Өлең, жыр, ақындар

Сәкен Сейфуллин «Далада» өлеңі

Запорожье орта мектебі

Омарбекова Тазагуль Абдикамедовна

 

Күні: 27. 11 2015 жыл       Пәні:  әдебиет                        сынып: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Далада» өлеңі
Сабақтың мақсаты:

а) ақынның өмірі, шығармашылығынан жалпы мәлімет бере отырып, өлеңнің тақырыбын, идеясын ашу.
ә)  оқушының ізденімпаздық қасиеттерін дамытып, қалыптастыра отырып, ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Білім, білік дағдыларын арттыру.
б) отансүйгіштікке, сыйластыққа, ең бастысы адамгершілікке баулу.
Сабақтан күтілетін нәтиже: Ақын туралы жаңа мәліметтер алады, өлеңді теориялық жағынан талдауды үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, бүктеме, суреттер, интерактивті тақта, плакат т.б

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, суреттеу, топпен жұмыс.
Сабақтың барысы:  І Ұйымдастыру кезеңі.
- Амандасу.

Оқушыларды түгендеу.

Назарларын сабаққа аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау:

Сәбит Дөнентаевтың «Заман кімдікі?»  өлеңін мәнерлеп оқыту.

Сәйкесін өлең ішінен тауып, анықтаңдар.

1. Заман                                                     а) ебін тапқан шешендікі
2. Абырой, кісілік                                        ә) озғандікі
3. Құр тілек                                                 б) құдай ұрғандікі
4. Бәйге                                                      в) жалқау қара басқырдікі
5. Қырсық шалу                                          г) қасқырдікі                       
6. Жуас қой                                                 ғ) тырнақты мен тістінікі
7. Даулы мал                                              д) ақшанікі

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі сабақта біз «Үш бәйтеректің бірі» Сәкен Сейфуллинмен танысамыз.

Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин (15.10.1894, қазіргі Жезқазған обл., Ақадыр ауд., «Ортау» с-зының Қарашілік қыстағы, — 25.2.1938) — қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушы, жазушы, қоғам қайраткері. (1905-08) Нілдідегі орыс-қазақ мектебінде, (1908-10) Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, (1910-13) қалалық уч-щеде оқыған. 1913-16 ж. Омбыдағы мұғалімдер семинариясының шәкірті. Онда қазақ жастарының «Бірлік» атты ұйымының жұмысына қатысып, патша өкіметінің қысымына қарсы күрес жүргізуге, қазақ халқы арасына оқу-білім тарату ісіне араласады. 1914 ж. Қазанда «Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағын бастырды. Омбы семинариясынан кейін Ақмолаға қайта оралып, 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілісіне тілектес боп өлеңдер жазады. Сілеті-Бұғылы ауылында мектеп ашып, мұғалімдік қызмет атқарады. 1917 ж. Ақпан революциясынан кейін қалаға ауысады. «Асығып тез аттандық», «Кел жігіттер» атты өлеңдер жазып, халықты күреске үндейді. «Жас қазақ» ұйымын құрып, «Тіршілік» атты большевиктік газет шығаруға қатысады. 1917 жылдың 27 желтоқсанында Ақмола Совдепінің президиум мүшелігіне сайланып, ағарту комиссары болып тағайындалды. Осы жылдары «Бақыт жолына» атты тұңғыш пьесасын жазады. Оны «Жас қазақ» мүшелері 1918 ж. 1 мамырда сахнаға қояды. «Жас қазақ марсельезасын» жариялайды. 1918 ж. 4 маусымда Ақмолада контрреволюцияшыл ақтардың бүліншілігі болып, Совдеп басшылары тұтқындалады. Сәкен атаман Анненковтың азап вагонында қиындықтар кешіп, ақыры Омбының тұтқындар лагеріне жіберіледі. Одан 1919 ж. 3 сәуірде қашып шығады. 1920 ж. 7 мамырда Ақмолаға қайта оралады. Атқару комитеті председателінің орынбасары және әкімш. бөлімінің меңгерушісі болады.

1922 ж. ол Орынборда «Асау тұлпар» атты өлеңдер жинағын, «Бақыт жолына», «Қызыл сұңқарлар» пьесаларын бастырады. «Домбыра» (1924), «Экспресс» (1926), «Тұрмыс толқынында» (1928), «Көкшетау» (1929) өлең-поэмалар жинақтарын, «Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи мемуарлық романын, «Жер қазғандар» повесін (екеуі де 1927) жарыққа шығады.

Сәкен лирик ақын есебінде де көрнекті орын алады. Ол туған даланың табиғатын, адамның ішкі сезім күйлерін, адал махаббатты жырлайтын, өмір сүгіштікті уағыздайтын «Аққудың айырылуы», «Лашын әңгімесі», «Ақсақ кмік», «Сыр сандық», «Отарба терезесіне» т. б. Көптеген шығармалар жазды. Ол өмірді, оның әсемдігін сүйді. Аққу, киік-сол әсемдіктің бейнесі. Сәкен- жан-жақты талант иесі. Ол проза, драматургия, әдеби сын, әдебиет зерттеу саласында да көрнекті еңбек етті.

Сәкен қазақ әдебиетінен мектептерге оқулық жасау ісіне де қатысты. Қазақ әдебиетінің тұңғыш көшбасшысы болған, оның идеялық жағынан берік қалыптасуына үлкен еңбек сіңірген. Сәкен әдебиеттің кадрларын даярлауға, ұйымдастыруға да көп күш салды.

Өлеңді талдау: «Далада» өлеңі. 1922ж - «Асау тұлпар» өлеңдер жинағының алғашқы бетіне арнау түрінде жазылған «Далада» өлеңі.
«Далада» өлеңін мәнерлеп оқу, мағынасын ашу.
1. Авторы:  С. Сейфуллин 1894 - 1938 жылдары өмір сүрген ақын, қоғам қайраткері.
2. Тақырыбы: жастарға мақсат, арман - тілектерге жетер жолында аянбай, тынбай күресу
3. Жанр түрі: Лирика (арнау - жарлай арнау)
4. Идеясы: Жастар арқылы еркіндікке, теңдікке қол жеткізуі

5. Әдеби - теориялық ұғымдар
6.Троп - сөзді құбылту
а) теңеу - танаулары шелектей, демі көріктей, оттай көріктей,
ә) эпитет - қиырсыз дала, кең дала, күшті дауыс, қамыс - құрақты көк өзен, аққулы - қазды шалқар көл,
б) синоним - әділдік, теңдік, еркіндік; жүйткіп, зымырап; тулады, орғыды
в) кейіптеу - күңіренді дала.

Ойларын жинақтап кластер құру. С.Сейфуллин кім?
 
Сергіту сәті: Музыкалық әуенмен «Далада» тақырыбына сурет салу.
Ой толғау:
1 — қатарға — өлеңнің мазмұнын қара сөзбен айтып беру.
2 — қатарға — өлеңнің мазмұнына сәйкес сурет салып, сол өлең жолдарын оқып беру.
3 — қатарға — табиғат туралы төрт жол өлең құрастыру.
 

Сабақты қорытындылау:

С. Сейфуллин өмірін хронологиялық кесте бойынша түсіндіру.

Жылдар

1905 ж

1922 ж

1913 ж

1894 ж

1916 ж

1938 ж

Қарашілікте дүниеге келді

           

Нілді орыс-қазақ мектебіне түсті

           

Омбы семинариясына түсті

           

Бұғалы мектебін ашты

           

«Асау тұлпар» өлеңдер жинағын шығарды

           

С.Сейфуллин өмірден өтті.

           

 

Үйге тапсырма: «Далада» өлеңінен үзінді жаттау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз