«Балбөбек» бөбекжайы КМҚК
«Құлыншақ» тобының тәрбиешісі: Эшназарова Карима Тулепбергеновна
Ертеңгіліктің барысы: «Көк тудың желбірегені» әні.
Мақсаты: Болашақ ұрпақты Отан сүйгіштікке баулып, туған жерін, елін сүюге, табиғат әсемдігін танып оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті апайлар, балалар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – ел тілегі» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! .
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
2-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
«Қарлығаш»тобының бүгінгі күнге арнап дайындаған ертеңгілігін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Ән: «Отан туған еліміз»
Жүргізуші: Біздің «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушілерінің Тәуелсіздіккүнінеарнағанмерекелікөлеңшумақтарын қабылалыңыздар:
Диас: Он алтыншы желтоқсан
Елдің ұлы мейрамы
Жаңа шыққан көктемдей
Жаз күніндей жайдары.
Айсұлу: Арымыздай тап-таза
Жанымыздай шуақты
Көтерілді биікке
Қазақстан байрағы.
Алана: Жарық болса күніміз
Жарқын шығар үніміз
Елін сүйіп ержетер
Біз болашақ гүліміз.
Надежда: Моя Родина –Отан,
Край любимый Казахстан
Горы, степи и поля-
Это вся моя земля.
С.Аружан: Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.
Азамат: Мереке бүгін ұлы күн,
Бабалар рухы көксеген.
Азатты елдің ұлымын
Теңескен төбем көкпенен.
Би: «Көрпеше» (қыздар)
Ойын: «Асық ату»
Жүргізуші: Ендігі кезекті тақпаққа берейік:
Арман: Жасай берсін ұлы күн
Үміті боп елінің.
Ақ күн боп баланың
Шаттығы боп шалдардың
Гүлсезім: Маған қымбат ұлы елімнің
Шешек атқан әр гүлі.
Аялайды бәрімізді
Азаттықтың таң нұры.
Ербол: Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан.
Маулида: Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерін мәңгілік сақтаған.
Назерке: Енді міне біз тәуелсіз ел болдық
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату-тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын
Іңкәр: Қайраттай қайсар ұлдардың
Жанымен келген еркіндік
Жазира мен Ләззаттың
Арымен келген еркіндік
Қасыретпен қайғының
Бәрімен келген еркіндік.
Н.Дильназ: Нөсерлеп құяр селі бар
Бәйшешек толы белі бар
Еңбекті сүйген ері бар
Осындай менің жерім бар.
Ляйсан: Күлімде күн,күлімде!
Бүлдіршіндер қуансын.
Қырдың көкшіл түгіндей
Қолдарына ту алсын.
Ильяс: Арайлап атқан таңы бар
Өрісі толы малы бар
Омарта толы балы бар
Сыңсыған мойыл талы бар.
Ойын: «Қол күрес»
О.Дилназ: Әнді алысқа жеткіземіз,
Көкке елдің туы ілінді.
Жылда той қып өткіземіз,
Тәуелсіздік ұлы күнді.
Айбол: Тәуелсіздік таңын сүйем
Таңмен бірге келді ме өлең.
Көк туына басымды ием,
Көгімізде желбіреген.
А.Дилназ: Аласармас аспанымда
Күнмен гүлдеп ел өседі.
Қазақстан аспанында
Бостандықтың желі өседі.
Ажар: Сарыарқаның даласында,
Күн шуағын төккен күн.
Елім менің, жерім менің,
Баққа қолы жеткен күн.
С.Аружан: Бостандығым тұңғыш рет
Аққанатын қаққан күн
Әже әлдилеп немересін
Басы айналған бақтан күн.
Айдын:Тәуелсіздік-
Бақ туын.
Қолға ұстаған сәт бүгін.
Болсын дәйім шат күнім.
Жүргізуші:
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық ,Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қостыБиші қыздар биімен де үн қосты
Би: Домбыра билейді.
Жүргізуші:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
Ән: «Егемен Қазақстан».Орындайтын «Құлыншақ» тобының тәрбиеленушілері : (Барша бала шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша)
Жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – ел тілегі» атты мерекелік ертеңгілігіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі