Өлең, жыр, ақындар

Айналайын ақ анам!

Жамбыл облысы, Меркі ауданы.
Гранитогор санаториялық мектеп-интернатының
«Інжу» қыздар тобының тәрбиешісі: Абилдаева Кумискуль Ажетовна

Айналайын ақ анам!

Мақсаты: Оқушыларға ана-өмірдің гүлі, ана алтын қазық, ана ақылшы, ана дүниедегі ең сұлу, ананы сыйлай білуге тәрбиелеу.

Міндеті: Анасыз өмірдің жоқтығын, ананың аялы алақанының ыстықтығын сездіре білу.

Көрнекілігі: Ана туралы қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, гүлдер, суреттер, шарлар.

Әдісі: Ашық тәрбие сағаты

Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Кіріспе: Ана деген асыл жан

3. Сұрақ – жауап

4. Көрініс

5. Аналарға сыйлық ән-шашу

6. Қанатты сөздер

7. Қорытынды.

 

Бәрі де ана, өзіңнен басталады

Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды

Қуандым ба

Өзің бар деп қуандым

Жыладым ба,

Өзің жоқ деп жас тамды

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды

Жанарыңнан көрдім алғаш дастанды

Еркелесем бір өзіңе еркелеп

Жасқандым ба,

Тек өзіңнен жасқандым

деп Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай  құрметті тәрбиешілер, оқушылар қауымы мен осы залда отыррған қыздар мен аналар қауымына арналады. Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді жүрегі жылы жанды көреді. Ол – ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – Ана. Біз қасиетті халықтың қыздарымыз. Қыз Жібек пен Баян Сұлу, Мәншүк пен Әлия, Күләш, Әмина, Фариза, Роза, Дина сынды апаларымыз бен аналарымызды мақтан тұтамыз.«Ат биеден туады, алып анадан туады»  елімізді көркейтер, атағы жер жарған әнші, жыршы,ғалым,жазушыларды, ел басқарған көсемдерді өмірге әкелген алып аналарымыз көбейе берсін.

Елін, жерін сүйетін, ей адамдар!

Алдымен ананы аялаңдар!

Ана-алып бәйтерек

Бәйтеректің бауырына саялаңдар!.

Құрметтесек ананы құрметтейік дегендей, мереке қарсаңында біз аяулы аналарымызды жылына бір келетін мерекеде еңбектерін бағалап, сый құрмет көрсету біз үшін қуаныш, әрі парыз.

Сұрақ-жауап

  • Жоқты бар, ашты тоқ етеін кім?
  • Жоқты бар, ашты тоқ етеін- мейрімді әке.
  • Жоқ, әке қанша мейрімді болғанымен ананың жөні бөлек.
  • Жоқты бар, ашты тоқ етеін ол-ана. Анасыз бал ұйықтамайды. Ана-үйдеге бақ, әке-отыратын тақ, Ана ақылды болса, үйдің қуанышы, әкенің жұбанышы

Үйдегі алтын қазық кім? Үйдегі алтын қазық ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі. Ана-ақылшың, әке қамқоршың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейрімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде.

Дүниедегі ең сұлу кім? - Қазақ әйелі

Әлемдегі ең ізгі жан?   - Ол ана

Әлемдегі ең мейірбан адам кім? – Бар тілегін перзентінің жолына арнаған ана.

Қанатты сөздер: Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың.

Ердің анасы- елдің анасы.

Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.

Ата – асқар тау

Ана – бауырындағы бұлақ

Бала жағасындағы құрақ

Қорытынды:

Ал аналар, балалар және жиналған қауым, бүгінгі әдеби сазды тәрбие сағатымызды ақын Баязиевтің «Ана туралы ой» деген өлеңімен аяқтағым келеді.

Халқымызға билік айтар даналар,

Даналардың өзі анадан жаралған

Жүрегіңнің бір бөлшегі бала үшін

Сізден жақын адам барма, аналар?!

Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.

Сіздерге теңестірер ешнәрсе жоқ,

Теңесе алар бір- ақ нәрсе Отан ғана!

Адам баласы үшін ең қастерлі сөз- Ана деп білеміз!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз