Өлең, жыр, ақындар

Үй жануарлары мен үй құстары

Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті
№11 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі: Жұмашева Нұргүл

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: Әлеуметтік

Бөлімдері: Экология негіздері

Тақырыбы: Үй жануарлары мен үй құстары

Мақсаты: Үй жануарлары мен үй құстары туралы және олардың адамға келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушылардың тілін, ой-қиялын ұштау, дүние танымын қалыптастыру, құстар, жануарлар әлеміне деген қызығушылығын арттыру. Үй жануарлары мен үй құстарына деген қамқорлық сезімін ояту. Табиғаттың жаршысы – құстарды, жануарларды қорғауға, аялауға қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Билингвалды компонент: үй жануарлары-домашние животные, үй құстары-домашние птицы, domestic animals.

Сабақтың көрнекілігі: үй жануарлармен құстардың суреттері, үнтаспа, үй мен дала суреттері, әліппе дәптер.

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік әдісі, этно әдісі.

Іс-әрекет кезеңдері

Мұғалімнің  іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеттері

Мотивациялық қозғаушылық

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық сәті:

Қайырлы таң, ұстазым!
Қайырлы таң, достарым!
Шеңберге тұрайық
Жылулық сыйлайық.

2. Жаңа сабақ.

 -Ал, балалар, олай болса бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбын айтпас бұрын берілген жұмбақтарды шешейік:

Үстінде екі тауы бар,
Қызық бір жануар. (Түйе)

Қамыс құлақ, тастаған тұяқ.
Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ.
(Жылқы)

Кішкене ғана бойы бар,
Айналдыра киген тойы бар. (Қой)

Екі айнасы бар, екі найзасы бар. (Сиыр)

Үй жанында өмір сүреді,
Біреу келсе үреді. (Ит)

Қық-қық етеді, кезіп жүріп көшені,
Жата қалса орнына,
 Ақ доп тастап кетеді. (Тауық)

Кеудесі қайқаңдап,
Жүреді байпаңдап. (Қаз)

Басында айдары бар,
Иегінде сақалы бар. (Әтеш)

Әрбір жұмбақтың шешімін тапқан кезде  үй жануарлары мен үй құстарының суреттері жеке-жеке тақтаға ілінеді.

-Сонымен балалар, үй жануарларына нелер жатады?

-сиыр, түйе, жылқы, ешкі, қой, ит, мысық

-Үй құстарына жататындар: әтеш, тауық, қаз, үйрек, балапан.

 

3. Үй жануарлары мен үй құстары туралы айтып түсіндіру, әңгімелеу.

 

Үй жануарлары мен құстарына арналған тыйым сөздер де бар.

1. Малды ұруға болмайды.

2. Ақты төкпе

3. Малға теріс мінбе

4. Құстардың ұясын бұзба.

5. Оларды үркітпе.

 

Бейнетаспа

 

4. Балаларды үш топқа бөліп, тақырыпқа сай тапсырмалар беру:

1-топ: Жануарлардың дыбысын салу.

2-топ: Этно әдісі арқылы қойдың бейнесін жасау.

3-топ: Пішіндер арқылы тауық құрастыру.

 

5. Дид\ойын: «Төлдерін тап»

 

Сергіту сәті.

 

Шөжелер биі.

 

6. Дәптермен жұмыс.

Дәптерде бейнеленген жануарлардың ішінен үй жануарларымен құстарын тапқызу. Мысалы: жылқы, сиыр, әтеш.

 

7. Қортындылау:

Дид\ойын: «Мекеніне апар»

Үй мен дала суретін тақтаға іліп, балаларды бір-бірден шақырып, қоржын ішінен суреттерді алғызады.

Сиырдың суретін алса, оны үйге жапсырады. Ал егер қасқырдың суретін алса, оны дала суретіне жапсырады.

Мадақтау.

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Балалар шеңберде тұрып айтып шығады.

 

 

 

 

Балалар жұмбақтардың шешуін табады

Суреттерді тамашалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейнетаспаны қызығып тамашалайды.

 

 

 

Балалар топтарға бөлініп, тапсырмаларды орындайды.

 

 

 

 

 

 

Ойынға белсене қатысады.

 сергіту сәтін би қимылымен  орындайды.

 

 

Дәптермен жұмыс жасайды

 

 

Ойын арқылы өз білімдерін көрсетеді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білді: Төрт түлік малдың, үй құстардың пайдасын білді.

Нені игерді: Үй жануарлардың дыбысын салады, үй құстарын пішіндер арқылы құрастыра алады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз