«Тексерілді»
Директордың оқу
ісі жөніндегі орынбасары:
______________ Қ.Омарова
Пәннің аты:Қазақ тілі |
Күні: 21.10.2016 ж |
Мұғалім:Джумабекова Лаззат |
|
Сабақтың атауы |
Дауыссыз н мен ң |
||
Мақсаты Күтілетін нәтиже |
Дауыссыз Н-Ң дыбыстарының айтылуы мен жасалу ерекшеліктерін ұғындыруға алған білімдерін тиянақты, жетілдіру. |
||
Психологиялық ахуал |
Поэзия минуты. М.Жұмабаевтың «Қарағым» өлеңі оқылады. Қарағым оқу оқы, босқа жүрме! Ойынға, құр қаларсың көңіл бөлме, Жасынан оқу оқып, өнер қуған Жан жетпес көңілі жүйрік кемеңгерге -Нені түсіндік? -Балаларға қандай өсиет айтады? -Үнді дауыссыз дыбысы бар сөздерді атаңдар. |
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
|
Қызығушылықты ояту |
1-тапсырма. Көркем жазу сәті. Жаңбыр сөзіне дыбыстық талдау.(дәптерімізге көшіріп ң дыбысы бар сөздің астын сызу.)н-ң дыбыстары қандай дыбыстар? н-ң дыбыстары екеуі екі басқа дыбыс, екі басқа әріп. Жасалуы жағынан ң-н-ға мүлдем жуықтамайды. Н-тіл ұшы дыбысы Ң-тіл арты дыбысы. 2-тапсырма. Ой сергіту жаттығуы. «Кім көп біледі?» Жұмбақ шешу. 1. Нанда бар, майда жоқ. Ұнда бар, айда жоқ. (н) 2. Шаңда бар, гүлде жоқ Аңда бар сайда жоқ. (ң) 3-тапсырма. Ой қозғау. «Тез тауып, бөгелмей айт»Тон-тоң, шын-шың, он-оң (сөздегі өзгертіп тұрған дыбыстарды салыстырып, мағынасын түсіндіру.) «Қарлы кесек» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау. Л,р әріптерінен сөздер айтады. |
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. |
|
Мағынаны тану |
Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындату. 129-жаттығу.Сөздерді көшіріп жаз.Н,ң әріптерінің астын сыз. Шын-шың мен-мең Тон-тоң сен-сең Кен-кең оң-өң 130-жаттғу.Өлеңді мәнерлеп оқы. 131-жаттығу.Ңғ,нг,ңг әріптерінің тиістісін қойып,сөздерді көшіріп жаз. Жауы (ң,ғ)ер,се (нг,ңғ)іш,бұры (нг,нғ,ңғ)ы,ша (нг,ңғ)ы, ә (ңғ,ңг)іме,үзе (нг,ңғ,ңг)і,қара (ңғ,нғ)ы 132-жаттығу. І-топ.Жауынгер ІІ-топ.таңғы ІІІ-әңгіме Сөздерін қатыстырып сөйемдер құра. 133-жаттығу.Өлеңді оқу. Қон, Қоң. Жайлауға қон, Жисын мол қоң. Қармен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір. Жоғарыдағы өлеңге қарап,әрі қарай ұйқастыр. Кен. Кең. ... ... |
||
Сергіту сәті |
Қайырымды жандар айнала, Шеңберге келсін жайлана. Жалықпастан қайта бiз, Махаббат сөзін айтамыз. Сүйеміз барлық әлемді, Әлемдегі бар елді. Бақыттымыз осы біз Қасымызда досымыз! |
||
Ой толғаныс |
«Ойлан тап». (7 күн, суреті ілінеді) -Суреттен нені түсіндік. «7 күн – 1 апта». Олай болса әр күнді өз атауымен атап, жасырынған дыбысты табайық. 1.Дүйсе бі 3.Сәрсе бі 5.Жұма 2. Сейсе бі 4. Бейсе бі 6. Се бі -Қандай дыбыстар жасырынған? Н – дауыссыз, үнді дыбысы. Сабақ соңында барлық тапсырма орындалып болғасын жаңбыр ашылып күлімдеп күн шығады
|
||
Үйге тапсырма |
Дәптермен жұмыс.134-жаттығу. |
Күнделіктеріне жазып алады |
|
Бағалау |
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау |
Бағалау парақшасын толтырады. |
|
Кері байланыс |
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі