«Қарлығаш» ортаңғы тобындағы оқу іс-әрекетінің ұйымдастыру техналогиялық картасы
Күні: 7.10.13
Білім беру саласы: қатынас
Бағдарлама тарауы: тіл дамыту
Тақырыбы: «Айгерім қуыршақтың туған күні»
Мақсаты: Балаларды қуыршақты сипаттауға оның т.р түсі туралы білім беріп, тілдік және сөздік қорларын дамыту. Адамгершілікке тәрбиелеу.
Құрал-жабдық: қуыршақ
Қостілдік компонент: қуыршақ-кула, әдемі-красивая
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу.
Әрекет кезеңдері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы |
Ұйымдастыру кезеңі: «Таң шуағы» Біз қандаймыз, қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз. Ренжісуді білмейміз. |
Балалар бір-біріне таң шуағын тілеп, атқан таңмен ризашылықтарын білдіреді. Балалар көркем сөзді тәрбиешінің айтқаны бойынша қайталайды. |
Іздену ұйымдастырушылық
|
2.1-Балалар бүгін біздің топта бір қыздың туған күні. Білесіңдер ме кім екенін? Ендеше мен сендерге ол туралы бір өлең айтып естеріңе түсірейінші. Сөйлемейсің сен неге? Тілің жоқпа қуыршақ. Жуынбайсың сен неге ? Кірің жоқ па қуыршақ. Аңқаусыңба қуыршақ, Жалқаусыңба қуыршақ. Иә дұрыс бұл өлеңді сендер жатқа білесіңдер. Бізде бүгін Айкерім деген осы қуыршақтың туған күні екен. Қуыршақ қандай? Оның көйлегі қандай әдемі. Көйлегінің түсі қандай? Шашының түсі қандай? Оның шашы ұзынба әлде қысқама? Бойы қандай? Айкерім қуыршақ ол өзінің туған күнін сендермен бірге атап өткісі келед екен. Біз қуыршақты құтықтап оған жақсы тілектер айтып беруіміз керек. Ендеше бәрімі қуыршаққа арнап «Ойыншықтар» әнін айтайық. 2.2 Сергіту сәті: Неге қолым ұйып тұр, Алақанда ашып, біріктір. Қимылдатып алайық. Буындарын бүгіп тұр. Алақанды ашайық, Көкке шашау шашайық Қимылдатып аспанды Жаттығулар жасайық. Д/ойын: «Қуыршақ бөлмесі» Педагог балаларға Айгерім өз бөлмесіне жиһаздар сатып алыпты, біз осы жиһаздарды бөлмелеріне орналастыруға көмектесейік. Тәрбиеші балалармен бірге жиһаздарды үстел үстіне орналастырып, «қонақ бөлмеге не қажет?», «ас бөлмеге не қажет?» деп сұрап жиһаздарды дұрыс орналастыруға, балалар жиһазды дұрыс атауға қалыптастыруы керек |
-Жоқ білмейміз.
-Бұл қуыршақ туралы өлең ғой
-Қуыршақ әдемі екен.
-Шашы сары -Қызыл -Шашы ұзын -Бойы ұзын
Тәрбиешімен бірге әнді айтады.
Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге жасайды. |
Рефлексивті - корригиялық |
-Балалар бүгін біз кімнің туған күні туралы айттық? -Қуыршақтың көйлегі қандай? |
-Айкерім қуыршақтың -Әдемі |
Болжамды нәтежие:
Білу керек: Қуыршақты сипаттауды,әңгімелеуді
Істей біледі: Өз ойларын жеткізе алады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі