Aқтөбе oблысы , Мәртөк aудaны
Aққaйың oртa мектебі
Бaстaуыш клaсс мұғaлімі: Даулетова Аяжан
Пәні: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың бақылау дағдыларын қалыптастыру. Байқағандарын қорытындылай білуге жаттықтыру. Жыл мезгілдерінің табиғатын салыстыру, басты айырмашылықтарын талдай білу.
Дамытушылық: Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап,көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, ойын.
Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер.
Жоспар:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақ
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Қорытындылау, бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Оқушылардың үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Жаңа сабақ.
1. Таза жездей жайнаған,
Сары бояу айналам.
Енді сары бояумен,
Күз суретін салам мен.
Өлеңді талдау арқылы күз көрінісі жайлы әңгімелеу. Сонымен жыл мезгілдерінің бір-бірінен айырмашылығы болатынын аңғару.
2. Жыл мезгілдеріне байланысты кестемен жұмыс. Әр мезгілді сипаттау.
3. Күзде қандай құстарды немесе жануарларды байқадыңдар?
4. Құстар неге азайып кеткен? «Жыл құстары» дегенді түсіндіру.
5. Жерде неге жапырақ көп?
6. Енді қай мезгілі басталады?
Оқулықпен жұмыс.
- Мәнерлеп оқып беру.
- Мазмұнын түсіндіру.
- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.
Оқулықтағы суреттерді талдау.
Ондағы ауа райын білдіретін белгілерді анықтау.
Сергіту сәті.
Сұрақ – жауап арқылы тақырыпты қорытындылау
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Әр мезгіддегі өлі табиғатта болатын өзгерістерді астындағы шартты белгілері бойынша оқып, әңгімеле.
2. Сурет бойынша әр мезгәлдің табиғат көріністерін салыстыр.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушылардың білімі мен белсенділігін бағалау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі