Атырау облысы, Атырау қаласы
Амангелді атындағы орта мектебі КММ
ІІ санатты МАД сынып жетекшісі: Абуова Айгүл Сарсенқызы
Пәні: тіл дамыту
Сабақтың тақырыбы: Құстар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балалардың құстар туралы білімдерін тиянақтау. Құстардың пайдасы туралы айту.
Дамытушылық: Танымдық қабілетін ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету құстарға қамқор болуға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, ойын.
Көрнекілік: ИнтерактивтІ тақта, түрлі-түсті суреттер, сөздіктер.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Жарқырайды күніміз.
Қайырлы таң қонақтар,
Қайырлы күн балалар!
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
- Табиғат дегеніміз не?
Көзбен көр, сөзбен өр.
- Құстар дегеніміз не? (құстардың дыбыстарын естірту)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Құстар – табиғат байлығы. Адам – табиғатсыз өмір сүре алмайды. Құстарда табиғаттың бір бөлігі. Елімізде 500-ге жуық құстың түрлері бар. Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды. Сондықтан оларды табиғат емшілері деп атаймыз. Құстар ұрпақ өрбітеді. Балаларын қанаттарымен жауларынан қорғайды. Құстар табиғатқа сән береді. Әр түрлі дыбыстарды әдемі дыбыстарымен әнге бөлеп тұрады.
Сұрақ – жауап айдары:
- Үй құстары қандай?
- Дала құстары қандай?
- Қыстап қалатын құстар қандай?
«Білгенге маржан»
Актер болып ойнайық. Құстар қалай дыбыстайды?
Тауық – қыт-қыттайды. Қарлығаш – шиқылдайды.
Қарға – қарқылдайды. Әтеш – ку-ка-ри-кук
Бұлбұл – сайрайды. Тырна – тыраулайды.
Торғай – шиқылдайды. Көгершін – уілдейді.
Шағала – шаңқылдайды.
Оқулықпен жұмыс:
Санамақ: Бір дегенім – бүркіт Алты дегенім – аққу
Екі дегенім – ебелек Жеті дегенім – жапалақ
Үш дегенім – үйрек Сегіз дегенім – сауысқан
Төрт дегенім – торғай Тоғыз дегенім – тоқылдақ
Бес дегенім – бөдене Он дегенім – орман.
Сұрақ-жауап:
- Торғайдың балапаны ұясынан түсіп қалды. Сен не істер едің?
- Құстардың қарны ашты. Сен не істер едің?
- Осы құстар болмаса не болар еді?
Суретпен жұмыс:
«Тыңда, ұғын, түсіндір»
I-топ. Үй құстарын жабыстыру.
II-топ. Құстың ұясын құрастыру.
III-топ. Үй құсы мен дала құсын ажырату.
Сергіту сәті
Тобықтай түйін (Мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар айту.)
Қыс қыспаса қыс па? Қарға, қарға, қарғалар,
Құс ұшпаса құс па? Қар үстінде жорғалар.
Ала қарға қарға қонды,
Қара қарға жарға қонды.
«Шөжелер» биі
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
Біз қамқоршы баламыз,
Құстарға ұя саламыз.
Жем су беріп қыс бойы,
Балапанын бағамыз.
V. Қорытындылау, бағалау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі