Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ынтымақ ауылы
Ынтымақ негізгі жалпы білім беру мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі: Абайльдинова Атлас Кудайбергеновна
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сыныбы:4
Сабақтың мақсаты: қазақ жерінде кездесетін жердің бедерімен, олардың басты сипатымен таныстыру.
Тілдік міндеттер: жер бедері: Шоқы, қырқа, ойпат, қырат, жота, шатқал.
Күтілетін нәтижелер: Қазақстанда қандай жер бедері бар екенін біледі. Картадан жер бедерінің шартты белгілерін ажырата алады. Шоқы, қырқа, ойпат, қырат, жота, шатқал белгілеріне қарап ажырата алады.
Қажетті ресурстар: Қазақстан картасы, интернет көздері, бағалау парақтары, стикер.
Қолданылатын модульдер: «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Талантты және дарынды балаларға білім беру», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту», «Білім берудегі басқару және көшбасшылық».
Стратегиялық іс-әрекеттер: «Аквариум», «Миға шабуыл», «Постер», «Ойлау бутерброды».
Уақыт |
Жұмыс кезеңі |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
|||||||||
2 мин |
І кезең |
Психологиялық ахуал тудыру. Тренинг: «Менің есімім» |
Оқушылар өз есімдерінің мағынасы туралы айтып береді. |
|
|||||||||
3 мин |
Үй тапсырмасын тексеру |
Үй тапсырмасын «Аквариум» ойыны арқылы тексеру. |
«Аквариум» ойыны кезінде балық аулау арқылы сұрақтарға жауап береді. |
Өзара бағалау |
|||||||||
10 мин |
ІІ кезең Білу Жаңа тақырып |
Оқылған тақырып бойынша диалог құрғызып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашқызу. |
Оқушылар «Қазақстанның жер бедері. Оның физикалық картада бейнеленуі» тақырыбы бойынша топтарда диалог құрып, сабақтың тақырыбы мен мақсаты ашылады. |
Өзін-өзі бағалау |
|||||||||
5 мин |
ІІІ кезең Түсіну |
«Миға шабуыл» Каспий маңы ойпаты (ол картада жасыл түске боялған). Орта тұсы картада сарғыш және қоңыр түске боялған. |
Қазақстанның физикалық картасына қарап неге әртүрлі түске боялғанын айтады. |
Өзара бағалау |
|||||||||
10 мин |
ІV кезең Қолдану |
«Қазақстан жер бедері» деген тақырыпқа «постер» құрау. |
«Қазақстан жер бедері» деген тақырыпқа постер жасайды.Постерді карта түрінде құрайды. |
2 жұлдыз, 1 тілек |
|||||||||
3 мин |
Сергіту сәті |
Күн ... сәулесін төгеді ойынын ойнату. |
Оқушылар ортаға шеңбер болып отырып «Күн ... сәулесін төгеді» ойынын ойнайды. |
|
|||||||||
5мин |
V кезең Талдау |
«Ойлау бутерброды» 1-қадам - Санаңызды таза ұстаңыз; - Соңғы рет не істегеніңізді еске түсіріңіз; - Осы жолы не істейтініңізді көз алдыңызға елестетіңіз. |
1-қадам
|
Ынталандыру, шапалақтау |
|||||||||
4 мин |
VІ кезең Жинақтау |
2-қадам - Өзіңіз білетін басқа заттармен; - Өзіңіз жасап отырған басқа заттармен; - Өзіңіз зерделеп отырған басқа заттармен. |
2-қадам Физикалық картадан еліміздің батыстан-шығысқа, солтүстіктен-оңтүстікке қарай қанша километрге созылып жатқынын анықтайды. Мемлекеттік шекараның қиыр шеткі нүктелерін табады. Сызғышпен өлшеп, шыққан сантиметр санын масштаб өлшеміне көбейтіп анықтайды. |
Ынталандыру, шапалақтау |
|||||||||
3 мин |
VІІ кезең Бағалау
Үй тапсырмасы: |
Сабақты қорытындылау. Рефлексия 3-қадам - Не жақсы шықты? - Не қиындық тудырды? - Нені жақсартуға болады? 25-бет сұрақтарға жауап бер. |
Оқушылар рефлексия жасайды.
|
Формативті бағалау |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі