Өлең, жыр, ақындар

Ағаштың жемісі бұтақта болады, Сөздің жемісі кітапта болады

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы
«Ақжайық санаториясы» бастауыш мектебінің пəн мұғалімі
Зекешева Лаззат

 

Тəрбие сағаты. 2-сынып. 

Сабақтың тақырыбы: «Ағаштың жемісі бұтақта болады,

Сөздің жемісі кітапта болады.»

Сабақтың мақсаты: Кітапқа құрметпен қарауға баулу. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, адамгершілікке, өз жауапкершілігін білуге тəрбиелеу. Əңгімелер, ертегілер оқу арқылы балалардың ой-өрісін дамыту.

Көрнекілігі: кітаптар көрмесі, кітап туралы қанатты сөздер, мақал-мəтелдер.

Тəрбие сағатының барысы:

Алдын-ала берілген тапсырма:

Өзіңнің ең сүйікті кітапшаңды сыныпқа алып келу.

Кітап бұрышында жиналған мазмұнға лайықты топқа бөлу.

Ертегі кітапты ұнататын балаларды «Ертегі əлемінде» атты топқа жинау.

Бояма кітаптарды ұнататын балаларды «Сырлы суреттер» тобына жинау.

 

Негізгі бөлім:

Біз бүгін тəрбие сағатымызда өмірдің ең өзекті мəселесі қағаз, одан шығатын заттар, кітап туралы сөз қозғамақпыз.

Кітап – адамның рухани азығы, білім, ақыл, кеңес құралы.

Кітапты ұста аяла,

Ағаш үлкен саябақ.

Көркімен елді таңдантып,

Өмір берер аялап.

-Ал енді, осы кітап қалай жасалады? Неден жасалады? Соған тоқталып өтейік.

Адамзат қағазды пайдалануды  ІІ ғасырда үйренді. Қағаз Қытайда ойлап табылса да Қытайлықтар оны жасау əдісін ұзақ уақыт құпия сақтады.

Қағаз былай жасалады:

Ормандағы ағаш алдымен кесіліп, жаңқаланады, үгітіледі, ұнтағы шыққанша майдаланады. Бұдан соң ұлпа толып жатқан өңдеуден өтеді. Кезек қағаз жасайтын автоматты машинаға тиеді. Бұл машинаның ұзындығы 100 метрден асады. Биіктігіле аса үлкен. Дымқыл, борпылдақ, ұнтақ машинадан өтіп 1 минут ішінде теп-тегіс аппақ қағазға айналады. Осы уақытта ұсақ тесіктері бар ұзын торға салынған қағаз ұнтағының суы сығылып қызған ауа барабан арасынан өтіп тегістеледі.

А.Байтұрсыновтың мына өлеңін тыңдайықшы.

Балалар бұл жол басы жаңалыққа,

Келіңдер оқып байқап қаралықты.

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,

Соларды көре тұра қаралық па?

Даналық – өшпес жарық кетпес байлық

Жүріңдер іздеп тауып алалық та!

Топ оқушыларының алдына арнайы тапсырмалар ұсыну.

«Ертегі əлемінде» тобына бірінші ертегі кейіпкерлерінің шаблоны берілелі.

- Қандай ертегі кейіпкерлері?

- Ертегіні кімнен естідің?

- Ертегі қалай басталады?

- Ертегі қалай аяқталады?

Сұрақтарына жауап ала отырып, құрастырма жасауға əзірлену.

«Сырлы суреттер» тобына бірнеше бояуға арналған суреттер беріледі.

- Өзің бір суретті таңдапал, суретті кітапшалардағы əсем бояу түрлерін есіңе түсір, суретті боя.

Қолыңдағы суретке сипаттама беруге даярлан.

Тапсырманы орындауға 10 минут беріледі. Тапсырсаны орындаған балалар тақтадағы белгіленген орынға өз жұмыстарын орналастырады.

«Менің сүйікті кітапшам»атты ой қозғау минуты.

Мұғалім:

-Балалар сендермен қызықты кітап əлемінен сыр шертіп көрейік. Кім қазір өз достарына «Сүйікті кітапшасы» туралы əңгімелеп береді.

Үш-төрт оқушыны тыңдау.

Сабақты қорытындылау.

Балалар кітапты жыртпай, кірлетпкй, бүлдірмей таза ұстау бəріміздің мінлетіміз. Бізде кітапты қапталған, өте таза, ұқыпты ұстайтын оқушылар да арамызда бар. Олар жауапкершілікті түсінген оқушылар.

Кітап ұстау ережелері:

  1. мұқабасы бүлінбес үшін қаптап ал.
  2. ішіп отырып, кітап оқыма.
  3. беттерінің бұрыштарын бүктеме.
  4. беттерінің арасына қыстырғыш жасап ал.
  5. беттерін жыртпа, сурет салма, жазба, бүктеме.

Кітаптың өтініші ( магнитафон арқылы тыңдаиу)

- Балалар, мен кітаппын. Бүгін мен сендерге бірнеше ақыл айтпақпын, құлақ салып тыңдаңдар!

- Мені кір қолдарыңмен ұстамаңдар, мені сен сияқты тағы бір бала оқитынын ұмытпа.

- Менің беттеріме белгі соғып қарындаш немесе қаламсаппен боямаңдар, оқып тоқтаған жеріңді белгілеу үшін арнайы белдеулік пайдаланыңдар. Əрі тез табасың, əрі маған да ыңғайлы.

- Менің əрі пайдалы, əрі таза, əрі жаңа күйімде сақталуыма көмектес. Бұл сенің қолыңнан келеді.

Дос болайық балақай!

Мұғалім:

Кітабың сенің құлағың,

Жағар білім шырағың.

Баса алмайсың ешқашан,

Онсыз алға бір қадам.

Кітабыңды құрметте,

Кітап ұста кірлетпе.

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бірбетке.

Тəрбие сағатының соңында əр оқушыға «Кітаптың өтініші» атты ескертпе парақты ұсыну.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз