Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы
Жетібай ауылы, №3 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Шамшабаева Айсалтан Балтабаевна
Сабақтың тақырыбы: "Туған ел" Сәкен Сейфуллин.
Сабақтың мақсаты:
1. Ақынның өлеңі арқылы туған елге, жерге деген сүйіспеншілігін өз сөзімен айту.
2. Өз туған жерін сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Өлеңді түсініп оқу арқылы туған жерге, елге деген махаббатын түсіну. Өз ойларын еркін жеткізе білуге тырысады. Топпен ұйымдасып жұмыс істеуге дағдыланады.
Қолданылатын әдіс: Сыни тұрғыдан ойлау, топтық жұмыстар, сұрақ-жауап.
Қажетті құрал-жабдықтар: видеоролик, сызба, бейне көрініс, венг сөзжұмбағы., жапырақтар т.\б.
Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру.
Шеңбер құру.
2. Топқа бөлу.
- Қазір қай мезгіл?
- Ауа-райында қандай өзгерістер бар?
- Шөптер, ағаштың жапырақтары қандай түске енді?
Сары түске, қызғылт түске, жасыл түсте бар.
Ендеше мына жердегі күзгі жапырақтарды таңдап топқа бөлінеміз.
1-топ.Сары жапырақ. «Атамекен» тобы
2-топ.Қызғылт жапырақ. «Туған жер»
3-топ.Жасыл жапырақ. «Туған ел»
3. Үй тапсырмасын сұрау.
Туған тілім. Дихан Әбілов.
(әр топтан 2-3 оқушыдан жатқа сұрау).
Қосымша сұрақтар қою.
4. Қайталау оқу анасы.
«Екі жалған, бір шындық» ойыны.
1. Оқуға шақыру өлеңінің авторы кім?
А.Құнанбаев.
А. Байтұрсынов.
Ы. Алтынсарин.
2. Ыбырай Алтынсарин кім?
Жазушы, ақын, ұстаз.
Ұшқыш, ақын, жазушы.
Жүргізуші, жазушы, ақын.
3. Абай Құнанбаев нешінші жылы дүниеге келген?
1833 ж.
1845. ж.
1863 ж.
4. «Күз» өлеңінің авторы кім?
С.Сейфуллин.
С. Бегалин.
А. Құнанбаев.
5. Жақсылардың жақсысын ата.
Қағаз, қалам, тамақ.
Ұршық, кітап, өрмек.
Гүл, қалам, кітап.
5. Ой қозғау.
Қазақстанның байлықтарын атау. Балалар биыл Тәуелсіздікке 25 жыл толып отыр.
(Астана қаласының 3\4 суретін көрсету.)
6. «Бетпақдала» әнін тыңдау. Әннің авторы С.Сейфуллин.
7. Жаңа сабақ.
Венг сөзжұмбағы.
а |
н |
у |
т |
ғ |
л |
е |
Туған ел.
Дәптермен жұмыс
Жиырма алтыншы қазан.
Туған ел.
Сәкен Сейфуллин.
8. Оқулықпен жұмыс.
Мұғалім бастап оқу, оқушы жалғастырады.
9. Өз бетімен оқу..3\4 мин.
10. Дауыстап тізбектеп оқу.
Оқушылар туған ел туралы түсіндіреді.
Сұрақ қою арқылы толықтыру.
11. Видео ролик көрсету (табиғат туралы)
12. Оқулықтағы суретпен байланыстыру.
13. Топпен жұмыс
1-топ 2-топ 3-топ
Туған ел туралы Туған елді сипаттау Төрт жол өлең
Шығарма құрастыру
14. Тапқыр болсаң талас жоқ
«Жалғасын тап» ойыны
1. Туған елдей ел болмас
...........................................
2. Ел іші-............................
3. Отан үшін отқа түс............
4. Елі байдың
.......................
5. Отан оттан да ....................
15. Ойлы бала озар
«Сыйқырлы жапырақтар» ойыны
Балалар күзгі жапырақтар қандай болады дедік?
Сарғыш, қызғыш, жасыл
Енді күзгі жапырақтардың тапсырмалары бар.
1-топ 2-топ 3-топ
Менің арманым Табиғат туралы жұмбақ өлеңнің ұйқасын тап
16. Қорытынды
Балалар біз бүгін кімнің өлеңімен таныстық?
- Сәкен Сейфуллиннің «Туған ел» өлеңі – Йя туған ел, туған жер дегенде ойларыңа не түседі?
Туған ел әркімнің атамекені
Туған жер кіндік қаны тамған жер
Туған жер,ел қасиетті
Туған ел,атамекен әр адамның тағдырын құрайды.
17. М.Шахановтың сөзімен аяқтау.
«Өз туған еліңе, жеріңе деген сүйіспеншілігіңді алдымен отбасыңа, ауылдастарыңа арнамай тұрып, барша әлемді сүю мүмкін емес» деген.
18. Кері байланыс
Бүгін не үйрендік?
Не білдік?
19. Бағалау
Топ басшыларын бағалау
Үй тапсырмасын беру
Туған ел өлеңді жаттау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі