«Балдәурен» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиялық картасы.
Өткізілген күні:12.10.2016ж
Тәрбиеші: Динара Равхатқызы Шарафиева
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сурет салу
Тақырыбы: Сары жапырақтар
Мақсаты: Балаларға күз туралы түсінік беру. Алақанмен сурет салуға үйретуді әрі қарай жалғастыру. Алақанды бояуға батырып, саусақтың ұшымен қағаз бетіне нүкте сала білуге үйрету.
Ойын: «Түстерді ата»
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне шақырады,бір-біріне жылы лебіздерін айтуға ұсыныс жасайды. Достарды біз қолдаймыз, Қиын шақта қорғаймыз Біздің топта ұл-қыздар. Тату-тәтті ойнаймыз. |
Шеңбер жасайды.
Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреіді. |
Іздену-ұйымдастырушы |
Тәрбиеші балаларға Күз туралы түсінік береді. Күз мезгілінде қандай өзгерістер болатындығына тоқталып өтті. Балаларға сергіту сәтін жасатты.Алақандарын бояуға батыру арқылы күзгі сары жапырақтарды салуды үйретті. Балаларға саусақ жаттығуын орындату. |
Балалар күз жайында түсінік алды Сергіту сәтін қимылмен орындай білді. Жапырақтың суретін қызығушылықпен салды. Саусақ жаттығуын орындады. |
Рефлексті-коррекциялаушы |
Тәрбиеші балалармен «Түсін ата» ойынын ұйымдастырады, ойынды тәртіп бойынша ойнауға үйретеді. Балалар бүгін ненің суретін салуды үйрендік? Қандай ойын ойнадық? Ойын сіздерге ұнады ма? |
Балалар ойынды белгіленген тәртіп бойынша ойнайды.
Балалар сұрақтарға жауап береді. Ия. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Балалар күз мезгілі туралы түсінік алды.
Қандай түсініктерді игерді: Түрлі-түсті қарындашпен жұмыс жасай алуды игерді.
Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: Саусақ жаттығуларын орындады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі