Өлең, жыр, ақындар

Алматы - бас қалам, Жас қалам - Астанам

Алматы облысы
Балқаш ауданы
"№1 Бақанас орта мектебі" МКМ-нің
Бастауыш сынып мұғалімі: Билдебаева Гулнур Абдижалеловна

 

Сабақтың тақырыбы: Ж.Әбдірашев. Алматы – бас қалам, Жас қалам - Астанам.

Сабақтың  мақсаты: Жарасқан Әбдірашевтің  «Алматы – бас қалам, Жас қалам - Астанам» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру. Ж.Әбдірашевтың өмір жолымен таныстыру. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілікгі: интербелсенді тақта, топтамалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:  Шаттық шеңбері.

                                        Мен бақытты баламын,

                                        Жылуым мол бойымда.

                                        Жан дүниемде күннің нұры,

                                        Осы жылуды барлық адамдарға жолдаймын.

ІІ. Үй тапсырмасы: І.Жансүгіров «Көкшетау» (өлеңді мәнерлеп оқу)

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Топпен жұмыс."Ыстық орындық" әдісі

1 топ І.Жансүгіровтың «Көкшетау» атты өлеңінде не жайлы әңгімеленді деп ойлайсыңдар?

2 топ Ақын тауды кімге теңейді?

3 топ Қандай тау? Қандай тас?

ІV. Жаңа сабақ: 

Қызығушылықты ояту.

Интерактивті тақтадағы суреттер топтамасымен жұмыс.

Алматы, Астана қалалары жайлы не білеміз? (Оқушылар қалалар туралы білетіндерін әңгімелейді)

Автордың өміржолы: Жарасқан Әбдірешов – белгілі ақын. «Тұңғыш кітап» деген алғашқы жыр жинағы 1969 жылы жарық көрген. Оның өлеңдері немесе өзбек, тәжік тілдеріне аударылған.

Оқулықпен жұмыс

  1. Өлеңді мәнерлеп түсініп оқу.
  2. Өлеңде не жайлы жырлайды?
  3. Өлеңге талдау жасау.

VІ. Дәптермен жұмыс. Шығармашылық тапсырма

 1 топ  Өлең жолдарын құрастыру.

                  Отанымның -----------------------------,

                   ------------------------------------ өрінде.

                  -----------------------ұстаған  Астанам,

                   Әсем---------------------, бас қалам.

2 топ "Әсем қала-Астана" тақырыбына эссе жазу.

3 топ  Мәтіннің мазмұны бойынша сурет салу.

VІ. Қортындылау:  1. Өлеңнің мәтініне сүйеніп, сұрақтарға жауап беру арқылы сөзжұмбақты шешу (интер. тақтамен жұмыс) 

VІІ. Үйге  тапсырма: 1. Өлеңді   жаттау.

                      2. Өзіңе ұнаған әсем қаланың суретін салу.

VІІІ. Бағалау. "Бағдаршам" әдісі бойынша бірін-бірі өзара бағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз