Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Ақтасты ауылы
Абай атындағы орта мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Жолжанова Гүлжазира Русланқызы
Сабақтың тақырыбы: Аралас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты:
а) оқушыларға кезектес салалас сөйлем туралы түсінікті тілмен оқушыларды қатыстыра отырып жан-жақты мәлімет беру;
ә) сөйлемнің түрлерін түсіндіре отырып ұжымдық, деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың адамдық қасиеттерін дамыту;
б) оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін жандандырып, сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру, дамыта оқыту.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысқан құрмаластың түрін аралас құрмалас сөйлем дейміз.
Амантай Серғазыларға ақылдасып еді, Жамантайдың науқасының түрі жаман болғандықтан, олар ырық бере қоймады.
Аралас құрмалас сөйлемнің құрамында кемінде үш жай сөйлем болады. Олардың екеуінің баяндауышы тиянақты да, біреуінің баяндауышы тиянақсыз болып келеді. Баяндауышы тиянақсыз сөйлем бірде аралас құрмаластың бас жағына орналаса, бірде тиянақты жай сөйлемдердің арасына орналасады.
Мысалдары:
1. Күн шығып,ел тұра бастады, - Нұрлан әлі жоқ.
Сызбасы: бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.
2. Қорған кезінде топырақ араластыра тастан қаланған екен де, бұл кезде қорғанның үстіне жыңғыл мен шеңгел араласа шығып, өзінше ол да бір сән беріп тұр.
Сызбасы: басыңқы, бағыныңқы, басыңқы.
Аралас құрмалас кейде төртжай сөйлемнің құрмаласуы арқылы да жасалады. Мұндайда екі жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып келеді. Тиянақсыз сөйлемдер бірде аралас құрмаластың бас жағына бірыңғай орналасса, бірде тиянақты сөйлемдердің арасына орналасады немесе тиянақсыз сөйлем мен тиянақты сөйлемі кезектесе орналасады.
1. Ақбоз алдыңғы екі аяғын ербитіп, көзі шатынап тұра бергенде, Шолақ құлағын төмен қарай тұқырта басып қалып еді – ат етпетінен түсті.
Сызбасы: бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.
2. Дастархандай қағаздағы шимайда не сиқыр жатқанын Шәрипа мен Нұрбай біле алған жоқ, бірақ дән шығындалу тыйылған соң, екеуі де инженерге ден қойып, оның аузынан шыққан сөз атаулыны бас шұлғи мақұлдады.
Сызбасы: басыңқы, бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы.
3. Кеген ауданына келгенінше, мен де аңшы емес едім, мұнда келген соң, еріксіз үйрендім.
Сызбасы: бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы.
Аралас құрмалас сөйлем –кемінде үш сөйлемнен құралып, бір-бірімен салаласа да, сабақтаса да байланысатын құрмалас түрі.
Аралас құрмалас сөйлемнің сызбасы төмендегідей:
Басыңқы, бағыныңқы, басыңқы |
Қарағандының қары биыл бұрқан-тарқан қауырт еріп еді, сай салалар суға толып, қырдың тентек өзендері сақылдап тасығалы кемерлеп тұр. |
Бағыныңқы, басыңқы, басыңқы. |
Көзін сәулеге үйреткен Асқар терезеден қараса, аспан айдай ашық екен де, шуақты күн түске тармасып қалған екен. |
Бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы. |
Лиза ойнап есік алдына шығып кетсе, әке-шешесінің дауыстары үздіксіз шығады да, Лиза үйге қайтса, сөздерінің аяқталмай тоқталғаны аңдалады. |
Басыңқы, бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы. |
Ол бастықтың бөлмесіне келген еді,бірақ басқа келгендер болып, көпке дейін кезек келмей, есік алдында күтіп қалды. |
Жаттығумен жұмыс: 152-жаттығу. Берілген мәтіннен аралас құрмалас сөйлемді теріп жазыңдар.
Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік және морфологиялық талдау жүргізіледі.
Қосымша тапсырма: Аралас құрмалас сөйлемді тауып, ондағы жай сөйлемдердің байланысу жолын айтып беріңдер.
1. Егер Сағит аман жетіп, хатты қолына тапсырса, (ол) қандай жағдайда жазғанымды ауызша да айтар, дегенмен, болған халді қысқаша баяндай кетейін.
2. Кім екенін білу үшін, жортып барып, алдын ала тосайын деп еді, маңайлап ұшып жүрген бүркіт шақырғанына келмей, жолдан қырындап кетті.
3. Шәкеннің ақылы жүрісті тоқтату емес, бірақ қатты жүрмей, баяу жүріп, ілгері жылжи беру болды.
4. Ақбоз алдыңғы екі аяғын ербитіп, көзі шатынап тұра бергенде, Шолақ құлағын төмен қарай тұқырта басып қалып еді – ат етпетінен түсті.
Үлестірме карточкалар: Берілген сөздерді пайдалана отырып, аралас құрмалас сөйлем жасаңдар. Сондықтан, бірақ, мен, мұнда, олар, екеуі, баяу, күн, құм, аңшы.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: Мына сызбаларға көркем әдебиеттен мысал жазып келіңдер.
1. бағыныңқы, басыңқы, басыңқы
2. басыңқы, бағыныңқы, басыңқы
3. бағыныңқы, басыңқы, басыңқы
Mka помогите пж
Мына сызбаларға қарап, мысал жазыңыз. (Посмотрите на чертежи и напишите пример)
1. бағыныңқы, басыңқы, басыңқы
2. басыңқы, бағыныңқы, басыңқы
3. бағыныңқы, басыңқы, басыңқы
4.Басыңқы, бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы
5.Бағыныңқы,бағыныңқы,басыңқы,басыңқы