Өлең, жыр, ақындар

Соқалар

Бақанас аграрлы-индустриалдық

колледжінің арнайы пән оқытушысы

Бейкутова Улухан Касымолдаевна

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Соқалардың құрылысы, техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер алу.

Дамытушылық: білім алушылардың ой-өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: білім алушыларды ізденіске, белсенділікке, ұқыптылыққа өз ойын мәнді жеткізуге алатын және тұлға болуға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Пәнаралық байланыс: Трактордың құрылғысы, агрономия негіздері, физика, химия, қазақ әдебиеті.

Көрнекті құралдар: плакат, суреттер, слайд, макет, соқа, видео-проектор.

Сабақты жүргізу кезеңдері

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезені.

ІІ. Мақсат қою.

ІІІ. Өткен тақырыпты қайталау.

*Викториналық сұрақтар: «Бәйге».

*Қосымша жұмыс. Кестені толтыр.

ІУ. Жаңа тақырыпты баяндау.

V. «Топырағын таппаған дән өнбейді» демекші егіншілік турасындағы мақал-мәтелдер.

VІ. Жұмбақ жасыру ойыны.
VІІ. Сабақты бекіту.

*Сұрақтар

*Тест сұрақтары

VІІІ. Үй тапсырмасы

ІХ. Сабақты қорытындылау.

 

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Білім алушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа психологиялық дайындалу.

Сабағына жөндеп,

Әзірленсең-еңбек.

Қийындықтың бәрін,

 Еңбек қана жеңбек.

- Ендеше, құрметті білім алушылар, еңбектеніп білім алайық. Білім арқылы мақсатымызға жетеміз. Ия, бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Соқалар»

ІІ. Мақсат қою. Соқалардың құрылысы, техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер алу.

а).Қызығушылықты ояту. «Соқа», ұраны: «Қиясына шығып ойдың, алға таудай талап қойдым».

ІІІ. Өткен тақырыпты қайталау

*Викториналық сұрақтар: «Бәйге».
Атқарылатын жұмысына қарай соқалар қалай жіктелінеді?
Жауабы: Жалпы және арнаулы жұмыс соқалары.
Корпус санына қарай соқалар қалай бөлінеді?
Жауабы:Бір, екі, үш, төрт, бес, алты,сегіз және тоғыз корпусты болып аталынады.
Тракторға тіркелуіне қарай соқалар қалай бөлінеді?
Жауабы:Тіркемелі, жартылай аспалы және аспалы.
Жалпы жұмысқа арналған соқалар топырақты қанша сантиметр тереңдікке дейін жыртады?
Жауабы:27 см.
Соқа теориясының негізін салушы кім?
Жауабы: Орыс ғалымы, академик В. П. Горячкин.

*Косымша жұмыс. Кестені толтыр.

Соқалар

Агрегатталатын тракторлардың маркалары

ПН-4-35

 

ПЛН-3-35

 

ПЛН-5-35

 

ПН-4-30

 

ПТК-9-35

 

Т-40М,  МТЗ-80,  МТЗ барлық модификациялар,  ЮМЗ-6Л,  Т-4А,

 ДТ-75М, К-700, К-700А

IV. Жаңа тақырыпты баяндау.

Жырту. Топырақты терең өндеудің тәсілі ретінде мәдени "жыртудын теориялық негізгі мәні: жырту қабатының беткейінің шаңды бөлігі төменгі қабатына түсіріледі де,  үстін соқа бас корпусының көмегімен ұсақ түйіршіктермен жабады.                                           

Топырақ өңдейтін машиналарға қойылатын талаптар: 22...23,25,27,30,35 см терендікте жыртып, қыртысты майдалау және аудару, ендігін  толық бойлап, бірдей тереңдікте жырту, өскен шөп пен егін қалдықтарын толық жабу, топырақтың беткі қабатын біріктіру және тегістеу.

Дәнді және техникалық дақылдарға арналған негізгі өңделетін топырақтарда бұл талаптар аудармалы бетті корпустармен жабдыкталған жалпы жұмыска арналған соқаларды қолдану арқылы орындалады. Мұнда әрбір корпустың алдында топырақтың беткі шымды қабатын тіліп, оны борозданың түбіне аударып жатқызатын шым аударғыш орнатылады.

Шым аударғышының топырақ қабатына ену терендігі 10... 12 см болады. Бұл шым аударғыштардың жұмыс беті цилиндроид тәрізді.

Аса шымды топырақта жұмыс істеу ұшін (тың және тыңайған жерлерде) жартылай винтт шым аударғышты қолданған орынды.

Шым аударғышпен бірге қолданғанда аңыздық егіс пен өсімдік қалдықтарын жабуды қамтамасыз етеді.

Жұмыс беті винтті корпустар топырақ қабатын (180°-қа) аударуға арналған. Бұлар топырақ қыртысын мүлде майдаламай біртұтас лента түрінде қалдырады.

Бір терендікте жыл сайын қайта жырту өсімдіктін тамырына ауа, су өткізбейтін қатты топырақ ұлтаны пайда болуға әкеліп соқтырады.

Өсімдік тамыр жүйесі осы топырақ ұлтанына дейін барып, бүгіліп, қайырылып қалады, ал тамыржемістері әлсіз болып, мол өнім алуды тежейді. Жыртылған танапта топырақ ұлтаны пайда болмас үшін жылмажыл әр түрлі тереңдікте жыртып, немесе топырақ терендеткішті пайдаланған дұрыс.

Корпустың артына қондырылатын топырақ тереңдеткіш топырактың қопсытылатын қабатын 6...15 см тереңдетіп, оны топырак бетіне шығармай қопсытады. Осылайша қопсыту топыраққа ауаның, судың енуін көбейтеді. Өсімдіктің тамыр жүйесінің дамуына қолайлы жағдай жасайды және жыртылу қабатынын төменгі қыртысын байытуға мүмкіндік береді.

Қарашірікті қабаты қалың емес топырақты өндегенде, төменгі құнарсыз қабат үстіне шығарылады да, құнарлы қабаттың сапасын төмендетеді. Сондықтан мұндай топырақты арнаулы ойықты корпуспен өндеген жөн. Ойық корпус топырақты екі қабатта өңдейді.

Төменгі қабаттың (қалыңдығы 13....15 см) қопсытылған топырағы бетіне шығарылмай, түрен мен қайырма арасындағы ойық арқылы жылжып борозданың ұлтанына түседі.

Ал жоғарғы қабаттың (қалыңдығы 18...22 см) топырағы қайырмамен аударылып, үсақталады да, алдынғы корпустың ойығынан түскен төменгі қабаттың қопсытылған топырағының үстіне жатқызылады.

Тамыр жүйелері 35...40 см терендікке жететін, мысалы, қант қызылшасын, мақтаны, жүгеріні, тағ;ы басқа техникалық дақылдарды егетін топырақты өңдегенде кең алымды корпусы бар соқалар  қолданылады.

Соқаның негізгі жұмыс органдары:

1-дискілі пышақ,

2- шым аударғыш,

3- түрен,

4-қайырма,

5-жақтау (атыз тақтасы),

6- корпус,

Соқаның қосымша жұмыс органдары:

1-рама;

2-тіреуіш доңғалағы

3-СА-2 автотіркеуіш қулпы.

СА – 2 автотіркеуіші бар тракторға арналған бес корпусты үйлестірілген аспалы ПЛН – 5-35 плугы құрамында тасы жоқ, меншікті кедергісі 88,3 кПа болатын топырақты 30 см тереңдікке дейін жыртуға арналған. 88,3-дан артық топырақты жырту үшін плугты төрт корпусты етіп жабдықтауға болады, ол үшін шым аударғышымен қоса бесінші корпус алынып тасталады. СА – 2 автотіркеуіші екі бөліктен – соқаның өзіне бекітілген құлыптан және трактордың аспалы гидрожүйесіне бекітілген автотіркеуіштің өзінен тұрады.             

Тіреуіш доңғалағының діңгегінде әрбір 2 см сайын белгі салынған. Тіреуіш доңғалағы конусты роликті  подшипникке, ал дискілі пышақ бір рет қана майланатын шарикті подшипникке орнатылған.

Түрен топырақ қыртысының астын тілуге арналған. Оны арнаулы болаттан жасайды. Жүзінің 20 – 35 см енін жылулық өңдеуден өткізеді. Түренге әсер ететін үйкеліс күшін азайту үшін, оның төменгі жазықтығы борозда түбіне тимейтіндей, ал кедергі тек жүзіне ғана келетіндей етіп орналастырады. Түрен борозда түбіне  22 – 30 бұрыш жасап, көлбей орнатылуы тиіс. Оның жүзі борозда жазықтығымен 30 – 35 бұрыш жасайды. Бұл бұрышты қайырма төсінің тұрған қалпына қарай таңдайды әрі ол қайырма типіне тікелей байланысты. Осы бұрыш сүйір бұрыш болған сайын. Егер түрен тозса, онда оны темір ұстасында қыздыра созып, алғашқы формасына келтіреді немесе жаңасымен алмастырады.

Түрендер:

- трапеция,

- үш бұрышты,

- қашау тәрізді болады. Олардың жұмыс беті цилиндір пішінде жасалынады. Трапеция тәрізді түрендердің, бүкіл ұзындығы сырт жағынан калың етіп жасалған және оны «магазин» деп атайды, ал қашау тәрізді түренннің тек тұмсығын ғана калың етіп жасайды. Магазин – бұл арнайы жасалған металл қоры. Тозған түренді сол қордын есебіне созып алғашқы қалпына келтіреді. Бүгінгі таңда қашау тәрізді түрендер өте көп таралған.  

Өтпейтін түрен соқаның тарту кедергісін 1,5 есе арттырады да, соның есебінен жанар май шығыны көбейеді. Сондықтан түренді барлық жүзінің ұзындығы бойынша  4,5 мм қалыңдықта қыздырып созады. Созылған түрен шыңдалады. Түрең жүзінің өткірлігін бір қалыпты сақтау және тозу төзімділігін арттыру үшін өнеркәсіп орындары кескіш қырының бүкіл өн бойына енін 25 мм етіп катты қорытпамен  пісірілген арнаулы түрендер шығарылады.

Қайырмалар:

А). дақылдық;

Б). цилиндрлік

В). жартылай винттік;

Г). винттік.

Соқаның салмағы 920 кг, жылдамдығы 6-12 ш/сағ.болғанда, жұмыс өнімділігі

0,91 га/сағ.,  ал жылдамдығы  10,22 ш/сағ. болса, жұмыс  өнімділігі 1,52 га/сағ.

V. «Топырағын таппаған дән өнбейді» демекші егіншілік турасындағы мақал-мәтелдерге кезек береміз.

1. Жердің сәні егін, ердің сәні білім.
2. Көктемгі әрекет, күзгі берекет.
3. Жері байдың, елі бай.
4. Жер құтты болса, мал сүтті болады.
5. Мал баққандікі, жер жыртқандікі.
6. Жер тойынбай, ел тойынбайды.

VІ. Жұмбақ жасыру ойыны.
Қара жерді қопарған,
Трактордан от алған.
Темірлерден түйілген.
Болаттардан иілген.
(Соқа)

VІІ. Жаңа тақырыпты бекіту. Бүгінгі сабағымызды бекіту үшін білімімізді тексерейік.

            Білім деген - биік шың

            Бақытқа сені жеткізер

            Білім деген – ақылшың

            Қиындықтар өткізер.

Сұрақтар

1. Соқаның құрылысын атап берініздер?

2. Дискілі пышақтың қызметін атаңыздар?

3. Корпус қандай бөлшектерден турады?

4. Түреннің қызметі неде?

5. Түреннің алым ені неше см?

 

* Тест сұрақтары:

 1. Соқалардың жіктелуі:

а). Атқаратын жұмысына қарай, корпус  санына қарай, тракторға тіркелуіне қарай, корпустарының қайырма формасына қарай;

ә). Атқаратын жұмысына қарай;

б). Корпус санына қарай;

в).Тракторға тіркелуіне қарай;

г). Корпустарының қайырма формасына қарай;

2. Корпустарының қайырма формасына қарай бөлінеді:

а). Дақылдық қайырмалы;

ә). Торлы қайырмалы;

б). Жартылай винтті;

в). Винтті;

г). Дақылдық қайырмалы, торлы қайырмалы, жартылай винтті, винтті.

3. ПЛН-5-35 соқаның төмендегідей терендікке жер жыртады:

а). 30 см;

ә). 27 см;

б). 27-30 см.

4. ПЛН-5-35 соқаның жұмыс жылдамдығы:

а). 9 ш/сағат;

ә). 9-12 ш/сағат;

б). 12 ш/сағат.

5. ПЛН-5-35 соқа төменгідей тракторлармен агрегатталады:

а). ДТ-75М, Т-4А;

ә). ДТ-75М, Т-150, Т-150К;

б). ДТ-75М, Т-4А, Т-150, Т-150К;

в). Т-150, Т-150К.

6. ПЛН-5-35 соқаның негізгі жұмыс органдары:

а). Дискілі пышақ, шым аударғыш;

ә). Табан арқылы түрен, қайырма;

б). Жақтау (атыз тақтайшасы), болат тірек;

в). Дискілі пышақ, шым аударғыш ,табан арқылы түрен, қайырма,жақтау (атыз тақтайшасы), болат тірек;

г). Дискілі пышақ, шым аударғыш ,табан арқылы түрен, қайырма, болат тірек;

д). Дискілі пышақ, шым аударғыш ,табан арқылы түрен, болат тірек.

7. ПЛН-5-35 соқаның жылдамдығы 6-12 ш/сағат болғанда, жұмыс өнімділігі:

а). 0,91-1,52 га/сағат;

ә). 1,52 га/сағат;

б). 0,91 га/сағат.

VІІІ.Үй тапсырмасы. 5- 25 бет «Ауыл шаруашылық машиналары» Ю.И.Воронов, Л.Н.Ковалев, А.Н.Устинов

ІХ. Сабақты  қорытындылау

(Баға қою, оларға түсінік беру).

 Қорытынды. Қазіргі бәсекелестік заманда білім алушылардың бір-бірімен ббәсекеге түсіп, бір-бірінен озуға тырысып, білімдерін одан әрі шыңдай алады. Болашақ мамандарды даярлау барысында, дәстүрлі емес сабақтарды пайдаланудың маңызы зор. Себебі оқытушы сабаққа дайындалу сәтінде оның сабаққа деген қызығушылығы мен ізденісі артып отырады.          


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз