Өлең, жыр, ақындар

Туыстық қатынастар

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы
«Ақжайық санаториясы» бастауыш мектебінің пəн мұғалімі
Зекешева Лаззат

Сабақтың тақырыбы: Туыстық қатынастар.

Баланың ата-анаға борышы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға туған-туыстар туралы түсінік беру. Ойларын ашық жеткізу, ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық қиялдарын жүйелеу. Туған-туыстарға деген сүйіспеншілігін арттырып, ұйымшылдыққа, татулыққа тəрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ.

Сабақтың əдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Мақалдар, ойындар, суреттер

Пəнаралық байланыс: Орыс тілі, анна тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылықты ояту.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Əдеппенен бас иеміз!

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Əр оқушы отбасы – шағын қоғам туралы мазмұндау.

А) Қоғам, отбасы деген не?

Ə) Отбасының қоры не?

Б) Отбасылық міндеттерді ата.

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық.

Венн диаграммасы.

Көмекші                Асыраушы

Іні                            О      Ата

                                 Т      Əже

Сіңілі                       Б      Ана

                                 А      Əке

Қарындас                С      Əпке

                                 Ы     Аға

Сызықша арқылы қос.

Дедушка                   Əке

Бабушка                   Ата

Отец                         Əже

Брат                         Əпке

Сестра                     Аға

ІV. Жаңа сабақ.

Туысқандар – туыстық қатынастағы адамдар. Анаң мен əкеңнің бауырлары, əпке-қарындастары бар. Олар саған аға, тəте болады, ал сен əкеңнің туыстарына бауыр, анаңның туыстарына жиен боласың. Олар сенің жақын туыстарың.

Туған- туыстар бірін-бір іқұрметтеуге, қиын сəтте көмектесуге, үлкендердің сөзін тыңдауға, олармен кеңесуге тиіс.

V.Оқулықпен жұмыс.

Əлішерөзінің Аманжол деген досына өз туыстарын былай əңгімелеп берді:

- Менің əкем мен анам, Əсет деген ағам, Əсел жəне Əйгерім деген əпкелерім бар. Анамның да анасы мен əкесі, əпкесі, інісі мен сіңлісі бар. Інісінің қызы, сіңілісінің ұлы бар .Əкемнің əкесінің де əкесі бар.

Аманжол кімнің кім екенін шатастырып, басы қатып кетті. Оған Əлішердің барлық туыстарын атап беруге көмектес. Балалардың атасының атасы бар ма? Бауырлары ше? Əпкесі мен ағасы бар ма?

Сергіту сəті.

« Кім жылдам?» ойыны.

Ойын шарты: Отбасы мүшелерінің заттарын жылдам құрастыру керек.

VІ. Дəптермен жұмыс.

Күннің жадын жазу.

Бүгінгі сабақтың тақырыбын жазу.

« Менің отбасым» эссе жазу.

VІІ. Сабақты қорытындылау.

Отбасы дегеніміз- өте жақын адамдар отбасында бəрі бірін-бірі жақсы көреді.

« Жылылық жетпейді» дегенді қалай түсінесің?

Өз ата-анаң мен туған-туыстарыңды қалай құрметтейтінің туралы əңгімелеп бер.

«Отбасы» сөзі нені білдіреді?

Отбасын неге «шағын қоғам» дейміз?

Туыстық қатынасы бар адамдарды қалай атайды?

Туыстарыңа қалай қамқорлық жасайсың?

Сөзжұмбақ.

Отағасы

аТа

Бала

Аға

Сəби

нағашЫ

  1. басшысын кім деп атаймыз?
  2. əкесі саған кім болады?
  3. Сен əкеңе кім боласың?
  4. үлкен бауырың?
  5. бөпені басқаша қалай атаймыз?
  6. туыстары саған кім болып келеді?

Үйге тапсырма:

Мəтінді оқу.

Отбасы шежіресін жазу.

Жеті атасын біліп келу.

Бағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз