«Текелі қаласы білім бөлімі» ММ
«№4 балабақшасы» МКҚК
Тәрбиешісі: Матахбаева Сауле Қасымханқызы
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.
Бөлімі: Қоршаған орта. Экология.
Тақырыбы: Суға зерттеу.
Мақсаты: Су туралы мағлұмат беру, тәжірибе жасау арқылы судың қасиеттерімен таныстыру. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін, қызығушылықтарын арттыра отырып, табиғаттың әдемі сұлулығын көре білуге және оған қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Су, құм колбалар, сүт, мұз ғаламшар, термометр, термос, жайпақ табақ.
Сөздік жұмыс: Сұйық, сусымалы.
Билингвальды сыңары: Су – вода, сусымалы – сыпучий, сұйық – жидкость.
Шаттық шеңбері.
Күндей жарқырап
Айдай арайлап.
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен
Бүгінгі күнді бастайық.
Тәрбиеші: Табиғат дегеніміз не?
Балалар: Табиғат дегеніміз – бізді қоршаған орта.
Тәрбиеші: Табиғат қандай болады?
Балалар: Тірі табиғат және өлі табиғат.
Тәрбиеші: Тірі табиғатқа және өлі табиғатқа нелер жатады?
Балалар: Тірі табиғатқа ағаштар, жәндіктер, жануарлар, гүлдер; ал, өлі табиғатқа қар, жаңбыр, су, тас, күн жатады.
Балалар, енді жақсылап ойланып мына бір жұмбақты шешейік.
Жалт – жұлт еткен,
Жылғадан өткен
Бұл не?
( Су )
Аспаннан домалап,
Көп моншақ төгілді.
Бұл не?
( Жаңбыр )
Олай болса, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз осы су туралы суға байланысты айтамыз.
Жанерке: Суды ластамайық.
Арайлым: Мен біздің аймақта апат болмаса деп тілеймін.
Ерасыл: Бізді қоршаған ортамыз әдемі, әсем, сұлу болса екен деп тілеймін.
Тәрбиеші: Балалар, менің қолымда ғаламшар.
Тәрбиеші: Ғаламшарды айналдырсақ бірақ түсті ғана болып көрінеді. Себебі, жер бетінде су өте көп. Сондықтан, картада, ғаламшарда суды көк түспен белгілейді. Көк түс судың түсі. Мұхиттардың, теңіздердің, өзен–көлдердің түсі көк.
1) Сылдыр – сылдыр, сылдыр су,
Сылдыр суға бетіңді жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Аппақ бетің маңдайың.
2) Су – тіршілік білсеңдер,
Судан ырыс күткен жер,
Суды лайлап түкірме!
Деп үйретер үлкендер.
Қане, балалар, су туралы мақал – мәтелдерді айтайық.
Батамен ел көгерер.
Тәжірибе арқылы судың қасиеттерімен танысамыз.
1. Судың түсін ажырату және судың түсі қандай болатынын тәжірибе арқылы көреміз.
1 стақан суға шай қасықты салу. Қасығымыз көріне ме?
Балалар: Көрінеді.
1 стақан сүтке шай қасықты саламыз. Сүттің ішіндегі қасық көрінді ме?
Балалар: Жоқ көрінбейді.
Балаларға суы бар стақан және бояу жағылған таяқшалар. Бояу жағылған таяқшалар арқылы суды балалар бояйды.
Тәрбиеші: Судың түсін өзгертуге болама екен?
Балалар: Болады.
2. Менде екі түрлі ыдыс бар, пішіндері әр түрлі. Бұлардың ішінде су бар. Судың пішіні қандай?
Балалар: Әр түрлі.
Тәрбиеші: Су қандай ыдысқа құйылса, сол ыдыстың пішініндей пішінге айналады.
- Су қандай зат екен?
Балалар: Су – сұйық зат екен.
3. Ал, балалар, ыдысқа құм саламын. Ол да ыдыстың пішініндей пішінге айналады. Сонда құм сұйық зат болғаны ма?
Осыны тексеріп көз жеткізейік.
Суды жайпақ табаққа төгеміз, су жайылып кетті. Яғни, су – сұйық зат.
Ал, енді құмды төгейік, ол үйіліп тұр. Олай болса, құм сұйық зат емес екен, сусымалы зат екен. Демек, су мен құм әр түрлі заттар екен. Құм - сусымалы зат. Су – сұйық зат.
4. Тәжірибеміз мұз, жылы су, ыстық су, салқын су.
Мұзды еріту. Суды ысытуға, мұздатуға және оны ерітуге болатынын көрсету. Қайнаған ыстық суы бар шәйнектің қақпағын ашсақ, бу шығады. Бұл бу су тамшыларына айналады.
Сергіту сәті:
Биік болып өсеміз,
Жапырақтай жайқалып.
Ағаштарға су құйып,
Өсіреміз саябақ.
Балалар: Оқу іс - әрекетін қорытындылап, өз ойларын айтып, тәжірибелердің қызықты болғандарын, не көргендерін айтып береді.
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Судың сұйық зат екенін біледі.
Меңгеру: Тәжірибе арқылы судың қасиеттерінің өзгеріп отыратынын меңгереді.
Жасай білуі: Тәжірибе жасап, бастаған істерін аяғына жеткізе алады.
Қолданған әдебиеттер:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі