ШҚО, Үржар ауданы, Елтай ауылы
«Қабдығали Игенбайұлы атындағы орта мектеп- бақшасы» КММ-нің
Жоғарғы санатты технология пәнінің мұғалімі: Аюбаев Маулшарип Бөпебайұлы
Сабақтың тақырыбы: Шеберлерге кәсіп болған қолөнер
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ұлттық өнерді құрметтеуіне, үйренуіне, кәсіп ретінде дамытуына бағыт–бағдар беру.
Көрнекілігі: «Ұлы бар үйде қуат бар, қызы бар үйде шуақ бар». «Шеберді кәсібі асырайды». «Шебердің қолы ортақ» т.б ұлағатты сөздер. Бейнелі слайдтар.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Ұлттық өнеріміз зергерлік өнер, ағаш шеберлігі, тері өңдеу сияқты көнеден келе жатқан қолөнеріміз жайлы айтылар әңгімені аз уақытқа сыйғызу мүмкін болмас. Дегенменде осы тақырыпта біраз мағұлымат бере кеткен жөн болар.
Зергерлік — жалпы адамзатты, оның ішінде жас жеткіншектерді сұлулық пен әсемдікке құштарлыққа, талғампаздық пен тазалыққа тәрбиелейтін өнер. Өйткені зергердің қолынан шыққан бұйымдардың бәрі - сәндік, әсемдік заттары. Бұл зергерлік заттарды, әсіресе күміс ер, күміс жүген, өмілдірік, құйысқан, тартпа айылбасы, үзеңгі, торсық, щаңша секілді тұрмыс - салт әбзелдері мен қазақи киім үлгілерінен көптеп кездестіреміз. Мысалы, зер шапан, оқалы камзол, кестелі кимешек, металл шытыралармен безендірілген кісе белбеу. Қыз ұзатып, келін түсіргенде кигізетін бас киімдерге лағыл, жақұт, інжу, маржан, ақық сияқты бағалы асыл тастар, алтын, күміс шытыралар жалатылған сәкәгүлді сәукеле, үкілі, зерлі қасаба, кемер белбеу, қыздар буынатын ширатпалы нәзік белдік т. т.
Сонымен бірге кез келген зергерлік бұйымның халықтық қолданбалы өнердің жемісі, халықтық көркем ойдың көрінісі екенін ұмытуға болмайды. Әшекей бұйымдары арқылы әр халықтың өзіндік сыр - сипаты, өнерге деген көзқарасы, ұлттық тағылымы мен қоршаған ортаға деген ұғым - түсінігі білініп тұратынын ескеруіміз керек. Осы тұрғыдан алып қарағанда, қазақ зергерлік өнерінің де өзіндік ерекшеліктері бар. Бір шүкіршілік ететініміз, салыстырып, талдап қарай келгенде, қазақ зергерлік өнерінің дүниежүзілік деңгейден ешқандай да төмен емес екендігін байқаймыз.Бабалардың зерігерлік өнерін жалғастыра отырып, жас шеберлер өз туындыларымен сайысқа түспекші. Біздің оқушылардың жасаған алуан түрлі бұйымдары әр түрлі көрмелеріне қатысып, жақсы бағаланып келеді..
Ағаш өңдеу шеберлігіне келетін болсақ, ол ағаштан жасалған бұйымның арнаулы өңдеуден өткізіп кәдеге жарату жолдары.
Дайындалатын заттың бетін тегістеу, оймыштап бедер салу, бояу ағаш бетін қыздырылған металлмен қару, біздің ұшымен қарып өрнек, жазу түсіру, т.б. тәсілдер жатады.
Аталған тәсілдерді көбінесе үй жиһазы (көбіне ыдыс-аяқ түрлерін), саз аспаптарының, үй, ғимараттың ағаш бөлшектерін (ұстын, тіреу, есік, қақпа және т.б.) өңдеуге қолданған. Ол үшін әшекейленетін ағаш бетіне өрнектің нобайын біз тәрізді өткір аспаппен немесе қызған иненің ұшымен батыра сызып алып, әртүрлі мәнерде иілген теміртек (металл) қалыптарды отқа қыздырып, өрнектің бойын қуалай, қарып (күйдіріп) шығады.
Қарағай, самырсын, шырша тәрізді шайырлы ағаштардан жасалған бұйымдардағы ағаштың табиғи өрнегін (текстурасын) айқындай түсу үшін, өңделген бұйымды оттың жалынына шарпытып алса, ағаш талшықтарының шайырлы жерлері сақталып, шайыры жоқ тұстары күйіп, қарақоңыр түске еніп, жолақты табиғи өрнек пайда болады. Ертеректе шеберлер ағаш бұйымдарға ру таңбаларын, адам аттарын, ою-өрнек түрлерін қарып түсірген.
Ағаш бөліктерін қатарластыра қари отырып, сарғыш қоңырдан шымқай қаратүстің арасындағы реңдерді шығарған.
Ағаш өңдеу жабдықтары — ағаш өңдеу жұмыстарында пайдаланылатын қол немесе механикаландырылғанаспаптар. Оған: қоласпаптар — балта, ара, сүргі, қашау, бұрғы т.б.; қосалқы қоласпаптары — ұста балғасы, ағаш балға, қышқаш, бұрауыш, тістеуік, егу т.б.; механикаландыр ылғанаспаптар — электр ара, электр сүргі, электр қашау, электр бұрғы, электр фреза, электрлік және пневматикалық ажарлау аспаптары т.б.; механикаландырылған қосалқыаспаптар — электр және пневматикалық бұрауыш; өлшеу-белгілеуаспаптары — метр, рулетка, сызғыш, кронциркуль, ішкі өлшеуіш, деңгейлік, рейсмус, циркуль т.б. жатады. Жоғары механикаландырылған ағаш өңдеу комбинаттарында, шеберханаларда: ірі дөңгелек ағаштар мен бөренелерді тақтай етіп тілетін ағаш тілгіш рамалар; тақтайларды ені және қалыңд. бойынша қысаң білте тәрізді тақтайшаларға келтіретін дөңгелек аралар; сызықтыэлементтер жасайтын таспалы аралар; ағаш сүргілеу станоктары; ағаш фрезалау станоктары т.б. қолданылады.
Ал ендігі кезекте өнердің тағы бір түрі тері өңдеуге тоқтала кетейін. Тері-адам баласының өмірінде, тұрмысында қажетті шикізаттың бірі. Теріден, былғарыдан ыдыс- аяқтар мен аспаптар, белдік, кісе, қорамсақ пен әр түрлі киімдер,қамыт-сайман, кілем–кілемшелер, сандықтар жасалынады. Қазақ қол өнерінің өсу жолы,өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады.Қазақ халқы-кең байтақ респулика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы
Мал терісін илеудің ел арасына кең тарағанекі түрі бар: Біріншісі: ағаш күбіге немесе басқа кең ағаш ыдысқа айранның сары суына, ашылған іркетке ұн, кебек тұз салып ашытады да, теріні соған салады.
Екіншісі: тері бетіне ұн, тұз араластырылған іркіт жағу арқылы орындалатын. Мұны иі жағып илеу деп атайды. Мал терілерін өңдеу тәсілдерінде көптеген өзгешеліктер бар. Ол өзгешеліктер қай түліктің терісінен қандай бұйым жасайтынына байланысты. Қазақ халықының тұрмысындағы тері өңдеу өнерінің дамулығынының маңыздылығы Қазақстандағы қазақтардың төрт түлік малды тіршілігінде тірек еткен ата бабаларымыз, әсіресе мал, аң терісінің маңызын, қасиетін, өмірге тұрмысқа қажеттілігін ерте түсініп, жоғары бағалауынан бұрын - соңды арнайы зерттеуінен туындап отыр.
Сабақты жалғастыру үшін кезекті жүргізушілерге беремін:
1-жүргізуші:Армысыздар құрметті көрермен,
Бабалардан мұра болған қолөнер
Зергерлік, ағаш, тері өңдеген,
Шеберлерге кәсіп болған бұл өнер!
Ағаш өңдеу, жиhаз жасау өнерін,
Меңгерген мен шеберлерге сенемін.
Осы өнерді серік еткен жанына,
«Өнерлі» топ сайысады өрендер!
2-жүргізуші: «Зергер» топ жасаған әсем бұйым,
Таратар баршаңызға әсем сыйын.
Өнерің үстем болсын «Зергерлер»
Өзара серіктесіп болған ұйым.
Теріден жасайды екен бұйым түрлі,
«Шебер тобы» келіпті терең сырлы.
Топтарды шақырамыз ортамызға
Жігіттер бір сыры бар, сегіз қырлы!
1-жүргізуші: Сонымен «Өнерлі», «Зергер» , «Шебер» атты үш топты құрметпен ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші: Олай болса осы топтар сайысына баға беретін әділ–қазылар алқасымен таныстырамыз (осы өнерге, жалпы өнер түрлеріне жақын адамдардан мүшелер сайланады)
1-жүргізуші: Топ сайысының жоспарымен таныстырып өтейін
1. Топ таныстырулары
2. Әр топтың бірігіп дайындаған ұлттық және заманауи үлгідегі өнер туындыларын қорғауы
3. «Жігітке жеті өнер де аз» өнер көрсету сайысы (театрланған көрініс немесе қойылымдар)
4. Спорттық сайыс (қол күресі)
5. Сұрақ жауап сайысы (тақырыпқа сай слайд түрінде алдын–ала дайындалған жасырылған сұрақтар)
6. Марапаттау
2-жүргізуші: Кезекті әр топтың таныстыруларына береміз
«Өнерлі» тобының таныстыруы
«Өнерлі» атты тобымыз,
Өнер тамған қолымыз.
Жиhаз жасап ағаштан,
Кәсіпте болды жолымыз!
Кәсібіміз тамаша,
Дизайн жасап жаңаша,
Жиhаз жасап береміз,
Көз тоймайтын қараса!
«Зергер» тобының таныстыруы
«Зергер» кәсібін меңгерген,
Еңбегімен ерлеген!
Шыдамды әрі төзімді,
Бізге кім бар тең келген!
Әсемдікті сүйетін,
Безендіре білетін,
«Зергер» тобы алдыңда ,
Көрсетіп өнер беретін!
«Шебер» тобының таныстыруы
«Шебер» тобым аталған,
Бабалардан бата алған
Тері өңдеу болып кәсібі,
Осы өнерден от алған!
Топ көрсетер өнерін,
Өнерімізге сенеміз.
Дөңгелетіп кәсіпті,
Өркендеп біз келеміз!
1-жүргізуші: Келесі кезекті әр топтың екі үлгідегі алдын ала дайындалған (ұлттық және заманауи) қолөнер туындыларын қорғауына береміз. Мысылы: теріден торсық және сөмке, ағаштан кебеже мен шкаф, көне әшекей бұйымдар мен заманауи әшекейлерін жасау.
2-жүргізуші: Жігітке аз болады жеті өнерде,
Бейім ғой бұл жігіттер бар өнерге.
Өнерін тамашала әрбір топтың,
Көрсетер өнері бар кең көлемде!
Олай болса келесі кезек өнер сайысына беріледі.
1-жүргізуші: Күш атасын танымас
Деген сөз бар халықта.
Күш сынасар жігіттер,
Сайысудан жалықпа!
Ендігі кезек спорттық сайысқа беріледі
2-жүргізуші: Білімді әрі саналы,
Ашылды білім қамалы.
Өнер, білім үйреніп,
Өмірден орын табадыІ
Сонымен білім сайысына да кезек келді
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар осымен сайысымызды аяқтай отырып әділ-қазылар алқасына кезек береміз. Әділ-қазылардың шешімімен әр топ марапатталады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі