Өлең, жыр, ақындар

Тілдерді ерте жастан оқытудың жаңа технологияларын пайдалану

«Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі,
Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы әкімдігінің «Колосок» ясли-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Орындаған: Айсина Асылтас Аманбаевна

«Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте» деген Қадыр Мырзалиев атамыздың сөзін қайсы бір ұлт болмасын өз тілін құрметтей отыра басқа тілді білуге міндет екен түсінеміз. Ал оның ішінде өзінің тұрып жатқан мемлекеттік тілді білу міндет. Бұл сөзді қазіргі 50 бәсекелес елдер қатарына кіру, тілдік ортаны дамыту бағытындағы қарқынды жұмыс және қоғамның білімге деген оның ішінде тілге деген сұранысы кезеңде есімізге түсіруіміз қақ.

Ортақ шаңырақ астында ғұмыр кешіп жатқан отандас ұлттардық өзара жақындығы мен тату-тәттілігі бір-бірінің тілін білуге де тікелей  байланысты. Ал тілге деген ынта-ықыластың өмірінің негізі балғын шақты қалатыны аян.  

Айыртау ауданының Саумалкөл селосында «Колосок» ясли-бақшасында мен қазақ тілі пәнінен дәріс беремін. Өз ана тілімді жақсы    білгендіктен, мемлекеттік тілді - ана тілді үйрету менің бастапқы мақсатым. Мен оқытудың жаңа технологиялық әдістерін оқып үйреніп, өз  тәжірбиемде қолданып жүрмін. Қазіргі таңда менің өзекті мәселелерімнің бірі, балаларды қазақ тілін жеделдете оқытып үйрету. Бүгінгі күнде мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ тілін жеделдете үйретудің төте жолы педагогтардың назарын аударуда.

Осыған сәйкес тіл үйретудің бірнеше жолдары пайда болды: тілді тереңдетіп үйрететін балабақшалар, үйірмелер, курстар, әдістеменің  баламалы түрлері, қазақ тілді баланың екі жастан бастап үйрету, аптадағы сабақтың сағаттарын көбейту. Диалог түрінде сөйлеуге үйрету  көбінесе сұрақ-жауап түрінде, рольді ойындар, бала мен оқытушы арасындағы әңгіме, бір тақырыпқа қойылатын нақты мысалдар арқылы  меңгеріледі.

Білімдік кеңістіктің тән компоненті ретінде қостілділік жағдайында баланың тұлғалық мәдениетінің рухани-ұнамдылық, жекелік потенциалын  қалыптастыру - жаңа 2016-2017 оқу жылына біздің балабақшаның алдына қойылған мәселесі. Осы мәселе бойынша біз келесі жылдық  міндеттерді алдымызға қойдық:
- жас кезеңнің сабақтастығы мен отандық және шетелдік педогогиканы негізге ала отырып мектеп жасына дейінгі баланың түйінді құзырлығын тиімді қалыптастыру үшін тұлғалық-бағытты, дамушы білім кеңістігін қамтамассыз ету.

Сәбилер және естиярлар тобында өткізілетін казақ тілі сабақтарының күнтізбек үлгі жоспарын «Біз мектепке барамыз», «Алғашқы қадам», бағдарламаларымен байланыстыра жасап, балалардың шама–шарқына қарай меңгертуге көңіл бөлдім. Бұл орайда негізінен мына төмендегі міндеттерді жүзеге асыруға аса көңіл бөлдім.
       
1. Тіл дамыту (сөздік қорын молайту, түрлі заттардың атын айтқызу).
2. Арнаулы көрнекі құралмен және сөзбен ауызша ойнайтын ойын түрлері мен шарттарын белгілеу.
3. Ерекше дыбысқа қатысты ойын - жаттығулар, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, өлең жинақтары болуы керек.
4. Балаларды мұғалімнің қазақ тілінде айтқан сөздерін, нұсқауларын түсіне білуге үйрету.

Міне, осы мақсаттарды жүзуге асырудың нәтежесінде топтағы балалардың қазақ тілін үйренуге деген құлшынысы мен қызығушылығы
және меңгеруі көңілден шыға бастағаны қуантады.

Сабақ ұйымдастыру жөнінде тоқтағым келеді. Алайда сабақты балабақшаның ішкі жағдайына, балалардың санына, ата-аналардың талап-тілегіне қарай ұйымдастырамын. Мысалы: ересектер тобында күнделікті «Отбасы» тақырыбына қазақ тілі сабағымда отбасы мүшелерінің
жеке және (сюжеттік) мазмұндық суреттерді, балалардың үйінен әкелген отбасы мүшелерінің суреттерін көрнекі құралдар ретінде  пайдаланамын.

Қазақ тіліне үйретуде менің сүйікті әдістерімнің бірі – синестетикалық қабылдау болып табылады. Мысалы, мен күзгі көрініс бейнеленген  суретті аламын да, суретте бейнеленген жөнінде балалармен әңгіме өткіземін, әңгіме жүргізгенде біз сөздермен сөзтіркестеріне көңіл  бөлеміз. Мысалы, «сурет авторы», «күз келді», «жапырақтар түсіп жатыр»,  «сары шөп», «оңтүстікке ұшып бара жатқан құстар» және т.б. Сонымен қатар біз «қасында», «алыста», «бұлтты», «суытты» деген түсініктерді санамызға сіңіреміз және оларды қазақша айтамыз. Суретпен танысып болғанна кейін мен балаларды синестетикалық қабылдаудың келесі кезеңіне  көшіремін де Абайдың «Күз» атты лирикалық  тақпағын мұңлы, сазды әуенмен оқып беремін.
                           
                           Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
                           Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
                           Білмеймін тойғаны ма, тонғаны ма,
                           Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
                           
                           Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
                           Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
                           Қайыршы шал – кемпірдей түсі кетіп,
                           Жапырығынан айрылған ағаш, қурай.
    
Бұл сәтте балалар толқынысқа толы болады да бар ынталарымен сурет бойынша әңгіме құрастырады, көбінесе мен сабақтың басында  көрсеткен репродукциядан көп ерекшеленетін, өздерінің  күздерін  бейнелей отырып бар көңіл–күйлерін қағазға түсіреді. Бұл балалардың  
көргендері мен естігендерін өздері арқылы өткізе отырып, жағымды нәтиже бергенінің дәлелі болып табылады.    

Кейбір сабақтарды ән сабағымен байланыстырамын. «Тіл жеткізбегенді үн жеткізеді», балалар әннің сөздерін тез жаттап алады. Ал кейбіреулерін – математикамен. Мысалы, «Геометриялық пішіндер әлемінде» тақырыбындағы сабақта қазақ тілін үйрете отырып, балалардың  логикалық ойлау қабілетін дамытамын.

Мен балаларға араласқан геометриалық пішіндерді көрсетемін (бірінші жолда: шеңбер, үшбұрыш, шаршы; екінші жолда: шаршы, тіктөртбұрыш, шеңбер; үшінші жолда: тіктөртбұрыш, үшбұрыш).
Біріншіден, балаларға геометриялық пішіндердің атауларын бекітемін.
Содан кейін балалар осы геометриялық пішіндерден ұқсас пішіндерді іздейді және олардың санын атайды (екі үшбұрыш, екі шеңбер, екі  шаршы, екі тіктөртбұрыш).

Қазақ тілінде математикалық ұғымдарды біз балалармен сабақтан тыс уақытта да бекітеміз. Серуенге киініп жатқан балалардан мен қазақша  сұраймын:
-  Балалар, кімнің шарфы ең ұзын? Кімдікі қысқа?
Олар шарфтарын өлшеп, маған жауап береді:
-  Витяның шарфы ең ұзын.
-  Ең қысқа Катяның шарфы.

Біздің балабақшада әр баспалдақ сандармен белгіленіп тұр. Балалар, түсіп және көтеріліп бара жатқанда, сандарды қазақша кему және көбею ретімен санайды.

«Жоғары - төмен», «үлкен - кіші» - түсініктерді біз балалармен далада ағаш арқылы бекітеміз.

«Баланы ойын өсіреді» деген халықтың даналық сөзі тегін айтылмаған. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын да, өсіретін де, әрі тәрбиелейтін де негізгі іс-әрекет ойын. Мен сабақтарда дидактикалық ойындарды көп қолданамын. Мысалы, «Кім көп сөз атайды».
Мақсаты: Өткен сөздерді  бекіту, логикалық ойын дамыту.
Ойынның шарты: мұғалім тақырыпты атайды, ал балалар сол тақырыпқа байланысты сөздерді айтады. Мысалы, «Ойыншықтар». Балалар  
«қуыршақ», «доп», «ұшақ» т.б. ойыншықтарды атайды. «Жабайы аңдар» дегенде – балалар «аю», «піл», «қасқыр» т.б. аңдарды атайды.
«Жыл мезгілдері» дегенде – «күз», «қыс», «көктем», «жаз» деп жыл мезгілдерін атайды.       
Сабақтар қызықты өту үшін дайындық керек. Әр сабақтың нәтижесін көру үшін, өзіме арнайы іс қоймасын аштым.
Балабақша әкімшілігі уақыт талабына сай кең де зәулім жаңа қазақ тілі бөлмесін ашты (киіз үй, ұлттық жиһаз, әсемделген киімдер).
Мен ата–аналармен тығыз жұмыс істеймін. Әрбір өткен жаңа сөздер, ата–аналарға арналған тапсырмалар, үй жұмыстары жазылып, ата-аналарға арналған бұрышқа ілінеді.

Жоғарыда аталған инновациялық технологиялар өткен жылы маған келесі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкүндік берді: балалар комбинатының  тәрбиеленушілерінің 6,5% бағдарламаны игерудің жоғары деңгейін көрсетті, 78,5% - орташа. Аудан орталығындағы мектептердің бастауыш  сынып  ұғалімдері біздің балалар комбинаты түлектерінің мемлекеттік тіл бойынша дайындықтарының жоғары деңгейін атап көрсетеді.
Біздің балабақшада 2015-2016 оқу жылынан бастап «Атадан мұра» шығармашылық топ жұмыс атқарады. Мен осы шығармашылық тобының басшысы болып отырмын. Мектепке дейінгі жастағы балаларды мәдениет және Қазақстан халқының жөн- жоралығына, халықтың өнеріне, ұлттық ойындары шығармашылық дамуының мәселесімен жұмыс істейміз. Бірлескен біздің ата-аналар, балалар тобымыздың жұмыстары нәтижеде, Республикалық аймақтық «Ханталапай»байқауында 1 орын алдық және «Лутший фотокалаж» наминациясында 2 орынға ие болдық.

«Мұғалім өзінің үздіксіз білімін көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденісті қойысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деп бекер
айтылмаған.

«Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға» деген Ұлы Абайдың сөзімен баяндамамды аяқтаймын.  


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар