Павлодар облысы, Ақсу қаласы
Евгеньвка селолық округі
Үштерек ауылының
"Үштерек орта мектебі" КММ
"Шағын орталығының"
Тәрбиешісі: Авиты Женекуль
Қатынас: "Тіл дамыту"
Тақырыбы: «Ойыншықтар дүкені»
Мақсат-міндеттері:
- Балалардың сөздік қорына жаңа сөздер қосу:
(Ұшақ, әтеш, бақа).
- Жаңа шартты белгімен таныстыру
-Ұ дыбысымен таныстыру.
- «Дүкен» ойыны арқылы алдыңғы сөздерді түгелдей қайталату.
- Диалогты сөйлеу тілдерін дамыту.
-Сөздерді буынға бөлу (ә-теш, мы-сық, т.б.)
- Оқу міндетін дұрыс түсініп, өздігінен орындау.
- Өзін-өзі бақылау және бағалау дағдысын қалыптастыру.
Көрнекілік: Ойынға қажетті барлық ойыншықтар (бақа, ұшақ т.б.), шартты белгілер.
Сабақтың барысы: 1.М. Жаманбалиевтың «Бақа» атты өлеңін оқу.
Күні бойы «бақ-бақ».
Таңдайлары «тақ-тақ».
Бәрі бірдей тақпақ
Жатқандай-ақ жаттап.
«Бақамен» танысу.
Сұрақ:- бақа қандай дыбыс шығарады? ( «бақ-бақ» – сондықтан оны бақа деп атаған)
- «бақа» қандай түсті ? (Бірінші екі жолды жаттату).
1. Ойын жаттығу: «Ұ» дыбысымен танысу..(ұшақ, ұйықтайды, ұран, әнұран).
Тапсырма:- Боя: «Ұшақ» (қызыл), «Бақа» (жасыл), ал «Әтешті» кез келген түспен. ---Өздігінен қайталап айту. - «қызыл ұшақ» , «жасыл бақа», .
2. Ойын жаттығу: «Что делают?»
Жаңа шартты белгілермен таныстыру. (жатыр, отыр, ұйықтап жатыр)
3. Сергіту сәті: «Ақ қоян». Мәтініне қарай – қимылдар жасау.
Ақ қоян, ақ қоян.
Орныңнан тұршы,
бетіңді жушы
Айнаға қарашы,
Шашаыңды тарашы
Әй-әй болшы,
Біздерді қушы
4. Ойын: «Ойыншықтар дүкені»
Сұрақтар мен тапсырмалар: -ойыншықтарды қандай дүкеннен аламыз? «Дүкен», «ойыншықтар» -сөздерімен танысу.
«Ү» мен «Ұ»-нің арасындағы айырмашылықты түсіндіру.
5. «Шар үрлейміз» ойынын ойнату. «Ұ», «Үф» деп кезек-кезек айтқызып, дыбыстардың жасалу орындарын көрсету.
Сұрақтар мен тапсырмалар: Балаларға дүкенде жүргендерін елестетуге ұсыну. Диалог құру үлгісі:
- Айша, саған не керек?
- Маған ұшақ керек.
- Ұшақ қанша тұрады?
- Ұшақ 3 теңге тұрады
- Рахмет. Сау болыңыз.
- Сау болыңыз.
6. Орындаған жұмыстырын бағалау. Мадақтау.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі