Өлең, жыр, ақындар

Жаңбырлы күн

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы
Құрық ауылы
МКҚК "Құлыншақ" балабақшасының тәрбиешісі: Утелгенова Бибигуль Мергенбаевна

Өнер орталығы

Білім беру саласы: Шығармашылық                     

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сурет салу

Тақырыбы: Жаңбырлы күн

Мақсаты: Балаларды табиғат құбылыстарын бақылай отырып, өз сезімдерін бейнелей білуге үйрету. Жаңбыр тамшыларын қағаз бетіндегі жазықтықты дұрыс пайдалана отырып түсіруге жаттықтыру. Бейнелеген заттарын музыка әуенімен қимыл-қозғалыста үйлестіре білуге бағыттау, ептілік пен жинақылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын құралдар: Көгілдір түсті бояу, ақ қағаз, губка, су, сүрткіш.

 Әрекет

кезеңдері

Жетекшінің  іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотив-қ

 қозғ-қ

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын шешуін табыңдар.

Тырс-тырс тамады,

Тереземді қағады.

- Балалар бүгін күн қандай ашық па?

Бұлтты ма? Жаңбыр жауып тұрма?

- Балалар тақтадағы суретке мұқият қараңдаршы, бұл не?

-Түсі қандай?

-Жаңбыр жауғанда қандай дыбыс естіледі?

Қане тыңдап көрейік

Жетекші столдың үстін саусақтарымен тырсылдатып жаңбыр дыбысын бейнелейді.

Көркем сөз оқып беру.

Жаңбыр жаңбыр жауады,

Бәрін суға малады.

Біз қарындаш аламыз,

Тамшыларды саламыз.

Балалар жұмбақтың шешімін табады.

 

Жаңбыр.

Бүгін күн салқын аспанда бұлт торлаған.Күн бұлттанса жаңбыр жауады.

Балалар суретке назар аударады. Бұлт

 

Түсі көк

Тырс- тырс еткен дыбыс шығады.

 

Жетекшінң жасағаны балалар өздері де жасап көреді.

 

Балалар жетекшімен бірге қайталайды.

Іздену-к

 ұйым-қ

- Балалар жаңбыр жаумас бұрын алдымен аспанда не пайда болады?

- Олай болса алдымен қағаз бетіне бұлтты салып аламыз. Бұлт қоюланғанда түсі сұр болады.Енді жаңбыр тамшыларын қағазға  былай түсіреміз(салу тәсілін көрсетеді)

Губканың бұрышын ақ түсті бояуға батырып алып, бір рет бастыру арқылы тамшы бейнесін түсіреді.

Қылқаламмен сүйкей жағып,дақтар түсіру тәсілімен де орындауға болады.Қағаз бетіне біркелкі шашырата салу қадағаланады.

Жұмыстарына басшылық жасалады. Аяқтаған жұмыстарын ауызша бағалау.

 

Музыка әуенімен «Жаңбыр тамшыларын тосамыз» деген қимылды ойын ойнатылады.

Үйретілген жаңа әдістермен сурет салғызып, алған білімдері мен іскерліктерін бекітеді. Мұнда дақтарды біркелкі түсіруге дағдыландыру қажет.

Балаларға берілетін қағаздың төменгі бөлігінде сәбіз қызылша т. б. көкөністер салынған немесе қиып жапсырылған. Көкөністердің шөлін қандыру үшін, нөсер жаңбыр жауғызуымыз қажет деген тапсырма беріледі.

 

- Бұлт пайда болады.

 

Балалар бұлттың суретін салуға кіріседі.Бұлтты сұр түспен бояйды.

 

 

Балалар өздері жаңббыр тамшыларын бейнелейді.

 

 

 

 

«Жаңбыр тамшыларын тосамыз» қимылды ойынын ойнайды.

 

Рефлекс

коррек

Жетекші тақырыпты  сұрақтар қоя отырып қорытындылайды жақсы салынған суреттерді бағалап балалар мадақталады.

Балалар өздері салған суреттерін әңгімелеп береді.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Табиғат құбылыстары жайлы түсінік, жаңбырлы күннің ерекшеліктерін біледі.

Игереді: Жаңбырдың түрлерін және оны қағаз бетіне түсіру ерекшеліктерін. Губкамен немесе қылқаламмен қағаз бетіне жаңбыр тамшыларын сала білу дағдысы қалыптасады.

Меңгереді: Қағаз бетінде атаулы суретті дұрыс орналастырып қолдана алуды, жұмысты орындау барысында қойылған талаптарды дұрыс сақтай білу меңгереді.


Пікірлер (2)

токтарбай әділ

көктем келді жаңбыр жауды жаңбыр маған ұнайды өйткені жаңбыр табиғаттың бір бөлшегі ал табиғат болса біздің анамыз

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз