Өлең, жыр, ақындар

Тіл және сөйлеу. 3,4 сынып

Ісанатты бастауыш сынып мұғалімі

Кушкинбаева Балжан Сейфуллақызы

Қаракөл бастауыш жалпы білім беретін мектебі. Қаракөл ауылы

Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу. 3,4 сынып

Сабақтың мақсаты:

  1. Сөйлеудің не үшін қажеттілігін ұғындыру, сөйлеу түрлерін ажырата білуге машықтандыру
  2. Тілідің қарым-қатынас жасау құралы екендігін түсіндіру, оқушылардың сөйлеу тілін дамыту
  3. Оқушыларды мәнерлі сөйлеуге үйрету, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, баяндау, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызбалар

Сабақтың барысы

І Кіріктірілген бөлім

  • Әлемде сәлемдесудің түрлері өте көп. Кейбір елдің тұрғындары мұрын түйістіру, ым-ишара, қол алысу, иық түйістіру, сәттілік тәлеу арқылы сәлемдеседі.
  • Сабақты бастамас бұрын, біз де бір-бірімізге амандасып, сәттілік тілейікші:

Бір, екі, үш

Жымиямыз сәл күліп

Біз тілейміз сәттілік.

  • Бүгін біздің сабағымызға «Сайықмазақ» қонаққа келді. Ол қазір сендерге ым-ишара, қимыл арқылы сәлемдесуді және қуанышты сәттерді көрсетеді. Соны шешіп көрейік.
  • Балалар, сайықмазақ сәлемдесу, сәттілік тілеуді және қызықты оқиғаларды бізге қалай жеткізеді? Оның барлық іс-әрекетін түсіндік пе?
  • Бірақ біз үнемі осы сайықмазақ секілді ым-ишарамен көрсете алмаймыз. Ол үшін бізге не қажет? /тіл қажет/
  • Тіл не үшін керек? /сөйлеу үшін/

 

Суретпен жұмыс

Әртүрлі қарым-қатынасқа байланысты берілген суреттерге қарап, суреттегі адамдар сөйлеудің қай түрін қолданып тұрғанын сұрау.

Ойтұжырым:

  Тіл адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы екен.

  Ауызша сөйлеу түрлеріне; бетпе-бет сөйлесу, телефон, теледидар, радио, т.б. құралдар қолданылады.

   Жазбаша сөйлеу түрлеріне: хат, Интернет, электрондық хабарлама, пейджер, факс, т.б. құралдар қолданылады.

  Тіл арқылы: хабар береді, сөйлеседі, кеңеседі, білмегенің сұрайды, пікірлеседі.

 

ІІ Сараланған бөлім

 

3 сынып

4 сынып

Мұғалім жетекшілігімен

1 тапсырма

Берілген даналық сөздерді көшіріп жазыып, мағынасын түсіндіру

  • Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.

Өзіндік жұмыс

1 тапсырма

 

«Қазақстан – тәуелсіз мемлекет»

Өзіндік жұмыс

2 тапсырма

Бірінші бағандағы сөйлемдердің жалғасын екінші бағанан тауып, сәйкестендіріп жазу

1

2

Мемлекеттік тіл –

Қызыл тіл

Ауызша тіл –

Қазақ тілі

Өнер алды –

Адамдардың бір-бірімен сөйлесу құралы

Ана тілін құрметтеу-

Қағазға жазылыып берілетін ой, хабар

Жазбаша тіл -

Әрбір азаматтың парызы

 

 

Мұғалім жетекшілігімен

2 тапсырма

Тірек сөздерді қатыстыра отырып, мемлекеттік тіл туралы досының пікірін білу. Сөйлудің қай түріне жататынын анықтау.

  • Қалай ойлайсың, .....................
  • Меніңше, ..................................
  • Сенің ойыңша, ..........................

 

3 тапсырма

Сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, мақал-мәтел құрастыру.

  • Бала тілі – бал.
  • Тіліңмен жүгірме – біліммен жүгір.

 

«Кім шапшаң» ойыны

 

Ойынның шарты: екі топқа хат қоржыны беріледі. Әр топ оқушылары парақтарға жазылған сөйлемдерді оқып, сөйлеудің түріне қарай ажыратып, үйшіктеріне орналастыруы қажет.

 

ауызша

жазбаша

 

ІІІ Кіріктірілген бөлім

Тест

  1. Әдеби тіл неше түрге бөлінеді?
  2.  
  3. Сөйлемнің жалғасын тауып, сәйкестендіріңдер
  1. Электронды пошта арқылы ........а/ біліммен жүгір
  2. Ұялы телефонмен ............ә/ өз тілінді құрметте
  3. Ана тілін құрметтеу-..........б/ бір-біріне хат жазады
  4. Тіліңмен жүгірме,......в/ хабарлама жіберді
  5. Өзге тілдің бәрін біл, ......г/ әр адамның парызы
  1. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып, сөйлемдерді толықтырыңдар
  1. Ауызша тіл адамдардың бір-бірімен ....... арқылы көрінеді

а/ сөйлесуіб/ ойлауы

ә/ хат жазуыв/ оқуы

  1. Жазбаша тіл дегеніміз -.....

а/ хабарласуб/ ойды қағазға жазу

ә/ пікірлесув/ ойды айту

  1. Ауызша сөйлеу түріне жататын сөйлемді табыңдар

а/ Хат жаздым

ә/ Телефонмен сөйлестім

б/ Жаттығуды жазбаша орындадым

в/ Интерактивті тақтаға жаздым

  1. Жазбаша сөйлеу түріне жататын сөйлемді табыңдар

а/ Мен телефонмен сөйлестім

ә/ Досыма хабарлама жаздым

б/Атам мен әжем әңгімелесіп отыр

в/ Ол жиналыс болатынын хабарлады

 

4 сынып

  1. Дұрыс жауаптарын тауып, сөйлемдерді толықтырыңдар
  1. Мемлекеттік тіл мәселесіне байланысты .......................... өз тарапынан жасалуға тиісті нәрсенің бәрін жасап жатыр.
  •  
  •  
  •  
  •  
  1. Еліміздің өңірлері бірінен соң бірі ......................... мемлекеттік тілде жүргізуге көшіп жатыр.
  •  
  •  
  •  
  •  
  1. Өзіміз ана тілімізде .................., өзге ешкім де бұл тілді шындап құрметтей қоймайтынынтүсінуге тиіспіз.
  •  
  •  
  •  
  •  

 

Тест жауаптары

Сұрақтар

1

2

3

4

5

6

жауаптар

а

1-в

2-б

3-г

4-а

5-ә

1-а

2-б

ә

ә

1-а

2-в

3-с

 

Тест жауаптарын тақтаға көрсету арқылы оқушылар өз жауаптарын тексереді. Сабақтың басында үлестіріп берілген «Өзін-өзі бағалау» парағы бойынша өзін-өзі бағалайды.

 

Бағалау парағы

3 сынып

Орындалатын жұмыс түрлері

Мұғалімнің берген ұпай саны

Оқушының жинаған ұпай саны

Баға

Әңгімелесу

 

 

 

Суретпен жұмыс

 

 

Мәтінмен жұмыс

 

 

3 тапсырма

 

 

4 тапсырма

 

 

Ойын жаттығуы

 

 

Тест

 

 

Барлығы

 

 

 

Бағалау: 30-35 ұпай -5, 26-29 ұпай-4, 20-25 ұпай -3

 

4 сынып

Орындалатын жұмыс түрлері

Мұғалімнің берген ұпай саны

Оқушының жинаған ұпай саны

Баға

Әңгімелесу

 

 

 

Суретпен жұмыс

 

 

Мәтінмен жұмыс

 

 

Тірек сөздермен жұмыс

 

 

Мақал-мәтелмен жұмыс

 

 

Өз үйінді тап ойыны

 

 

Тест

 

 

Барлығы

 

 

 

Бағалау: 30-35 ұпай -5, 20-29 ұпай-4, 15-19 ұпай -3

Үйге тапсырма

3 сынып: Тіл туралы мақал-мәтелдер жазып, жаттап келу

4 сынып: Досына арнап хат жазып келу

 


Пікірлер (4)

перизат

Қазақ тілі 3-сынып материалдары жсңартылған

перизат

3-сынып материалдар өте ескі

акгул

Хабарлау тусіндіру сойлемлерине шагын ангиме кврак

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз