Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы
Жетібай ауылы, №3 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Имамадинова Оразгүл
Сабақтың тақырыбы: |
«Сан есім. 447-451-жаттығулар». |
Міндеті: |
Сан есім туралы оқушылардың білімдерін тереңдету;сөз таптары туралы білімдерін бекіту. |
Мақсаты: |
Тапсырмалар орындау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту; |
Оқыту нәтижесі: |
Сан есімнің сөйлемдегі маңызын түсінеді. |
Тапсырмалар: |
Топпен және өз бетінше жұмыстар. |
Көрнекіліктер: |
Т ірек-сызба, слайдтар, интертақта, қима қағаздар. |
Әдіс-тәсілдер: |
Сұрақ –жауап, түсіндіру, топтық жұмыс. |
Сабақтың түрі: |
Аралас сабақ |
Сабақтың барысы: |
|
І. Ұйымдастыру: |
Топқа бөлу (зат есім,сын есім, етістік) |
ІІ. Психологиялық дайындық: |
Мейірімді жүрекпен |
ІІІ. «Қайталау- білім анасы» |
- Сөйлем дегеніміз не? Сөйлем неден құралады? Мәтін ережесін айт. Мәтін түрлерін ата. Түбір дегеніміз не? Қосымша нешеге бөлінеді? Сөз таптарын ата. Жұрнақ туралы айт. Т.б |
ІV. Ойын «Кім шапшаң?» |
Берілген сөздерді сөз таптарына топтау. Бұғы, жасыл, таза, барды, үйшік, өзен, көктем, сабақ, ақылды, ащы, жүрді, әкелді. (ережелерін айту) |
V. Ребус шешу |
|
VІ. Жаңа сабақ |
а) Дәптермен жұмыс ә) Көркем жазу: Бір, екі, үш, төрт, бес. б) Оқулықпен жұмыс. 447-жаттығу. Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқы. – Екі көзің неүшін керек? – Жақсыларды көру үшін. – Екі қолың не үшін керек? – Елге көмек беру үшін. (Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.Ол нені білдіреді?) |
VІІ. Ережемен танысу |
Сан есім туралы |
VІІІ. Сергіту минуты |
1, 2, 3 қарлығаш боп ұш. |
ІХ. 448-жаттығу. |
Жұмбақты оқып, жатқа жаз. Шешуін тап. Тоғыз белбеу, қос жібек, Екі мұрын, бір шүмек. (Домбыра) |
Х. Топпен жұмыс. |
1-топ. 449-жаттығу . Ребусты шешіп, 102 сөзіне сөйлем құрау. 2) Алмаға кеп күнара 3) Шығармақ боп кеше есеп |
ХІ. 450-жаттығу |
Берілген сөздердің сан есім екенін дәлелде. Бес, тоғыз, жетінші, отызыншы. (Бұл - сан есім,өйткені ... ... ...) |
ХІІ. Топтық жұмыс |
1) Сан есімді тап. – Сыныптарыңызда неше оқушы бар? – Сабақ нешеде басталады? – Бүгін сабаққа неше оқушы келді? Т.б 2) Мәтінді толықтыр. Менің атым - сағат. Менің ... тілім бар: ұзын тілім - минутты, қысқа тілім - сағатты, ал жіңішке тілім – секундты көрсетеді. 3) Мақалдың мағынасын түсіндір. Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді. Жүз теңгең болғанша жүз досың болсын. |
ХІІІ. Сандар туралы |
а) Үш көз: су анасы - бұлақ, жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ. Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл. ә) Бес өсиет: 1. Топасқа сенбе. б) 7 ата: Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат. |
XIV. Қорытындылау |
– Қандай сөз табымен таныстық? Сан есім нені білдіреді? т.б |
XV. Бағалау |
Топтық және жиынтық |
XVI. Кейінгі тапсырма: |
451-жаттығу (ереже жаттау) |
XV. Рефлексия: |
Стикерге өз пікірін жазып; кітапшаға жапсыру. |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі