтар сөзімізді өз орнымен пайдалана білейік.

Сау болыңыздар!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз