Өлең, жыр, ақындар

Төрт түлік мал

Подстепный №1 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалім-дефектологі

Лексико-грамматикалық сөйлеу тілінің дамымауы мен оқу қызметінің қалыптасуындағы бұзылымы бар 1-2 түзете дамыта оқыту сыныбының оқушыларына арналған сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы:  Төрт түлік.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Балалардың үй жануарына деген сүйіспеншілігін арттыру және олардың төлдерін дұрыс атай білуге, төрт түлікті күтіп бағуға, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Балаларға төрт түлік малдың өрісімен, тіршілік табиғатпен, малдың қадір-қасиетімен таныстыру. Мал мен адам арасындағы байланысты ашу.Төрт түліктің төлдері жайында балаларға түсінік беру;
Түзете-дамытушылық: Төрт түлік жайлы түсініктерін кеңейту, ұғымдарын толықтыру, байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру, сөздік қорын байыту;
Тәрбиелік: Балаларға жануарларды күтіп бағуға деген сүйіспеншілігін оятып оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу;

Сабақтың көрнекілігі: Бүктеме қағаздар, төрт түліктің суреттері, суретті плакаттар.

Сабақтың байланысы: Тіл дамыту, математика, қоршаған ортамен таныстыру;

Сабақтың әдіс тәсілдері: Сұрақ-жауап, топтастыру, әңгімелеу, тақтамен жұмыс, сергіту жаттығулары, ойын  т.б.

Сабақтың барысы: 
•    Ұйымдастыру кезеңі;
•    Психологиялық жаттығу;
•    Жаңа сабақ;
•     Сергіту;
•     Ойын;
•    Қорытынды;
•    Венн диаграмма;

1.Ұйымдастыру кезеңі:

•    Балалар далада ауа-райы қандай?
•    Суық.
•    Балалар кәзір жылдың қай мезгілі?
•    Қыс.
•    Қыстың ерекшелігі қандай?
•    Қар жауды, дала ақ көрпеге оралды.
•    Қардың түсі қандай?
•    Аппақ.

Ендеше  балалар бәріміз біріміздің артына біріміз тұрып пойыз болып жүріп орнымызға барайықшы.пойыз боп жүргенде түзу, әдепті болып жүру керек екен. Кәне орнымызға жеткенше «Пойыз» өлеңін айтып барайық.

Ал, паравоз, баста алға,
Бәрімізді басқар да!
«Пш-пш, пш-пш!»-біз кеттік,
Жүрісті біз үдеттік.

Гу-гу, гу-гу, гуілде
Қалып қойма біріңде,
«Пш-пш, пш-пш!»-біз кеттік,
Жүрісті біз үдеттік.

Міне балалар орнымызға да жетіп қалдық.Ендеше айдай арайлап, күндей жайнап, жұлдыздай жарқырап,судай мөлдір таза көңілмен бүгінгі іс әрекетімізді бастайық.

Жаңа сабақ:

•    Балалар сендер үй жануарларын білесіңдер ме?
•    Үйлеріңде қандай жануарлар бар?
•    Сиыр, қой, ешкі, жылқы,түйелер жатады екен.
•    Оларды неге үй жануарлары деп атаймыз?
•    Себебі олар адамның көмегімен үйде өсіріледі.
•    Олар немен қоректенеді;
•    Шөп, жем, сумен қоректенеді;
•    Түйе, жылқы,сиыр,  қой туралы не білесіңдер?
•    Олардың бізге берер пайдасы бар ма?
•    Әрине, біз олардың сүтін, етін, жүнін пайдаланып яғни көлік ретінде де пайдаланамыз.

Ендеше балалар біз бүгін сендермен осы төрт түлік жайында тоқталамыз. 
Енді балалар мына тақтадағы суреттерге қараңдаршы.Ненің суретін көріп отырмыз? Түйе,сиыр, қой, жылқы, ешкі.

Мынау ненің суреті?                                               
-Дұрыс, сиыр. Сиырдың пайдасы қандай? 
Одан не аламыз?                                       
Балалардың жауаптары: 
Сиырдың төлін - бұзау дейміз. Сиырдан біз сүт, ет, тері аламыз. Ал сүттен қаймақ, май, ірімшік, айран аламыз. Сиырдың атасы -Зеңгі баба. 
Сиырды аухау-аухау неме маук-маук деп шақырамыз. Сиыр шөп, су, жем жейді.
Келесі ненің суреті?                                                                            
-Дұрыс, жылқы. Жылқының пайдасы қандай? Одан не аламыз?

Балалардың жауаптары: 
Жылқының төлі-құлын. Жылқыны көлік ретінде пайдаланамыз.
 Көбінесе, арбаға жегеміз.(отын, шөп, су, жүк тасығанда) Жылқыдан біз сүт, ет, тері аламыз Сүтінен қымыз жасайды. Қымыз-шипалы сусын. Оны өкпе ауруына емдік ретінде қолданады. Жылқы жем, су, шөп жейді.Жылқының атасы-Қамбар ата. Оны құрау-құрау деп шақырады.
Келесі ненің суреті?
-Дұрыс, қой. Қойдың пайдасы қандай? Одан не аламыз?                
Балалардың жауаптары: 
Қойдың төлі-қошақан.Қойды Шопан ата бағады. Қойды пұшайт-пұшайт деп шағырады. Қойдан ет, жүн, тері аламыз. Жүннен әжелер байпақ, , қолғақ т.б тоқиды.
Келесі ненің суреті?
Балалардың жауаптары:
-Дұрыс, ешкі. Ешкінің төл-лақ.                 
 Ешкі шөре-шөре деп шақырады.
 Ешкіден ет, түбіт аламыз. Әжелеріміз түбіттен шәлі, байпақ, қолғақ тоқиды.
Келесі  ненің суреті?
Балалардың жауаптары:
-Дұрыс, түйе. Түйенің төлі-бота.       
Түйе киелі жануар. 
Ол ұзақ уақыт бойы су ішпей жүре алады. 
Түйенің атасы-Ойсылқара. Түйені көс-көс деп шақырады. Түйені көлік ретінде пайдаланамыз. Түйенің сүтін сусын ретінде ішеді. Шұбат ашытады. Ол-айраннан сұйық, қымыздан қою. Оның емдік те қасиеті бар.
Кәне қай жануар қалай дыбыстайтынын айтып жіберейікші!

•    Сиыр мөңірейді;
•    Жылқы кісінейді;
•    Түйе боздайды; 
•    Қой,ешкі  маңырайды;

Енді балалар осы жануарларды қалай шақырады екенбіз, кім айтады?

•    Сиырды-аухау-аухау дейміз.
•    Түйені-көс-көс дейміз.
•    Жылқыны-қырау-қырау дейміз.
•    Қойды-пұшайт-пұшайт 
•    Ешкіні-шөре-шөре дейміз.

Енді балалар осы жануарлардың төлдерін қалай атайды екенбіз, кім айтады?

•    Сиырдың баласын-бұзау дейміз.
•    Түйенің баласын-бота дейміз.
•    Жылқының баласын -құлын дейміз.
•    Қойдың баласын-қозы дейміз. 
•    Ешкінің баласын-лақ дейміз.

Дәптермен жұмыс.

Күннің жады мен сабақтың тақырыбын дәптерлерімізге жазайық. Бүгінгі төрт түліктің атауларын және төлдерін атап жазайық.

Жазып болсақ, төлдерді санайық. Санап болсақ сіздерге амалдарды орындауға есеп беремін.

2+2              6+3             8+2

3+6              9+2             10-2

Сергіту сәті: 
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ,
Екі қолды қосқанда-
Болып шықты он саусақ.

Ойын: «Төлін тап»
Ойынның мақсаты:
Малдардың төлін тауып алу.Төлдерін атау.           

Дидактикалық ойын: «Төлдерді дұрыс орналастыр».

 

 

 

Енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырып көрейінші, кім тез табады екен?

1.    Кішкене ғана тоны бар,
Айландырып киген тоны бар     (Қозы).

2.    Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.     (Түйе)

Қорыту:  

Венн диаграмасы:  Енді балалар  мына үй жануарлары мен  жабайы аңдарды салыстырайық.

    Үй жануарлары     Айырмашылығы     Жабайы жануарлар

•    Біз не туралы сабақ өттік?
•    Үй жануарларына нелер жатады екен?
•    Жануарлардың төлдерін не деп атаймыз?
•    Жануарлар қалай дыбыстайды?
•    Жануарларды қандай ертегілерден кездестіруге болады?

Бағалау

Үйге тапсырма. Төлдер туралы өлең жаттап келу.

Сабақтың тақырыбы:         "Төрт түлік "

 Сабақтың мақсаты:   Балалардың  төрт түлік мал туралы түсініктерін кеңейте отырып, халқымыздың төрт түлікті дәріптеген өлең жырлар, әңгімелер арқылы танымын, жан-жануарлар туралы түсініктерін арттыру, жылқылардың басқа малдардан айырмашылығын таныту, сөздік қорын байыту, тіл байлықтарын дамыту, ұлттық тағамдар түрлері туралы ұғымын пысықтап, тиянақтап, көбірек білуге ынталарын ояту, балалардың тазалыққа, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі:    түсіндіру, әңгімелеу,көрсету.

Сабақтың көрнекілігі: Төрт түліктің суреттері  слайд түрінде

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
 
-Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн келді.
Қайырлы таң, қайырлы күн,
Күлімсіреп шықты күн!
-Сәлеметсіздер ме, балалар! 
-Отырыңдар.Бүгін бізде ерекше бір қызық сабақ. Сондықтан сабаққа барлығымыз қатысайық. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: "Төрт түлік "
-Балалар, бүгін біз сендермен саяхатқа шығамыз. Қане көздеріңді жұмыңдаршы, енді ашайық. Балалар , біз жайлауға келдік. Қане, қалай демаламыз? Бәріміз таза ауамен дем алайықшы.  Қараңдаршы жайлауда не жайылып жүр екен? (Осы кезде  өрісте жүрген малдардың дауыстар қойылады.
Балалар: -Қойлар, сиырлар, ешкілер, жылқылар, түйелер.
Мұғалім: Осы үй жануарлары сендердің үйлеріңде бар ма?
Мұғалім; Олар қайда жайылып жүр?
-Дұрыс, жайлауда немесе өрісте жүр. 
- Балалар, ал қазір «Мал қалай  дыбыстайды?" деген ойын ойнаймыз. 
Ойынның шарты: Тақтада үй жануарлар берілген. Қазір мен сендерге төрт түліктің дыбыстарын қосқанда, сендер ненің дыбысы екенін тауып алу керексіңдер.
Ойынның мақсаты: Қандай төрт түліктің дыбысы екенін тауып алу.Оларды атау.
Сергіту сәті:       
Қошақаным тұршы, 
Беті –қолыңды жушы.,
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Орныңа отыршы.                                                                                                                                    
Мұғалім: Ал енді балалар тақтаға қарайық. 
-Балалар тақтада ненің суреттерін көріп тұрсыңдар?
-Дұрыс, айтасыңдар. Ал енді осы малдардың әрқайсына тоқталайық.
-Мынау ненің суреті?                                               
-Дұрыс, сиыр. Сиырдың пайдасы қандай? 
Одан не аламыз?                                       
Балалардың жауаптары: 
Сиырдың төлін -бұзау дейміз. Сиырдан біз сүт, ет, тері аламыз. Ал сүттен қаймақ, май, ірімшік, айран аламыз. Сиырдың атасы -Зеңгі баба. 
Сиырды аухау-аухау деп шақырамыз. Сиыр шөп, су, жем жейді.
Келесі ненің суреті?                                                                            
-Дұрыс, жылқы. Жылқының пайдасы қандай? Одан не аламыз?

Балалардың жауаптары: 
Жылқының төлі-құлын. Жылқыны көлік ретінде пайдаланамыз.
 Көбінесе, арбаға жегеміз.(отын, шөп, су, жүк тасығанда) Жылқыдан біз сүт, ет, тері аламыз Сүтінен қымыз жасайды .Қымыз-шипалы сусын. Оны өкпе ауруына емдік ретінде қолданады. Жылқы жем, су, шөп жейді.Жылқының атасы-Қамбар ата. Оны құрау-құрау деп шақырады.
Ойын: «Төлін тап»
Ойынның мақсаты: Малдардың төлін тауып алу.Төлдерін атау.

Келесі ненің суреті?
-Дұрыс, қой. Қойдың пайдасы қандай? Одан не аламыз?                
Балалардың жауаптары: 
Қойдың төлі-қошақан.Қойды Шопан ата бағады. Қойды пұшайт-пұшайт деп шағырады. Қойдан ет, жүн, тері аламыз. Жүннен әжелер байпақ, , қолғақ т.б тоқиды.
Келесі ненің суреті?
Балалардың жауаптары:
-Дұрыс, ешкі. Ешкінің төл-лақ.                 
 Ешкі шөре-шөре деп шақырады.
 Ешкіден ет, түбіт аламыз. Әжелеріміз түбіттен шәлі, байпақ, қолғақ тоқиды.
Ойын: «Ішіне-сыртына».
Ойынның мақсаты: Оқушыларды үй жануарлары мен жабайы жануарларды айыра білуге үйрету.

Келесі  ненің суреті?
Балалардың жауаптары:
-Дұрыс, түйе. Түйенің төлі-бота.       
Түйе киелі жануар. 
Ол ұзақ уақыт бойы су ішпей жүре алады. 
Түйенің атасы-Ойсылқара. Түйені көс-көс деп шақырады. Түйені көлік ретінде пайдаланамыз. Түйенің сүтін сусын ретінде ішеді. Шұбат ашытады. Ол-айраннан сұйық, қымыздан қою. Оның емдік те қасиеті бар.
Сергіту сәті: 
Бала, бала балақан,
Кәне қайсың алақан
Саусақтарың әйбәт,
Былай-былай ойнат.
Балалар, ал енді "Не артық? " ойынын ойнайық.
Ойынның мақсаты:Балалардың мақсаты,артық суретті тауып алу.Неге артық екенін түсіндіру.
-Жарайсыңдар, балалар.
-Балалар, енді төрт түлік туралы жұмбақтар шеше аласыңдар ма?

Жұмбақтар

Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.

(қой)                        

Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар, 
Төрт жылтырмағы бар, 
Бір шыбыртқысы бар.

(сиыр)                                     


Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.

(түйе)                   

-Балалар, жарайсыңдар. Жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер? 
-Балалар, кім маған төрт түлік туралы тақпақтар айтып берем дейді?
(Балалар білген тақпақтарын айтады.)  
Төрт түлік малдар туралы тыйым сөздерді оқушыларға айту.
Малды теппе.  Ақты төкпе. Малды ұрма.
-Енді балалар, бәріміз   төлдер"Төлдер" әнін орындайық. 
-Жарайсыңдар, балалар. Әнді жақсы айтады екенсіңдер. Ортаға енді биші қызымызды шақырайық. Әминә бізге қазақтың биін билеп берем дейді.                    
Қорытынды: - Балалар сендерге саяхат ұнады ма?  Не ұнады? Біз бүгін көп нәрсені біліп көрсете білдік. Яғни төрт түлік малдардың  қалай дауыстайтынын, олардың төлдерін, пайдасын біліп үйрендік.


Пікірлер (2)

Роза

пайдама жарады

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз