Өлең, жыр, ақындар

Айбынды Ата заңға – 20 жыл

Деңгейі: тереңдетілген

Мекеме атауы: Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті

Лексикалық тақырып: Айбынды Ата заңға – 20 жыл

Грамматикалық тақырып: Өткен тақырыптарды қайталау

Сабақтың мақсаты:

  • Мемлекеттік мереке азаматтарымыздың құқығы мен бостандығының кепілі –ел Ата Заңының 20 жылдығына орай   Конституция бойынша алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білетін тұлғаны тәрбиелеу;
  • Саяси өмірден хабардар , қоғам алдында тұрған мақсаттарды шешуге белсене араласатын жеке тұлғаны қалыптастыра отырып шығармашылық, іздемпаздық дағдысын дамыту;

 

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгіме, жұмыс дәптермен жұмыс, сұрақ-жауап, талдау, «Заң терминдері» ойыны, кері байланыс парағы..

Сабақтың көрнекілігі: ҚР Конституциясы, слайд, оқулықтар, әдістемелік құралдар,бағалау қағаздары, жұмыс дәптері.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жыл 30 тамыз
  • Қазақстан Республикасы заңнамасындағы мемлекеттік тіл: мәселелері және келешегі – Астана, 2010 жыл
  • Қазақ тілінің грамматикалық анықтағышы. – Астана, 2012.
  • Асыл сөз. Негізгі оқулық. – Қызылорда, 2013.

 

САБАҚ БАРЫСЫ

  • Экраннан бейнеақпарат көрсетіледі.

Сабақ тақырыбын ашып, Ата заң туралы мәліметтер беріледі

 

Ой шақыру

  • Қазақ даласындағы ең алғашқы заңдар туралы не білесіздер?
  • «Жеті Жарғы» заңдар жинағының авторын білесіздер ме?

 

Қазақ халқының бірнеше ғасырлық өмір тәжірибесінде әр істің, салт -сананың реті мен жөн-жобасы болады және барлық жұмыс соған сәйкес атқарылады. Ұлттық ырым-тыйымның, әдеп-үлгісінің жұптасқан немесе топтасқан құрамы халықтың әдет-ғұрпын, жол-жоралғысын құрайды.

Қазақ заңдарының тарихында «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталатын заң ережелерінің орны бөлек. Кейін ХҮІІ ғасырда мұны Есім хан түпкілікті қолданып, заң күшіне толық енді. Мұны халық «Есім ханның ескі жолы» деп атады. Жоғарыда аталған екі заң ұлы хан, Әз Тәуке тұсында одан әрі жетілдіріп, жаңа құқықтық тараулар енгізілді. Ақыл-парасаттың арқасында Әз Тәуке аталған ханның тұсында «Жеті Жарғы» атты қазақ әдет-ғұрып құқығының тамаша ескерткіші туды. Ұлы билермен ақылдаса отырып, Әз Тәуке шығарған «Жеті Жарғының» өзіне дейінгі дәстүрлі заң жобаларының шырынын бойына сіңіре туындағаны хақ.

Халқымыздың құқық, билік, сот ісі жөніндегі көңіл аударарлық заңы 1885 жылы Семейдің Қарамола съезінде Абайдың қатысуымен жазылған Ереже.

Бұл заңдардың жақсы жағы сақталып, жеке адамның бас амандығы, ар-намысы мен мал мүлкін қорғау мәселелері баса айтылады. Тәлім-тәрбие беру мен ел ынтымағын сақтауға қатты көңіл бөлген.

«Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы»

  • Мүлік заңы
  • Қылмыс заңы
  • Әскери заң
  • Елшілік жолдары
  • Жұртшылық заңы

Жеті Жарғы

  1. Тіл тигізу, балағаттау, ұру, денеге зақым салуға қатысты берілетін жазалар
  2. Кісі өлімі, оған салынатын айып
  3. Ұрлық, барымта
  4. Зинақорлық, зайыбының көзіне шөп салу
  5. Әдептілік, ата-ананы сыйлау, үлкендер сөзіне құлақ салу
  6. Жеті ата ішінде қан араластырмау
  7. Елді мекен, көшіп-қону, жер дауы

ҚР конституциясының құрылымы

ҚР Конституциясы

  1. Жалпы ережелер
  2. Адам және азамат
  3. Президент
  4. Парламент
  5. Үкімет
  6. Конституциялық Кеңес
  7. Соттар және сот төрелігі
  8. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзін басқару
  9. Қорытынды және өтпелі ережелер
  • Тапсырма. Мәтінді оқып, зат есімдерді табыңыз

 

“Конституция”- латын тілінен аударғанда “құрылыс” деген ұғымды білдіреді. Қазақша мағынасы- ел, мемлекет болудың тетігі деген сөз. Онда маңызды үш мәселе –мемлекеттік және қоғамдық құрЫлыс, адамның немесе азаматтың құқықтық мәртебесі және мемлекеттік органдардың қызметтік жүйесі қамтылған.

 

  • Тапсырма. Берілген мәліметтерді пайдалана отырып, мәтін дайындаңыз

 

 

* Қырғыз Кеңестік Социалистік Республикасының 1926 жылғы

18 ақпанындағы Конституциясы

*Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының 1937 жылғы

20 наурыздағы Конституциясы

*Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының 1978 жылғы 20 сәуірдегі Конституциясы

*Қазақ стан Республикасының 1993 жылғы 28 қаңтардағы Конституциясы

*Қазақ стан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы

 

  • Тапсырма. Сөйлемді орын тәртібімен орналастырыңыз

 

  • Конституция қабылданған Республикасының күні деп жарияланды күн- Қазақстан Конституция

 

  • Конституцияға бүкіл мемлекеттегі негізделіп заң қабылданады

 

  • бұзылуы құқық бұзушылық болып табылады Конституциялық қағидалардың

 

  • Тапсырма. Мақалдардың мағынасын түсіндіріп, ой бөлісіңіз:

 

  • Әділ билік – алтын таразы
  • Тура биде туған жоқ
  • Ханға хандық, биге билік
  • Иілген басты қылыш кеспейді

 

 

 

  • Тапсырма. Хабарландыру

Қазіргі нарық заманында баспасөз беттерінде жұмысқа шақыру, бос қызмет орындарына конкурс жариялау үшін де хабарландырулар жарияланады. Хабарландыруларда қызметке алынатын кандидатураға қойылатын талаптар мейлінше тұжырымды, нақты жазылады.

Түрлері:

Мәжіліс туралы

Отырыс туралы

Салтанатты жиналыс туралы

Бірлескен мәжіліс туралы

Бос қызмет туралы

Хабарландыру

6 мамыр күні, таңертеңгі сағат 10-да акті залында Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу өткізіледі. Салтанатты кездесу Жеңіс күніне арналады.

Бағдарлама:

  1. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің естелік- әңгімелері
  2. Көркем өнерпаздар концерті

Ұйымдастыру комитеті

 

  • Тапсырма. Үлгідегі хабарландыруды пайдалана отырып, Конституция күніне орай өткізілетін іс-шараларға хабарландыру жазыңыз

 

  • Тапсырма. Берілген қазақша сөздердің орыс тіліндегі дұрыс

аудармасын табыңыз.

Талапкер                обещание

Жазалау                 преступник

Кек                       стать свидетельем

Уәде                           наказывать

Қылмыскер                  рукоприкладство

куәлікке жүру         истец

қатал кесім               месть

қол жұмсау             строгое решение

 

  • Тапсырманы орындаңыз

 

б          
б          
б            
б            
б              
б            
б                

 

Сөзжұмбақ

Төмендегі заң терминдерінің синонимдерін табыңыз және олардың барлығы да «Б» әріпінен басталуы қажет.

1)Қате

2)Мәміле

3) Жарлық

4) Азат ету

5) Мал ұрлығы

6) Ел билеу

7) Еркіндік

 

  • Салыстыр…Сарала…

 

Жеті жарғы Ортақ қасиеттері ҚР Конституциясы
     
     
     

 

  • Тапсырма. Қима қағаздардан өлең құрастырыңыздар.
  • Мәтінге негіз болып тұрған тірек сөздерді жазыңыз

 

Өзімнің ата жұртымда өз заңым
билік құрып тұр!

 

Тереңнен созған тамырын,ғасырдан тартқан желісін,

Тарихтан асқан қастерлі ақиқат жоқ-ау мен үшін,

Бабалар жортқан боз дала- аяулы алтын құндағым,

Армандай болған Азаттық- алғашқы ұлы жеңісім.

Ақынға құлақ асыңыз, ақтарып жатпай мұрағат,

Айбынды ата заңымда билерден қалған ұлағат.

Қасиеті мен киесін бір ауыз сөзге сиғызған,

Қазақ боп туған сәтімде –ақ қонған ғой маған сірә, бақ.

Айбынды Ата Заңымда абырой-күшім, ар құсым,

Ұсқыны болып тұр оның ұлтымның ұлы болмысы.

Алтын жіп өрген арқауын бекзада біздің халықтың,

Бергісі мен арғысы, Тәукенің Жеті Жарғысы…

Тамұқта түскен тыртықты тағдырым бүгін ұмыттыр,

Жаураған жүрек болса егер, жылы сөзіңмен жылыт бір.

Өзегі күйген ерлердің өкінішінің өтеуі,

Өзімнің ата жұртымда өз заңым билік құрып тұр.

 

Әлия Даулетбаева

 

Қорытынды

 

   Кері байланыс парағы

Бүгін мен……білдім

…… қызықты болды

…….қиын болды

Мен мына тапсырмаларды орындадым.

Мен енді білемін

Мен …….үйрендім

Мен сезіндім……….

Сабақтың маған бергені……..

Бүгінгі сабақтың бағасы……….

 

Үйге тапсырма

 

  • “Қазақтың бұрынғы ел басқару құрылымы” тақырыбына ой бөліске дайындық

 

БАҒАЛАУ

Тіл үйренушілерге жұлдыз пішінді стикерлер сабақ барысында таратылып отырады, соңында әр стикер 10 балдық жүйе бойынша есептеліп, қорытынды бағалары шығарылады.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТІЛДЕРДІ

ОҚЫТУДЫҢ ӨҢІРЛІК ОРТАЛЫҒЫ

                           САДУОВА ГҮЛНҰР БЕКДИЛДАҚЫЗЫ


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер